«Тастағы қынаның құпиясы» Бағыты: биология Орындаған: Касаров Дарын



бет3/5
Дата07.10.2024
өлшемі331 Kb.
#147015
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қынаның тасқа бітуі

Қынаның тасқа бітуі
«Өлі» анорганикалық дүниеден «тірі» ағзаның қалай пайда болатынын әзірге ғылым теория жүзінде бұлдыр болжаммен айтса да, нақты тәжірибе жүзінде жүзінде көрсете алған жоқ. «Үш анықта» Шәкәрім атамыз осы күнгі ғылым сан-саққа жүгіртіп шеше алмай отырған қынаның тасқа бітуі туралы былай дейді: «Тас пен құм сүйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр? Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа, су жылылығы сияқты себептер қосылып, қына шығарып отыр» [4, 100].
Ашып айтсақ, қынаның тасқа бітуі ерекше жолмен жүреді. Қынаның кез-келген тасқа шыға бермейтіні де белгілі, ол тасты таңдайды. Қалайша десеңіз, ең алдымен, түсіндіруді тастан бастайық. Басында айтылғандай, тас өзіне суды сіңіреді. Тастың құрамындағы элементтер куб тәрізді байланыс құрды делік. Кубтың іші бос, оны толтыру керек. Сол кезде оған жаңбыр мен жер асты суларынан көзге көрінбейтін бірнеше су молекуласы бос ұяшықтарға орналасады. Осылай тастың бос орындары сумен толады. Ендеше қынаға қажетті судың бір бөлігі тастың өзінен алынатыны белгілі болды. Шәкәрім атамыз айтып отырған тас пен қына арасындағы топырақ сияқты жабыстырғыш заттың түзілуін және оның түзілуіне ауа мен судың қатысын түсіндіре кетейік.
«Топырақ сияқты» деп отырған затымыз ауадағы тотықтырғыш оттегімен түзілген тастың беткі бөлігіне жақын орналасқан сілтілік металдардың (Na, Mg, K, Ca) оксидтері болып табылады [5]. Ал, осы сілтілік металл оксидтерінен алынатын металл иондар қына үшін көбейіп, тұқым шашуына мүмкіндік береді. Осылайша биологияның қына түзілуі туралы бүтін бір іргелі саласын тудырып, бас қатырып отырған күллі әлем ғалымдарының сұрағына Шәкәрім атамыздың азат ақыл, еркін оймен үш ауыз сөзбен сөзбен жауап қайырып отырғаны таңдай қақтырады.
Ғалымдар қынаның басқа өсімдіктерден айырмашылығын анықтаған. Яғни ол жалғыз емес, бірге өсіп-өнетін екі өсімдіктен - саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Балдырлар қоректік заттарды ауадан алады, ал саңырауқұлақтар су мен минералдық заттарды, тау жыныстарын өзі бөліп тұратын қышқылдармен еріту арқылы алады. Міне, сондықтан да қына жалаңаш таста да өсіп-өне береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет