2 Криминалистикадағы сандық фотография. Сандық бейненің мөлшері Мозайка техникасы бәрімізге белгілі, онда сурет немесе өрнек бір-біріне тығыз орналасқан түрлі түсті шыны бұліктерінен немесе тастардан құралатыны белгілі. Сандық бейнені түсінуде мозайка өнері көрнекі мысал бола алады, онда күшкентай бұлшектерден бүтін бір бейне жасалады да осы дайындалған бейнеге назар аударғанымызда оның майда бұлшектерін елемейміз, бізге бір бүтін дүнейдей әсер қалдырады.
Сол сияқты сандық бейне де осы мозайка тәріздес көптеген түрлі түсті бірдей мөлшердегі бұлшектерден—пикселден тұрады.
Пиксель – бұл сандық бейненің әлементарлы бөлшегі. Әкран мониторында немесе сандық фотокамераның дисплейінде көріп отырған бейне, бізді қоршаған атом тәріздес пикселден тұрады,
- "Пиксель" (pixel) – сөзі ағылшының "picture element" сөзінің қысқартылыған түрі.
- Пикселден құралған бейне расторлы деп аталады.
Сандық бейне екі түрде бұлінеді. Олар:
- Расторлық бейне;
- Векторлық бейне болып бұлінеді.
Векторлық бейне математикалық формуламен анықталатын қисықтарды құрайды. Олар жазуларды, логотиптерді немесе суреттерді бейнелеуде жақсы рол атқарады. Олардың белгілі бір пикселдік мөлшері болмайды және бейнені кез келген мөлшерге дейін үлкейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге векторлық бейне суретті бейнелеуге сәйкес келмейді.
Сандық суреттің мүмкіндігі немесе сандық бейненің мөлшері туралы сөз болғанда онда, бейнедігі пикселдің ұзындық пен биіктіктегіндегі сандық мөлшері атылады. Сондықтан, бейнедегі пиксель саны көп болған сайын принтерде басылатын немесе мониторда бейнеленген бейненің мөшері мен сапасы жоғары болады.
Сондықтан, сандық суретке түсірілген нысаның бейнесін компьютерлік өңдеуге ыңғайлы және оның көптеген көшірмесін түрлі тасылмалдаушыларға: компакт-дискіге, термоқағазға, жазба қағазына көшіруге мүмкіндік береді. Соңғы үлгідегі баспа құралдарының көмегімен бейнеленген нысанның бейнесінің түсін және олардың жоғарғы шешу мүмкіндігін береді. Сандық суретке түсірілген бейненің сапасы фотографиялық материалдардың сапасымен салыстыруға болады. Сонымен бірге, сандық суреттердің бейнесінің әлектрондық түрін ұзақ мерзімге сақтауға болады. Ал, егер автоматтандырылған іздеу жүйесі болған жағдайда оны көптеген дискүлі мұражай үшінен еш қиындықсыз, көп уақытты жоғалтпай ақ іздеп табуға болады. Осындай тәсілдің көмегімен колДәріслар үлгілерін, фотографиялық картотекаларды, және басқа да криминалистикалық маңызы бар есептер қорын сақтауға мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге, бейнені компьютердің көмегімен жақсартуға және өзгертуге мүмкіндіктер береді. Суреттің сапасын фильтрлеу арқылы, оны ақындауға және нашар көрінген аумақтарды жақсартуға болады. Суреттің ашықтығын, контрастылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдер, бейнені анық көруге кей жағдайларда көзге көрінбейтін аймақтарын анықтауға болады. Күнделікті қолданып жүрген фотосуретте көзге көрінбейтін жарық арқылы бейненің ашықтығын туырлау қиындыққа әкеледі, бұл кезде фотографиялық объектив нысан бейнесін көрінетін аумағынан басқа аумақта бейнелейді, қашықтықты, сонмен қатар суретке түсірілген нысанның бейнесін бақылауға мүмкіндік бермейді. Сандық құралдардың көбісі сектүрдің көрінбейтін аумағындағы жарық сәулесіне өте сезімтал келеді. Оның үшінде инфрақызыл сәуле жарығына жақын орналасқан сәулерлерге сезімтал. Осы сәулелер аумағында түсірілген бейнелерді әкран мониторында көзбен бақылауға болады. Сандық фотографияның процесі сандық бейнені алу, оны өзгерту және қатты ның көшірмелерін алуда тұрады. Ол үшін арнайы фотографиялық құралдар ойлап табылған. Оның қатарына садық мәліметтерді (бейнелерді) енгізу, алу құралдарынан және оларды сақтау қондырғыларынан тұады. Суретке түсірілген бейнені өзгерту арнай программалық құралдың—графикалық редактордың көмегімен жүзеге асырылады. Бұрын соңды криминалистикалық әдебиеттерде қарастырылмаған соңғы үлгідегі технологиялар көмегімен нысанның бейнесін алу технологиясы, осы күнге белгілі криминалистикалық сурет әдістерін қолдануды доғармайды, қайта оны одан әрі жетілдіреді.
Криминалистикалық фотографияның бізге белгілі бейнелеу және зерттеу әдістерінен тұрады. Біріншісі әдісте, арнайы құралдардың көмегінсіз карапайым көзге көрінетін нысандарды бекіту жатады. Ал, екінші әдісте—нысанның қарапайым жағдай жәй көзге көрінбейтін бұлшектерін, түрлі түсті ерекшеліктерін сипаттау жатады. Сарапшы-криминалстке бұл екі әдістің де маңыздылғы зор. Бейнелеу әдісінің көмегімен криминалистикалық зерттеу нысанының жалпы түрін, репродукциялық, стереоскопиялық бейнесін алуға мүмкіндік береді. Көзге көрінбейтін жарық сәулесінің көмегімен және микросурет тәсіліндегі зерттеу әдісінің көмегімен нысанның түрлі түсті еркешелігі, контрастылығы бейнеленеді.
Сандық суретке түсірілген бейнемен жұмыс жасауда бейнені өңдеудің жаңа мүмкіндіктері пайда болады. Фотографиялық зерттеулерді қысқа мерзімде жүргізілге, нәтижесінде арнайы фотоматериалдар мен оларды өңдеу тәсілдерің таңдау қажеттілігі туындамайды. Сонымен бірге, сандық фотоаппартарға арнайы қосымша аксесуарлардың жоқтығынан кейбір арнайы криминалистикалық суретке түсіру тәсілдері барысында оларды қолдану мүмкіндігінен айырады.
Сандық камера (digital camera)—сандық енгізу (digital input device) құралдарына жатады және суретке түсіру насының жартылай түсті немесе түрлі түсті бейнесін арналған құрал. Күнделікті қоланыстағы фотографиядан арйырмашылығы сандық фотографияда жарыққа сезімтал пленканың ролін сызықтық немесе матрица ПЗС (прибор с зарядной связью) зарядтық байланыс құралы – атқарады.