1. Криминалистік іздерді зерттеудің ғылыми негіздері, міндеті және ұғымы туралы түсінік. Қылмыс оқиғасы әр түрлі адамдардың әрекеттестігі және жүйенің дүние тақырыптарының нәтижесінде қылмыстық іздердің қорытындысы құралады.
Криминалистикада іздерді ұғу яғни түсіну “КЕҢ және ТАР” мағынада қабыл етеді. Ол бір жердегі жағдайдың өзгеруіне байланысты, қылмыскердің пайда болып әрекет жасау нәтижесінде және әр түрлі ұғымда қамтылады. Бұл қылмыскердің қалдырып кеткен бұйымы, иіс қалған, зақым келтүріп бұлдіру нәтижесінде заттың өзгеруі.
Іздің “ТАР” мағынадағы түсінігі – ол елестету белгісі, нышаны арқылы бір объектіні екіншіге қою.
Сыртқы белгінің түсінігі - сыртқы пішін, өлшем, мөлшер.
Оларға мыналар жатады:
қолдағы бармақ іздері;
аяқ киім іздері;
бұзу құралдарының іздері.
Іздерді бейнелеуге екі жақтың әрекеттестігінің арқасында болған зат іздері және т.б. іздер жатады.
Қылмыстың іздері ол әр түрлі объектілерден пайда болуы және қылмыстың қандай жағдайда болуы.
Заттардың қылмыстық іздері болып саналатын олар сусымалы материалдар және қылмыскердің оқиға болатын жерде қалған қан, сілекей іздері.
Криминалистика оқу іздерін анықтау криминалистика-техника саласы деп анықталады, механизм іздері бойынша басталуы және методика жолымен жиналған нұсқаулар қылмысты алдын-ала тоқтатады.
Қылмыс іздері екі бөлімге бөлінеді:
1) тар мағынада айтылатын іздер;
2) іздерді теңдестүру.
Криминалистикалық теңдестүру бойынша барлық заттар ұқсас болады, сол себептен олар құрамына байланысты оқиға бойынша, тергеуге керектігі іздері бойынша информация алуға болады.
Екінші жағдай бойынша диалектикалық барлық объектілер байланысты. Сол себептен бейнелеу арқылы іздер пайда болады. Сондықтан дүние материалдық объектілері шағылу, қабыл алу қасиетіне ие болады.
Үшінші жағдайлар бойынша объектілердің біршама тұрақтылығы сыртқы пішінді немесе жағдайын белгілі бір мерзімге дейін сақтап тұру.
Осындай оьъектілік мерзімдерін ұқсастыру, іздер объектілері тергеу амалдары барысында алынған бейнелеу, кейіптеу хабарлары.
а) Криминалистикадағы іздерді топтастыру және құру механизмі.
Егер із болса, онда із құрайтын объект болу керек. Ол объект басқалармен қарым қатынаста болу керек.
Сондықтан із құрауда 2 объект қатысады:
із құрайтын объект, яғни із қалдыратын;
із қабылдайтын объект, яғни із қалатын.
Қаралатын іздер былай болып топтастырылады, із құрайтын объектінің түріне қарап, механизмі мен із құрайтын жағдайға тағы басқалар: Із құрайтын объектінің түріне қарап – ол бармақтың ізі, аяқтың, бұзу құралы және аспаптары, транспорт құралының, тағы сол сияқты іздер.
Механизміне қарап – статистикалық және динамикалық іздер.
Статистикалық іздер мынадай жағдайда табылады, егер із құрайтын объектілер біршама із қабылдайтын объектіге тікелей әсер етеді.
Динамикалық іздер объектілердің жоғарғы бетінің түйісіі қиылысының арқасында, із құрайтын мезгіл пайда болады.
Күштер қабылдағыш объектіге екі бағытта ықпыл жасайды тік бұрыш жасайтын сызық және бұрыш асты (под углом) тайғанаған іздер, сығылған, басқалар.
Ықпал жасау төңірегінде локалдық және перифериялық іздер болып бөлінеді.
Локалдық - іздер объектілердің беттерінің түйісуінен пайда болады.
Перифериялық - іздер объектілердің беттерінің түйісуінен пайда болады.
б) Іздерді алу, белгілеу, қарап шығу және табу туралы жалпы ереже.
Табылған іздер оқиға болған жермен байланысты, жеке заттар және басқа объектілер мынадай тергеу амалдарын жүргізу барысында яғни оқиға болған жерді қарап шығу, куәландыру осыған байланысты тергеу амалдарын жүргізген кезде заңдылықты сақтау және техника құралдарын қолдану қажет.
Іздерді тапқан жерде екі тактикалық талапты сақтау қажет:
а) толық қарап шығу;
б) іздерді табу Үшін бағытталған әдіс тәсілді қолдану.
Қылмыс болған жерді қарап, іздерді шығады деген жерден іздеу керек, оқиға болған жерді байқағанда тиісті нәтиже бермесе басқа әдістерді қолдану керек:
а) қылмыс оқиғасына байланысты іздерді іздеп алу қажет;
б) теңестүруге жарайтын іздерді алу керек;
в) объектілерде із құрайтын белгілерді табу керек;
г) іздің пайда болған механизмдерін анықтау керек.
Іздерді белгілеудің процессуалдық және техникалық екі түрлі айырмашылығы бар.
Процессуалдық тәсіл-тергеу амалдарын жүргізу хаттамасы;
Техникалық тәсіл –суретке түсіру, іздердің қалыбын дайындау.
Іздерді (елестету) бейнелеу, кейіптеу.
а) қол із таңбасының маңызы.
Қылмыскер қылмыс жасағанда қандай да болсын із таңба қалдырады, қандай да болсын оның қулығы барлық із-таңбаларды жоя алмайды.
Қылмыскер адамның із таңбалары оның жүрген жол бойында табылуы мүмкін. қылмыс жасаған адам затты өстау, кӨтеру мақсатында қолымен өстайды. қылмыскердің із таңбасы өрлаған кезде өстаған заттарда қалады.
Қылмыс болған жерден табылған із таңбалар қылмысты тергеу-зерттеу үшін өте бағалы дәлелдеме бола алады. Олар қылмыскерді табу, қылмысты ашу, әшкерелеу жөнінде көптеген мүмкіндіктер туғызады. Бұл із – таңбалар дактилоскопиялық экспертиза жүргізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Практика, осы алдын ала жүргізілген жұмыс дұрыс орындалғанда бір қатар із бойынша эксперттің қорытындысын көрсетеді. Практикада дактилоскопиялық экспертиза жүргізілген істің мөлшерін шағын екенін көрсетеді. Қылмыс болған жерде табылған із-таңбалар анық көзге түспейтін болса бұларды дактилоскопиялық экспертизаға жіберіліп көп мүмкіншіліктердің беті ашылады.
Алайда із-таңбасы табылған жерде өңдеп түсіру, қол саусақтардың із табын сақтау. Дактилоскопиялық экспертизаның басқа түрлерімен салыстырғанда ең қалыптасқан әксперза болып табылады.
Дактилоскопия анықталып, тексеріліп саусақтардың өрнегінің үш негізгі қасиеттеріне негізделеді:
Адамның қолындағы тері өрнектерінің өзгертілмеуі;
Тері өрнегінің адамға тәндігі;
қол саусақ терісінің өрнектерін нақтылы жүктеу.
Бұл ғылымға сәйкес барлық өрнектер негізгі 3 топқа бөлінеді:
Доғал;
Ілмек;
Иір.
Бұл топтардың әрқайсының орналасуы дельта тармақтарының аралықтарындағы бұрыштардың түрімен ажыратылады.
Қол саусақтарының із-таңбаларын табу, түсіріп, түркеп алу.
Қол саусақтарының іздерін, әсіресе түссіз іздерін табу, түсіру, тіркеп алу ісінің төмендегідей өзінің арнаулы сипаттары болады. Басқаша іздерді тауып алудан өзгеше қол саусақтарының із-табын табу, қол саусақтары із-табының өз сипатынан туатын зор қиыншылықтарға қосарланады.
Қол саусақтарының із-таптарын түсіріп алып тіркеу белгілі техникалық бұлімді, техникалық дағдыны керек етеді, мұнысыз папиляр сызықтарын, олардың өрнектерін, қылмыс жасаған жерде табылған күйінде саусақ із таптарын жеке өзіне тән белгілерін сақтау мүмкін емес.
Қол саусақтарының із-таптары іздің түсу механизміне қарай статистикалық және динамикалық, із-түсетін зат күйінде қарай үстүрт және батқан, із-түсірген кездегі қол саусақтарының күйіне қарай көрінетін (боялған) және сол көрінетін (түссіз) із-таптары болады.
Өзгеріссіз қалған қол саусақ іздері өздері үстүрті із – таптар болып қалады. Қол саусақтарымен із қалатын объетінің күйіне қарай үстүрт іздері қатпар іздер және қабыршақ іздер, ал саусақтардың бояуына қарай бұлар көрінетін және аз көрінетін іздер болып бөлінеді, ал ешбір-алдын ала бояусыз пор арқылы бөлініп шығатын без майының заттары есебінен түссіз іздер құрылады.
Жұмсақ зат үстінде қалған іздер басылған (кейде бұларды көлемді іздер деп те атайды) іздер делінеді. Бұл саусақ іздерінің ұсақ бөлімдерін ғана сақтап қоймайды, оның үстіне бұларды азды-көпті ұзақ уақыт бойы сақтай алады.
Мұндай заттар: жаңа терезе замаскасы жұмсартылған пластилин, қаймақ майы және басқалар. Жоғарыда аталған барлық із түрлерінің үшінен барынша жиі кездесетін әрі зерттеуді ең жақсы нәтиже беретін саусақтармен алақандар түссіз термайы таңбалары болады.
Бұған мынадай жағдай мүмкіндік тудырады біріншіден қылмыс жасаған адам өзі қалдырған адам өзі қалдырған саусақ із-таптарын арқашан ескере бермейді, сондықтан оны жоюға шара қолданбайды. Екіншіден термай іздері өрнектермен олардың жеке бөлшектерінің барынша айқын суретін бере алады. Алайда дактилоскопиялық зерттеу үшін қабыршақ іздерін және қол саусақтарының басылған іздері де толық жарай береді.
Динамикалық іздер яғни қол саусақтары немесе із түсетін объект сырғығанда қалған іздер зерттеуге онша жарамды болмайды. Бұл жағдайларда қолдың жмсақ әластикалық ткані іздің тегіс жолағын түсіреді, мұнда ұсақ іздердің жеке нүктелері түспей қалады. Лаборатория жағдайларында қандай да болсын алдын-ала өңделмей-ақ саусақ таңбалары зерттеледі.
Саусақтардың терімай іздерін проявление жасау, бекіту және түсіріп алу үшін криминалистикалық әдебиетте көптеген техникалық әдістері қолданылады, бірақ бұлардың ең тиімділері мыналар:
а) кәдімгі және көлбеу жарықта масштабпен фотоға түсіру;
б) кейіннен бұларды із көшіру пленкасына түсіріп отырып табылған іздерді ұнтақ сеуіп өңдеу;
в) иод буымен булау;
г) көлемді іздерден (басылған) слепка (көшірме бейнесін) әзірлеу.
Осы тәсілдердің әрқайсысына жеке-жеке толығырақ тоқтап өтейік.