«КҮЙЗЕЛІСТЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ»
Мақсаты: оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуға қалыптастыру
Күйзелістен арылу «рецебі»:
Не нәрсеге болса да қарапайым көзбен, салқын қандылықпен қарау! Бар жан-тәніңізбен күліңіз және сіздің осы өмірге келгеніңізге, сіздің бар екендігіңізге, кім болғаныңызға, өміріңізде бар нәрсеге Ғаламның қатысы бар екендігіне ризашылығыңызды білдіріңіз. Жарық дүниеден алғысыңызды аямаңыз!
«Күлімдеу» жаттығуы
Күлімдеу – керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады
Айнаның алдына тұрып, омыртқаңызды тік ұстаңыз, иықтарыңызды жазыңыз, басыңызды паңдана, тәккәпәрлықпен жоғары көтеріңіз. Өзіңізге-өзіңіз нұр сәулелі күлімдеңіз, қастарыңызды көтеріп, тап осы күйде 5 минут тұрыңыз.
Жасанды түрде жақсы көңіл күй жасай отырып, бетіңіздің бұлшық еттеріне ықпал ете, сіз өзіңіздің жан дүниеңіздің күйіне тікелей әсер етесіз.
Ұйқыдан соң сіздің бейсанаңыз ашық болады, сондықтан да бұл тәсілді таңертеңгілік жасаған дұрыс. Сонда таңертеңнен кешке дейін тамаша көңіл-күйде боласыз!
«Күлімдеу кезіндегі бұлшық еттердің жайылуынан» мұрын айналасындағы үшбұрышта эндорфин деген күлімдеу гармоны бөлінеді екен. Жақсы көңіл-күйдің себебі міне осында болып тұр.
Педагог- психолог: Күмісбекова М
Достарыңызбен бөлісу: |