Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет114/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Антропологиялық тұғыр– адамды оның әлеммен жан-жақты байланыстарында және тіршілік әрекеті көріністерінің алуан түрлілігінде қарастыруға мүмкіндік беретін бірін-бірі өзара толықтыратын компоненттер жиынтығы, ол өмір сүрудің күнделікті формасында, оның ішінде білім беруде нақты адамзат қоғамында педагог-оқытушы-тәрбиешіні абстрактілі емес, деректі оқушыны, студентті тәрбиелеуге бағдарлайды.


Гуманистік бағыт тұғыры– педагогтың тәрбиеленушіге өз да-муына жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қарым-қатынасы, оның тәрбие үдерісінде адамгершілік қарым-қатынас негі-зінде тұлғамен және ұжыммен өзара әрекеттесу стратегиясы.
Диалогтылық тұғыр – бір мезгілде қоғамдық мүдделер мен тұл-ғалық-құндылықты мақсаттарды іске асыруын сақтай отырып, басқару тәжірибесін қалыптастыру, міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік менеджментке қабілеттерін дамытуды қалыптастыру үшін балалардың түрлі, оның ішінде педагогтер ұйымдастырған бір-лестіктерінің мүмкіншіліктерін қолдануды көздейді.
Мәденисәйкестілік тұғыр–тәрбие мәдениеттің жалпыадамзат-тық құндылықтарына негізделініп, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс. Мәдениет-тану тұрғысынан - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани-мәдени дәстүрлер ұлттық сананың, танымның негізі болып табылады.
Үздіксіздік тұғыр – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезе-ңінде жан-жақты дамыту, оның кәсіби және жалпымәдени өсуін, шы-ғармашылық әлеуетін байыту, күші мен қабілеттерін толық іске асыру мүмкіндіктерін арттыру.
Табиғисәйкестілік тұғыр– табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік үдерістердің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшелік-терін ескеру.
Тұтастық тұғыр - оқу және оқудан тыс қызметтердің кірікті-рілуімен қамтамасыз етіледі: оқу әрекеті қазақстандық сәйкестіліктің когнитивті құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс әрекетке эмоционалды-құндылықты мінез-құлық компоненті дамиды.
Этнопедагогикалық тұғыр – азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол жеткізу, этникалық мәдениеттердің бірігу негізінде жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал ететін мәдениетжасаушы ортаны қалыптастыру.
Тәрбиеніңәдіснамалық негізі мәдениеттану, аксиологиялық, өр-кениеттік, жүйелілік, тұлғалық, тұлғаға ықпал ету, тұтастық, әлеумет-тік, іс – әрекеттік, этнопедагогикалық т.б. тұғырлары тұрғысынан қа-растырылып, тұлғаның танымын, санасын, шығармашылық дамуын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.
Тәрбиенің әдіснамасы дегеніміз - тәрбиенің тарихилығының ай-қындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс-тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен теориялық тұрғыда енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез – құлқында көрініс табуы. Тұлғаның қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі, ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне кірік-тірілуі, тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды, ұлттық сананы, танымын қалыптастыру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет