Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тәрбиенің негізгі тұғырлары



бет113/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   226
2.4. Тәрбиенің негізгі тұғырлары.Тәрбие көп факторлы, күрде-лілігі оның сан-алуан болуымен қарастырылады. Мектепте тәрбие тұл-ғаның іс - әрекет, қарым – қатынасы арқылы, барлығы интеграциялы түрде іске асады. Тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие жүйесінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын, ұстанымдарын, пайдаланатын құралдарын тығыз байланыста жүргізуді қажет етеді.
А.Маслоудың тұжырымдауын негізге алатын болсақ тұлғаның өзін негізгі құндылық тұрғысынан қарастырыла отырып, тұлға бойын-дағы құндылықтарды қоғам және әлеуметтік орта арқылы қатынас-тарда қалыптастыру болып табылады. Расында да, өмірдің құндылықтары қоғам мен әлеуметтік ортаның мақсаты мен міндеттері, мемлекеттік экономикалық даму үдерісі арқылы іске асады. Тұлғаның құндылық-тары атадан берілген тек арқылы дамитыны, қоғам мен әлеуметтік ор-таның даму мен сұранысынан туындайтыны белгілі. Қоғам өркениет-тік деңгейде дамыған сайын тәрбие үдерісіне қойылар талап та өзіндік ерекшелігімен өрнектеледі.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың келесі әдіснамалық тұғырларын ұсынады:


Өркениеттіліктұрғысынан алатын болсақ, еліміздің әлемдік дең-гейде білім кеңістігіне кіріктірілуі тәрбие үдерісіне де жаңашыл көзқа-растармен қарауды талап етіп отыр. Ұлттық және әлемдік құндылық-тарды кіріктіре отырып, әлемдік деңгейде талап етілетін құндылықтар-ды тұлғаның бойына сіңіруімізбен қатар, қоғамда әлемдік деңгейде көзқарастарды қалыптастыру. Қазақ елі көп ұлттың басын біріктіріп отырған демократияшыл және өркениетті елдер тұрғысынан мәдение-ті, рухани - адамгершілік құндылықтар жағынан әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын елдер қатарынан табылуы өркениеттіліктің басты шарты де бағаланады.
Тұлғалық-бағдарлы тұғыр – өзара байланысты түсініктер, идея-лар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру үдерісіне қолдау көрсету, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық ықпал тұрғысынан - әр тұлғаға оның жас ерекше-лігімен қоса мінез-құлқы, өзінің туа біткен темпераментіне, психоло-гиялық жаратылысына байланысты әрекет ете отырып, оның бойын-дағы рухани адамгершілік құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
Аксиологиялық тұғыр – адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен анықталатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Құндылық-тар жүйесі негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы дала елінің мәң-гілік ел идеясы негізінде тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.
Ата-баба дәстүрінен бастау алатын ұлттық мәдениет, руха-нилық адам бойындағы негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. Рухани - адамгершілік құндылықтар халқымыздың бойындағы құнды-лықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған рухани–адамгершілік құндылықтар тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді қалыптас-тырады.
Қызметтік тұғыр – тұлғаның өз қызметімен бірлігі, ол тұл-ғаның құрылымдарына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасауды жүзеге асырады.
Құзыреттілік тұғыр – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушылар-да құзыреттіліктерді қалыптастыруда және олардың табысты әлеумет-тенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығы.
Әлеуметтік тұғыр – тұлға мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік ақиқаттың өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.Әлеуметтік тұрғыда ықпал ету тұғыры - әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеумет-тендіру үдерісі, әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыруға бағытталады. Қоғам мен әлеуметтік ортаның дамуы мен сұранысынан тәрбие жүйесінде тұлға-ның қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуіне т.б. мүмкіндік жасалады.
Іс - әрекеттік тұғыр негізінен қарастыратын болсақ, тұлғаның тәрбиелік қасиеті оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез - құлқы арқылы іске асатынын басшылыққа ала отырып, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталады.
Жүйелілік тұғырынысанды оны құрайтын бөліктердің жиын-тығына жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі түрде қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерар-хиялық байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтау-ды, сыртқы байланыстарды талдауы қажет. Жүйелілік тұғыртәрбиенің мақсаты, міндетіне сәйкес, мазмұнын жүйелі құра білу, жүйелі, бірізді, сабақтастықта берілуі оқушының санасы мен танымына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет