Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тұлға тәрбиелігінің диагностикасы



бет138/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   226
5.4.Тұлға тәрбиелігінің диагностикасы.Диагностика (грек
сөзі – диа – айқын және гнозис - білім) зерттелініп отырған обьекті немесе үдеріс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы әдісі. Мысалы, әлемдік тәжірибеден адамның тұлғалық дамуын анықтау үшін арнайы жасалған тесттер (өлшемдер) қолданылады. Ол дамудың жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қа-лай орындауына байланысты жан-жақты дамудың нақты өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Сонан кейін алынған мәліметтер тұлғаның жалпы дамуының жас ерекшелік мүм-кіндіктерімен салыстырылады. Мысалы, оқушының дене күшіне се-німділігін арттыру үшін әдетте денсаулығы жайын кешенді түрде тек-серу, антропометрикалық, әлеуметтік және психикалық мәліметтерді жинау пайдаланылады. Алайда, ол арнаулы жабдықталған клиникалар мен лабороториялардың, арнайы даярланған қызметкерлерінің болуын талап етеді.
Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері үшін басты мақсат –оқу-шылар ұжымын зерттеу, олардың ақыл-ойын, мінез-құлықтың өзгеру себептерін, талаптану деңгейін, белсенділігін, тұлғааралық қа-тынастарын, әлеуметтік мінез-құлқының және басқа да маңызды сапа-ларының дамуын білу болып табылады. Бұл жағдайда тұлғаның қажет-ті сапаларын зерттеп білудің барынша кең тараған түрі - тестімен жұ-мыс жүргізу. Тәрбие ісі қарама-қайшы және ұзақ үдеріс екені белгілі.
Тәрбиелік үдеріс нәтижелері деп тұлғаның немесе ұжымның қол жеткен тәрбиелік деңгейін айтамыз. Оның жоспарланған іске сәйкес болуы немесе одан ерекшеленуі мүмкін.
Ұжымның тәрбиелік деңгейін анықтауға диагностика көмек-теседі. Диагностикалық зерттеудің мәліметтері тәрбиеленушілердің бастапқы сипаттамаларымен салыстырылады, бастапқы және ақтық нәтижелер арасындағы айырмашылық тәрбие үдерісінің тиімділігін ай-қындайды.
Тәрбиелілік қалай айқындалады? Тәрбиенің қол жеткізетін нә-тижелерін айқындау үшін тәрбиелік өлшемі пайдаланылады.Тәрбие-лілік өлшем - ұжымның немесе тұлғаның түрлі сапаларының қалыптасу деңгейінің теориялық тұрғыдан жасалған көрсеткіштері. Әдетте олар, атаулар шкаласы деп реттелінеді. Егер тәрбиелік сапаның қалып-тасу дәрежесіне шартты сандық баға алынатын болса, онда оқу ісінде қол жеткізген табыстар тестін жүргізу кезінде жасалатындай, тәрбие-лілік деңгейін сандармен көрсету арқылы салыстыру есебін жүргізуге болады.
Осы күнге дейін педагогикада тұлғаның немесе ұжымның бар-лық сапасын қамтитын тәрбиелік өлшемін жасау тың мәселе ретінде қалып отыр.
Тәрбиеліліктің көптеген өлшемдерінің ішінен екі топты, маз-мұндық және бағалау деп бөліп алуға болады. Біріншісі зерттелінетін сапаның көрсеткіштерін бөліп алумен, екіншісі - (диагностика жасала-тын) анықталатын сапаның қарқынды тепе-тең көрінісін жазып алу мүмкіндігімен байланысты.
Соңғы нәтижелердің диагностикасы – тұлғаның немесе ұжым-ның тәрбиелілік деңгейі үшін тағы да жалпы өлшемдерді, жекелеген қасиеттерді, белгілерді және сапаларды айқындаумен байланысты ара-лық нәтижелерді талдау үшін жекелік өлшемдері.
Біріншісі мақсатты айқындауға арналып жазылған талаптарды, екіншісі – тәрбиелік үдерістің нақты міндеттерін көрсетеді. Бағытты-лығы, әдісі және өлшемді қолдану орны жөнінен тәрбиелілік шартты тұрде екі топқа бөлінеді:
- тәрбие нәтижелерінің сыртқы пішінінде - пікірлесуде, баға-лауда, мінез-құлықтарда, тұлғаның әрекеттерінде көрінумен байла-нысты;

  • тәрбиешінің көзінен тыс құбылыстармен – дәлелдермен, се-німдермен, жоспарлармен, бағалармен байланысты болады.

Оқушылардың тәрбиелілік дәрежесін аныктау, олардың білімі мен мінез-құлқының біздің демократиялық құқылық қоғамда қабыл-данған негізгі өлшемдерге сәйкес келетінін, не келмейтінін айқындау болып табылады.
Оқушылардың тәрбиелілігінің басты өлшемі – олардың іс-әре-кеттері. Оқушылардың тәрбиелілігі күн сайын және сағат сайын тек-серіліп отырылуы тиіс. Тәрбиеленушінің кез келген қылығы, оның мінез-құлқы, үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынасы, оның тәрбиелілік деңгейін сипаттайды.
Оқушының тәрбиелілік деңгейін дұрыс бағалау - оның өмірінің түрлі жағдайларындағы әлеуметтік қарым-қатынастартарындағы мі-нез-құлқына әділ баға беру болып табылады.
Педагог оқушыларды зерттеуге кіріскенде нені зерттейтінін, не нәрсеге көңіл бөлу керектігін өзі айқын біліп алуы керек. Оқушының тұлғалық қыры неғұрлым кең және жан-жақты зерттелетін болса, со-ғұрлым оған дұрыс жол табуды қамтамасыз ету жеңіл болады.
Оқушыларды зерттеудің үлгі бағдарламасы:
- оқушы туралы жалпы мәлімет, аты-жөні, туған жылы, айы, күні;
- жалпы даму деңгейі (жоғары, орта, төмен);
-әлеуметтік- адамгершілік келбеті, еріктілік, еркіндік негізінде атқаратын жеке-топтық жұмысы;
-жеке басының негізгі белгілері;
Тәрбиелілік деңгейді бағалауға пайдаланылатын диагностика-ның кейбір тәжірибелік әдістерінің мазмұнын ашып көрейік (тәрбие-ленушілердің мінез-құлық қалыптары жөніндегі пікірлері, түсініктері, баға беруі, өзін қызықтыратын басқа да мәселелердің көрінісін баға-лаудың өлшемдері мен ережелері туралы түсініктері зерттелінеді).
Тәжірибеде бәрінен гөрі “Адамға адамгершілік неге керек?” жә-не т.б. сұрақтар пайдалынылады. Оларға берілген жауаптар түрлі са-паларды тәрбиешіге және тәрбиеленушінің өз қасиеттерін жақсы тал-дауға және оларды санада сақтауға көмектеседі.
Бағаланған пікірді айқындау үшін оқушыларға “Менің заман-дасым маған несімен өнегелі?”, “Қайырымдылық және оны мен қалай түсінемін?” т.б. тақырыптарға шығарма жаздыртуды кеңінен қолдану-ға болады Бұндай жұмыстар оқушылардың көзқарасын, күмәндәрін, толқуын және ой-пікірлерін көрсетуімен құнды. Басқа әдістердің де, соның ішінде оқушының ішкі көзқарасын анықтауға көмектесетін со-циометриялық әдістердің диагностикалық мәні зор. Диагностикалық әдістердің кешені ғана оқушылардың бойында қажетті тұлғалық сапа-ларының қалыптасуы туралы түсінікті дұрыс құруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың тәрбиелілігінің негізіне Л.С.Выготскийдің бала-ның жас ерекшелігі мен жеке бас қасиеттерінің дамуы туралы негізгі ұстанымын басшылыққа алуға болады. Бұл ұстаным бойынша, оқу-шылардың тәрбиелік деңгейін анықтауда баланың әр жас кезеңіндегі орталық психологиялық жаңа құрылымының, яғни өзіндік санасының қалыптасуын ескеруді керек етеді. Оқушылардың өзара қарым-қаты-насы олардың тәрбиелік деңгейін анықтауда басты рөл атқарады деп түйіндейді.
Оқушының тәрбиелік деңгейі жас ерекшелігіне, меңгерілген бі-лім, білік, іскерлік дағдыларына лайықты әлеуметтік және әдептілік-адамгершілік қарым-қатынастағы жеке басының мінез-құлық көріні-сімен анықталады. Олай болса, тәрбиелік өлшемнің көрсеткіші әр сыныпта өзгеріп отыратындықтан, педагогикалық тұрғыдан субьек-тивтік баға беріледі.
М.И.Шилова тәрбиелік жүйеде тұлғаны диагностикалауда негіз-гі сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы, әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін - өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б. алынады.
Диагностика - объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйе-ге талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып, нәтижесін айқындау. Педагогикалықдиагностика тұлғаның даму үдерісін зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез - құлқын, іс - әрекетін, тұлғаралық қарым - қатынастарына талдау жасау. Тәрбие диагностикасыдегеніміз тұлғаның білімдік жә-не тәрбиелік деңгейлерінің сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып, өсу деңгейлерін айқындайды.
Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның әлеумет-тенуін,тәжірибесін,зиялылық және туа біткен қасиеттерін негізге аламыз. Әлеуметтенуі - дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары, еңбекке қатынасы, ұйымдастырушылығы, қоғамдық белсенділігі; тәжірибелік - ғылымилық, шеберлік, зиялылық - қа-былдауы, ақылы, есте сақтауы, ерік - жігері, туа біткен қасиеттер - жүйке жүйесі, мінезі, бейімділік қасиеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет