Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Отбасындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру



бет147/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

6.4.Отбасындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы. Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жобалауда, жоспарлауда жә-не оларды құруда ата - аналармен ынтымақтастықта жұмыс атқару негізгі орын алады. Қоғамның сұранысына сәйкес «оқушы - мұғалім - ата-ана» өзара бірлестікте, сабақтастықта, жүйелі тұрде жұмыс жоспа-рын құру арқылы іс -әрекеттерді ұйымдастыру арқылы тәрбиенің алдына қойылған мақсат, міндеттері, негізгі қағидалары орындалады. Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда мектептік ата - аналар комитеті, сыныптағы ата -аналар комитетінің идеялары бас-шылыққа алынады. Мектептерде тәрбие жұмысын жетіл-діруде ата - аналардың ықпалын ерекше атауға болады. Себебі, тәрбие жұмысын жобалауда, жоспарлауда ата - ана өз балаларының білімді, білікті, шығармашыл, интеллектуалды тұлға болып қалыптасуын бі-ріншіорынға қояды.
Мектеп басшылары, мұғалімдері мен сынып жетекшілері, әлеу-меттік педагог, психолог т.б. оқушылармен және оның ата-аналарымен педагогикалық дәріс, ғылыми-практикалық конференция, ата-аналар жиналысын, треннинг, диспут т.б. жұмыстардың түрлерін бірлесе жүргізеді.
Педагогикалық дәрістің мақсаты - ата-аналардың назарын бүгінгі отбасы мәселелеріне аудару. Мұндай дәрістер ата-аналарға тәрбие теориясынан жүйелі білім береді.
Балалармен жаппай педагогикалық оқуды 1-2 сыныптардан бас-таған жөн, оның себебі мектептегі оқу әрекетімен қаруландырудың негіздері осы кезеңде басталады. Оны мектеп директоры, оқу және тәр-бие ісінің меңгерушілері, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар жүргізеді. Мектептегі бірнеше қатар сыныптарды бі-ріктіріп өткізуге болады.
Көптеген мектептерде Педагогикалық білім университеттері ата – аналармен күрделі жұмыс формаларын ұйымдастырады. Тәрбие теориясынан дәрістер оқылып, семинар сабақтар жүргізіледі.
Ата-аналарды мектеп өмірінің түрлі қырын түсіну үшін бала тәрбиесі жөніндегі жылдық қорытынды конференцияларға қатысты-ру ұйымдастырылады. Онда отбасында шешімін таппай келе жатқан мәселелер қаралады. Ең маңызды тақырыптың бірі – отбасында бала-ны еңбекке тәрбиелеу, т.б.
Мектеп есігінің ашық күндері тоқсанның соңына қарай өткізіле-ді. Оған мектеп арнайы салтанатты түрде дайындалады.
Оны өткізу бағдарламасы:
Акт залында ата-аналарға арналған концерт 30 минут шама-сында, І-XІ сынып белсенді оқушыларының қатысуымен жүргізіледі. Мектептегі ең жақсы сынып және үздік оқитын жеке оқу-шылардың аттары аталады.
Әр сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі. Оқушылар ата-аналарға қандай жетістіктерге жеткені туралы айтып, өздері жаса-ған сувенирлерін тапсырады.
Түрлі тақырыпқа арналған, оқушылар қолымен жасалған көрме-ні аралап, ондағы оқушылардың қолымен жасалған дүниелерді көреді.
Спорттық жарыс ұйымдастырылып, марапаттау сыйлықтары тапсырылады.
Ата-аналар оқушылармен көркемсуретті фильмдер көреді.
Мектепте ата-аналарға арналып өткізілетін конференция тақы-рыптары әр түрлі болуы мүмкін.
Сынып ата-аналарының жиналыстары – ата-аналармен жүргі-зілетін дәстүрлі жұмыстың бір түрі. Жиналыс нақты мәселені шешуге бағытталуы тиіс. Мысалы, «Бала алдындағы қиындықтарды жою не-месе оны шешу баланы тәрбиелеуге көмектесе ме? Қаралатын мәселе ата-аналардың қызығушылығын арттырып, оларға ой тастауы керек.
Жеке ата-аналармен жұмыс жүргізу: отбасымен танысу, олар-ға педагогикалық тапсырмалар беру. Ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық кеңес жүргізу. Консультация ба-рысында мынаны ескеру керек: ата-аналардың бала тәрбиесіне ынталы болуын қолдау, отбасына педагогикалық көмек көрсетуге даяр болу, нақты сұрақтарға ұсыныстар беру.
Сынып жетекшісі ата-аналардың педагогикалық әдептілікті мек-теп оқушыларының бойына сіңіруде педагогикалық оқуды дұрыс және ғылыми түрде жүйелі ұйымдастырудың маңызы зор. Осымен байла-нысты жоғары сынып оқушыларына ата-аналық міндет пен құқықты арнайы курс ретінде оқыту арқылы олардың педагогикалық сауатты-лығын арттыруға, сөйтіп оқушылардың бойына мейірімділік, қайы-рымдылық, ізеттілік, келешек ата-аналық жауапкершілік сезімдерін күн ілгері ұялатуға болады.
Сынып жетекшісі отбасымен педагогикалық және психология-лық тұрғыдан байланыс орнатуы тиіс.
Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің ата-анамен байланыс орнатудағы басты қадамы ата-ананың беделін көтеретін іс-шараларды белгілеу. Ешқашан сынып жетекшісі ата-анаға сын ескерт-пе жасап, өзін онан жоғары ұстауына жол бермеуі керек. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы түсіністік байланыс қана біріне-бі-рінің арасындағы сенімін, құрметін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Ең бастысы сынып жетекшісі мен ата-ананың түсіністік қарым-қатынасы оқушыны жауапкершілікке, қойылған талапты орындауға, азаматтық борышын өтеуге дайындайды.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндігіне сенім арту, педагогикалық мәдениетін көтеруге және тәрбие ісіне белсенді арала-суына қолдау көрсету. Ата-ана психологиялық тұрғыдан бала тәрбие-леу талаптарын орындауға үнемі дайын болуын есте ұстауы қажет.
Үшінші ереже. Отбасының ішкі өміріне араласпау. Сынып же-текшісі ресми адам болғандықтан, отбасының ішкі дүниесінен хабар-дар болуы мүмкін. Кәсіби білікті сынып жетекшісі үнемі от басында пайда болған мәселені шешуге көмекке келуі тиіс. Оның мейірімділігі мен жақсылығы жүректен шығуы тиіс.
Төртінші ереже. Отбасында баланың жағымды жақтарын бала тәрбиесіне негіз етіп, оны жетістікке қол жеткізуге тәрбиелеу. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу күрделі болғанымен де, кездесетін қайшы-лықтарды шеше білу және педагогикалық жағдаяттардың шешімін дұрыс таба білу өте маңызды.
Мұғалімнің отбасымен байланыс орнатуы ең маңызды мәселе. Осыған орай, мұғалім отбасы мүшелерімен танысқаны жөн. Ерекше назар аударатын мәселенің бірі - ата-аналалардың үнемі жұмыста болуы. Сондықтан мұғалімнің кез келген уақытта ескертусіз ата-ана-ның үйіне келуі түрлі ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Сол себепті мұғалімді ата-ана өз уақытының ыңғайына қарай отбасына шақыруы тиіс. Мұғалім отбасына келетін уақытын алдын ала белгілеп, оқушы-ның жетістігі мен кемшілігін педагогикалық тұрғыдан дұрыс көрсетіп, психологиялық жағынан шебер жеткізе білуі тиіс. Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен де ата-ана сынып жетекшісінің айтқан пікірін өз баласының жағымды қырларын және бала тәрбие-сінде жіберілген кемшіліктерін мұқият қабылдайды. Пікірлесу бары-сында кейбір отбасылардың жағымды тәжірибесінен хабардар болады.
Ата-аналармен байланыс орнатудың тағы бір түрі, оларға – педагогикалық тапсырма жүктеу. Мектеп үйірмелерін жүргізу, ме-кен – жай аумағында клубтар ұйымдастыру, спорттық секция жүргізу, техникалық үйірмеге қатысу, түрлі көмек көрсету т.б. жұмыстарға да араласа алады.
Мектептің материалдық базасын нығайтуға, шаруашылық жұ-мыстарын жүргізуге көмектесу, кабинеттерді жабдықтауға, мектептің айналасын көгалдандыруға, т.б. істерге көмектеседі. Әр ата-ананың мектепке қандай көмек көрсете алатынын сауалнама арқылы анық-тауға болады.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет