Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет155/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

1) оқытудың ғылымилығы. Оқытудың басты мақсаты – білім беру. Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді;
2) оқытудың тәрбиелілігі. Оқу үдерісінде оқушылардың білім алуымен қатар, олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалып-тасып, ақыл–ойы дамиды;
3) оқытудың көрнекілігі. Көрнекілік – білудің, танудың, ұғынудың басты құралы;
4) оқудағы саналылық мен белсенділік – оқушылардың оқуға ықыласпен, шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана білуі;
5) оқытудағы жүйелілік пен сабақтастық. Оқу материалы оқушылардың жас ерешеліктеріне, дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір–бірімен сабақтас, бірте – бірте күрделендіру принципімен құры-лады. Бұл принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін, оқушы-лардың тиісті іс–әрекеттерін айқындайды;
6) оқытудың түсініктілігі. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне, ұғынуына лайықты болуы тиіс;
7) оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі – оқу үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып, же-тілдіруі;
8) жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым–қаты-нас. Жеке адамдардыңөздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дер-бес қарымқатынас жүргізуді талап етеді.
Дидактикалық принциптер оқу–тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.


7.4. Дидактиканың негізгі категориялары.Категориялар – (грекше kategoria – түйіп айту). Философияда – шындық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін, мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар олар адам ой-лайының жалпы заңдылықтарын білдіреді.
Оқыту – тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәти-жесінде белгілі білімдер, іскерліктер, дағдылар тәжірибені және өз мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет