Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет206/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   226
Оқыту теориясы – оқыту үдерісінің заңдары мен заңдылықтарын зерттейтiн, оқытудың мақсатын, міндеттері мен мазмұнын ашып көрсететiн, оқытуды ұйымдастыру формаларын және әдiстерiн, қағидаларын сипаттайтын педагогиканың құрамдасбөлiгi. Педагогика ғылымында оқыту теориясы «дидактика» ұғымының синонимi ретiнде қолданылады.
Әдiс кең мағынада тұлға әрекетiнiң түрлі формадағы тәсiлдер жиынтығы, бiр нәрсеге жетудiң жолы деп анықталады. Кез келген ғылыми әдiс оның қажеттi алғышарты ретiнде қатысатын, белгiлi бiр теория негiзiнде зерттеледi. Әдiстiң негiзгi қызметi – iс-әрекеттi реттеу және бағдарлау. Әдіс – мақсатқа қол жеткізу тәсілдері.
Оқыту әдiстерi - педагогикалық үдеріске қатысушылардың білімді меңгеруге бағытталған бiрлескен әрекеттерiн ұйымдастырудың тәсiлдер жүйесі. Оқыту әдістері сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, бақылау және өзіндік бақылау әдістеріне жіктелген.
Әдiстеме ұғымы нақты бір іс-әрекетті орындау үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы деп түсіндіріледі. Әдістеме бір істі атқарудағы әдiстер мен тәсiлдердiң кешенiн пайдалану тәртiбiн бiлдiредi.
Оқыту әдiстемесi – пәндi оқытудың ғылыми дәлелденген әдiстер, ережелер, тәсiлдер жүйесi және оқыту теориясын қолдану құралы болып табылады. Мысалы, «интеграл» ұғымын қалыптастыру әдiстемесi математикалық ұғымдарды қалыптастыру теориясының та-лаптарын және «интеграл» ұғымының өзiндiк ерекшелiгiн ескере оты-рып, жете зерттеледi. Сондықтан әдiстемелердiң мақсаты теориялық ережелердi нақты құбылыстар тұрғысына қарай алмастырумен анықталады. Әр педагог оқыту теориясын және оқытудың әдіс-тәсілдер кешенін әртүрлі пайдалануына байланысты, әрқайсысының оқыту әдістемелері әртүрлі сипатта болады.
Оқыту технологиясы – оқыту үдерісінің диагностикалы қойыл-ған мақсаттарына қол жеткізу құралдары, алдын-ала жоспарланған оқыту үдерісінің практикалық түрде жүйелiлiк пен бiрiздiлiк негізінде іске асырылуы. Оқыту технологиялары оқыту үдерісінің байланыстарын реттеуге, оның барлық кезеңдері мен өт-кізілу шарттарын оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкестен-діруге бағытталған.
Сонымен, жоғарыда қарастырылып отырған ұғымдарды тұжы-рымдайтын болсақ, И.Г.Саранцевтiң пiкiрiнше,оқыту теориясы пәнгеоқытудың әдiстемелiк жүйесiн басқару заңдылықтарын ашып бередi, әдiстемеоны қолдануды қарастырады, ал технологиябұл жүйенiң моделін жүзеге асыру тәсiлдерiн жете зерттейдi. Осы тұрғыда техно-логиялардың рөлi оқыту мақсаттарын диагностикалауға және оқыту шарттарын айқындауға (әдiстер, формалар, құралдар, тәуелдiлiктер), яғни белгiленген мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретін үдерісті жобалауға саяды. Сондықтан технология теория мен әдiстемелерге негізделеді, олардың даму деңгейiне қарай тиімділігі анықталады. Кез-келген оқы-ту технологиясының негiзгi мақсаты соңғы күтілетін нәтиженi анықтау және оның табыстылығын бақылау болып табылады.
Педагогика ғылымында және білім беру ұйымдары тәжірибесінде педагогикалық технологиялар ұғымы жиі қолданылады. В.П. Беспальконың пікірінше педагогикалық технология - белгіленген бiлiм беру мақсаттарын табысты жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тәрбие мен оқыту үдерісін жаңарудың теориялық тұрғыдан негiзделген құралдар мен әдiстер жиынтығы.
В.М. Монаховтың пайымдауынша педагогикалық технология – мұғалiм мен оқушы үшiн жағымды жағдайды қамтамасыз ететiн оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру және өткiзуде барлық бөлшегiне дейiн ойластырылған бiрлескен педагогикалық iс-әрекет үлгiсi. Педагогикалық мiндеттерiн түсiндiре отырып, педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекшi қағида – оқушының бiлiмдi меңгеруге iштей дәлелденген, қалыптасқан өзiндiк белсендiлiгi, қызығушылығы мен iскерлiгi, бiлiктiлiгi болуы керек.
Г.К.Селевконың негіздеуінше,педагогикалық технология – көздеген мақсаттарға қол жеткізетін, уақыты мен кеңістік тұрғысынан бағдарламаланған, ғылыми негізде құрылған педагогикалық үрдістің барлық компоненттерінің әрекет ету жүйесі.
Педагогикалық технологияларға алуан тұрғыдан берiлген анықтамаларды талдау нәтижесi көрсеткендей, олардың көпшiлiгiнiң жалпылама түрде берiлгенiн, педагог әрекетiнiң салыстырмалы түрде кейбiр жақтары ғана ашылатынын, бала тұлғасын тұтастай қалыптастыру мәселесi толығымен қарастырылмайтыны байқалуда.
Педагогикалық технологиялар әрбiр баланың даму үдерісін алдын-ала байқауға және болжауға бағытталуы тиiс. Диагностика нәтижесi бойынша педагогикалық үдерістің әрбiр бөлiгiнде дамыту үрдістері жобаланады. Сондықтан керi байланыс мәліметтерін алу және оларды зерттеу - диагностика мен болжауды байланыстыратын үздiксiз үдеріс болып табылады. Бұл үдеріс ғылымда мониторинг деп аталады, оны ағылшын тiлiнен аударғанда, «үздiксiз қадағалау» дегендi бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг педагог пен оқушыны педагогикалық үдерісті үздiксiз және ұзақ байқау мен басқару арқылы қажеттi ақпараттармен қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет