Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


кооперация– топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді. конкуренция



бет39/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

кооперация– топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.

  • конкуренция– топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі бірінен озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай етіп ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.

    Педагогикалық үдерісіндебелсенді қарым-қатынас барысында оқушылардың өзара ақпраттармен алмасуларымен қатар олардың өза-ра ынтымақтастық әрекеттеріне бейімделулері маңызды. Сондықтан мұғалімдер оқытудыңбелсенді әдіс-тәсілдер жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
    Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция – сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудың, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі үдеріс. Бұл қа-білет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда жақсы дамы-ған. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып, оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуіэмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия – мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылар-мен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиім-ді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.
    Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін оқушылар-дың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін жақсы меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық үдерісінің екіжақтылық сипаты айқын бай-қалады.

      1. Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қа-рым-қатынастың ерекшеліктері.Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Сонымен қатар мұғалімдердің өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқу-шылардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар санатында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін, қарым-қатынас қызметтерін және сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгерудің маңызы зор.

    Педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып, оның атқаратын қызметтеріне мынандай негізгі (функцияларына) тоқталып өтейік:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   226




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет