Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогтық кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну-болашақ мұғалімнің кәсіби жолын таңдауы мен кәсіби өзін-өзі жетілдіру негізі



бет23/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Педагогтық кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну-болашақ мұғалімнің кәсіби жолын таңдауы мен кәсіби өзін-өзі жетілдіру негізі.Ұлттың интеллектуалық әлеуетін дамытудың іргетасы - білім беру саласы және сапалы даярланған педагог мамандар. Осыған орай педагогикалық парадигмалардың жаңару жағдайында болашақ педагогтарды даярлау саласына көптеген өзгерістер енгізілуде.

Педагог кәсібінің өзінде көптеген мамандықтар пайда болып, кәсіби педагогикалық білім беру саласында болашақ мамандарға дұрыс кәсіби бағыт-бағдар беру мәселесі өзектенуде. Мысалы, әлемдік білім беру кеңістігінде мынандай жаңа мамандықтар пайда болып отыр: коуч, тьютор, тренер, мастер, фасилитатор, модератор, білім берудің онлайн-платформасының координаторы, ментор, майнд-фитнес (жеке когнитивтік қабілеттерді дамытушы), т.б. Қоғамда алуан түрлі мамандықтар бар, бірақ оның бәріне адам қабілеті сай келе бермейтіндіктен, мамандықты дұрыс таңдай білу –маманның болашаққа деген ең маңызды қадамы.
Студенттің мұғалімдік кәсіпті дұрыс таңдауы және болашақ мамандығының әлеуметтік маңызын түсінуі – кәсіби жетістікке жетудің алғышарты. Болашақ кәсіпті таңдау – адам өміріндегі ең күрделі шешімдердің бірі. Адамның өзіне ұнайтын, өмір бойы айналысатын кәсібін дұрыс таңдай білуі үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды қадам. Дұрыс таңдалған кәсіп адам өмірінің мәнін, табыстылығын анықтайды. Кәсіпті таңдауда адам өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін, ерік-жігерін, бейімділіктерін, икемділігін ескеруі керек. Кәсіптік қабілеттіліктерді дамыту ешқашан да кеш болмайды, тек дер кезінде адам өзінің кәсіби қажеттіліктерін, даму бағдарын дұрыс анықтап, соған қол жеткізуді дұрыс жоспарлай білуі керек.
Адам өмірінің маңызды құралдарының бірі еңбек. Еңбек арқылы адам өзінің ішкі әлеуетін іске асырады, отбасының, қоғамның, Отанының дамып өркендеуіне өз үлесін қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс таңдай білу - адамның бақытқа жету жолдарының бірі.
Мамандықты таңдауда адам өзінің күш жігерін, бейімділіктерін бағалап, еңбектің қандай саласында көп пайда келтіре алатынын анықтап және сол бағытта өзінің қабілеттерін дамыту жолдарын іздестіреді.Таңдаған мамандығы арқылы әрбір адам өз бойында қалыпасқан дағдылар, іскерліктер негізінде әлеуметтік ортаға, қоғамдық іс-әрекеттер жүйесіне қатыса алады. Кәсіп әр тұлға үшін өзінің даралығын, қайталанбастығын көрсетуге мүмкіндік беретін, өмірімен үйлесімді өріліп кететін, маңызды іс-әрекет түрі.
Педагогикалық мамандық «адам-адам» жүйесіне қатысты, себебі ол «ұстаз -оқушы» қарым-қатынастық жүйесіне негізделеді. Әр адам үшін ең алдымен осы салалардың қайсысына бейім екенін анықтап алғаны абзал. Қай мамандыққа адамның қабілеттері жеткілікті, қай мамандыққа бейімділігі басым екендігін анықтау үшін психология және педагогика ғылымдарында түрлі диагностикалық әдістемелер мен тестер жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет