Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет78/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогикадағы синергетикалық тұғырдың әлеуетін сипаттаңыз.
2. Педагогикалық жүйелер үшін синергетикалық тұғырды қолдану тетігін негіздеңіз.
3. Инновациялық әрекет кезеңдерін нақтылаңыз.
4. Инновациялық тұғыр туралы әдебиеттерге шолу даярлаңыз.
2.5.Педагогика әдіснамасының мәнін зерделеу бағыттары.Әдіснамалық ізденудің бағытына тән педагогикалық әдіснаманың тек гносеология ғана емес, сонымен қатар, онтологияныңқызметін қатар атқаратын таным кеңістігінің әрекеті жүйесін ерекшелеу, шынды-ғында, нақтыланған болатын. Жекелей алғанда, бұл ғылыми-педаго-гикалық фактілерді сипаттап, педагогикалық нысандардың мәнін аша-тын, олардың бұдан әрі өзгеруі мен дамуының табиғаты мен шарт-тарын түсіндіретін сала ретінде педагогика ғылымының пәнінің аясында қарастырылады.
Белсенді даму үстіндегі педагогика әдіснамасы аясындағы гно-сеологиялық тұғырмен қатар, педагогика ғылымы, оның объектісі мен пәні шегінен тыс өмір сүретін философиялық ережелер жүйесі қарал-ған тағы бір ұстаным анықталды.
Педагогика ғылымын дамыту әдіснамасы ретінде, философия-лық деп аталатын екінші тұғырдың авторлары, түрлі педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді тануға және зерттеуге қолданылатын диа-лектиканың заңдарын, философиялық идеяларын қарастырады. Екінші ұстанымның жақтаушылары педагогика әдіснамасының «бастапқы ережелері мен қағидалары, түсініктердің мәні мен жүйесі, ең алдымен, философиялық тұғырнамамен анықталады және аталмыш ғылыми білім саласының құрамдас бөлігі болып табылмайды» деп тұжырым-дайды. Философиялық талдау педагогикалық талдаумен қатар қолда-ныла алады, бірақ оның орнына қолданылмауға тиіс.
Педагогика әдіснамасын дамыту тарихында кеңес кезеңіндегі педагогика ғылымы мен практиканың өзін дамытуға елеулі ықпал еткен үшінші идеологиялық тұғыр болғанын айтуға болады.
Ғылым әдіснамасы мәселелерін басты назарға алған философтар әдіснаманы жеке ғылым және оның даму құралдарын ғылыми қызмет-тің құрылымы, пішіні мен тәсілдері және үлгісі жөніндегі қағидалар ретінде қарастырады. Осының ықпалымен педагогиканың әдіснамасын түсінуге деген көзқарас біртіндеп өзгеріп, гносеологиялық, филосо-фиялық және педагогикалық тұғырлар барған сайын жиі сынға ұшырай бастады.
Нәтижесінде, төртінші тұғыр – ғылымтанушылық болыпанық-талды, ол әдіснамалық, тарихи және теориялық ілімдерді ажырататын және біріктіретін ғылыми-педагогикалық білімдердің құрылымдарын жаңартып, педагогтардың әдіснамалық зерттеулерінің пәндік өрісі ше-карасын анықтайтын, педагогика әдіснамасын ғылымтану құрылы-мындағы ғылыми білімдердің айрықша саласы ретінде түсіндірумен екрекшеленеді. Бұл тұғырдың ұстанымы бойынша педагогика әдісна-масы өз аясында ғылыми жүйе ретінде педагогика ғылымын дамыту қағидаларының, құралдарының, әдістері мен үлгілерінің ерекшелік-терін, объектісі жүйе ретінде педагогика ғылымы және оның даму үдерісі болып табылатын, табиғаты жағынан ғылыми зерттеудің әдіснамалық рәсімдері мен жеке әдістерін зерттеп, айқындайтын ғы-лыми сала болып табылады.

Қазіргі уақытта педагогика мен психология әлемдік философиялық ойдың жетістіктеріне сүйене отырып, тәжірибе жинақтады, өз заңдылықтары мен қағидаларын негіздеді. Бұның бәрі психологиялық-педагогикалық ізденістердің әдіснамалық негізділігінің бұрынғыдан да күшеюін талап етуде. Әдіснама ғылыми танымның теориялық мәселелерін, зерттеу заңдылықтарын зерделейді. Педагогика мен психология әдіснамасы - осы саладағы теориялардың негіздері мен құрылымдары, зерделенетін құбылыстарға керек тұғырлар, тұлғалық сапаларды қалыптастыру туралы білімдер жүйесі. Зерттеу барысындағы негізгі талаптардың бірі – оның әдіснамалық тұрғыдан толыққандылығы мен жеткіліктілігі, яғни әдіснамалық талдаудың түрлі типтері мен деңгейлерін қолдану.


Әдіснамалық мәселелерді ғалым В.И. Загвязинский шартты түрде 5 топқа бөледі: жалпы әдіснамалық, жалпы ғылымилық, жеке әдіснамалық мәселелер; зерттеудің әдістерін үйрену, бағалау, пайдалану және жетілдіру мәселелері; педагогикадағы тұжырымдамаларды сынауға қатысты мәселелер.
Педагогиканың жалпы әдіснамалық мәселелері М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, В.Е. Гмурман, Т.А. Ильина, Ф.Ф. Королев, В.С. Шубинский және т.б ғалымдар еңбектерінде зерделенді. Тәрбие теориясының әдіснамалық мәселелері Б.П. Битинас, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев және т.б ғалымдар еңбектерінде қарастырылды. Дидактиканың әдіснамалық мәселелері Л.В. Занков, В.В.Краевский, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин және т.б еңбектерінде көрініс тапты.
Сонымен қатар, ғылым әдіснамасы - ғылыми білімнің құрылымын, негіздеу және дамыту әдістерін, ғылыми танымның зерттеу әдістері мен тәсілдерін зерттейтін ғылымның бөлімі.
Педагогика ғылымының әдіснамасының мәні және мәртебесі нақтыланды (4-cурет. Педагогика әдіснамасы).
Педагогика әдіснамасы ғылымның философиясымен, ғылымның әдіснамасымен, ғылымның парадигмасымен тығыз байланыста жүйеленеді. Өйткені педагогика әдіснамасы саласындағы ізденістер ғылым әдіснамасы жетістіктеріне негізделіп жүргізіледі. Педагогикалық құбылыстарды диалектика тұрғысынан зерттеу олардың сапалық ерекшеліктерін анықтауға, басқа әлеуметтік құбылыстар және үдерістермен тығыз байланыста зерделеуге қолайлы жағдай жасайды. Осы уақытта ғылымдардың даму келешегін анықтауда әдіснаманың рөлі барған сайын арта түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет