7.3 Оқытудың эдіснамалық негізі.
Мағжан Жұмабаев өзінің
«Педагогика» атты еңбегінде оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал
жүйесін қүрып, бірқатар «индукция», «дедукция», «талдау», «жинақ-
тау» т.б. сияқты терминдердің мэнін ашып кврсеткен еді.
XX ғасырдың 40-шы жьшдары кеңестік педагогика оқыту тео-
риясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесін алға
қойды. И.Ф. Свадковский оқыту заңдылықтарын тікелей таным үдері-
сінен шығарды. Бүл көзқарасқа қарсылық білдірген М.А.Данилов
«оқытуды тек таным логикасы деп карастыру тенденциясы дұрыс
емес, өйткені оқыту үдерісі өзінің бай мазмүнынан айырылады» - деп
Педагогикада оқыту теориясы мен таным теориясының ара
қатынасын зерттеу мэселесіне өз еңбектерінде назар аударғандар
И.Т.Огородников,
П.Н.Шимбиров,
Р.Г.Лемберг,
И.Н.Казанцев,
М.А.Данилов жэне т.б. Олар оқыту үдерісі мен таным үдерістерінің
ортақтығын (оқыту үдерісі таным элементтерін қамтиды) атай оты-
рып, олардың мэнді ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Философиялық эдебиеттегі таным жэне ғылыми таным теория-
ларындагы келесі кагидагтар басшылыққа алынды: таным теориясы
(немесе гносеология, таным философиясы) - таным табиғаты және
оның мүмкіндіктерін, танымның шынайы және нақтылығын қарас-
тыратын философияның бір бөлімі, гносеология - адамның танымдык
әрекеттерінің жалпыға ортақ сипаттамасын карастырады; танымның
негізгі ұстанымдары: болмыстың жэне ойлаудың тепе-тендігі (дүниені
тану ұстанымдары), таным үдерісінің диалектикасы, қоғамдық тэжі-
рибе - танымның негізгі қорғаушы күші, шынайылық өлшемі, таным
максаты; гносеологияның негізгі бөлімдері: адамның объективті дү-
ниені тануы туралы білім; таным түсінігінің табиғаты: а) үдерістің
классикалык сызбасы: таным нысаны - таным субъектісі; б) таным
үдерісінің ғылыми сызбасы: таным объектісі - таным күралы - таным
субъектісі.
Достарыңызбен бөлісу: