Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет45/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

рефлексиянын интроспе-
ктивті, ретроспективті, проспективті
түрлері ажыратылады.

Ретроспективті рефлексия -
адамның өткен шақтағы іс-эре- 
кеттерінің, тэжірибесінің эдіс-тәсілдерін қайта айқындауы, бағалауы.

Проспективті рефлексия -
болашақта жүргізілетін іс-әре- 
кеттің мүмкін болатын кұралы мен болжамын анықгауы.

Интроспективті рефлексия -
іс-әрекетті жүзеге асыру бары- 
сында ойлау үдерістерін киындату, бақылау және түзету.
Мұғалімнің 
өз тэжірибесін зерттеуі
жэне оны 
рефлексиялауы
Д.Познердің пікірі бойынша 
кәсіби иіеберлікті дамытудың
кілті бо- 
лып есептеледі. Әрине, даму үшін ең алдымен адам өзінің неге кол 
жеткізгенін, бұрынгы өткен тәжірибесін зерттеп, нені дұрыс, нені 
бұрыс істегенін анықтап, алға жаңа максат пен даму міндеттерін коя 
алады. Егер рефлексияның нысаны педагогикалық мэселелер болатын 
болса, онда бұл педагогикалық рефлексия болып табылады. 
Педаго-
67


гикалық рефлексия -
мұғалімнің өз іс-әрекет мазмұны мен құрылы- 
мын жетідціру үшін өз тәжірибесін терендете зерттеп талдауы.
Педагогнкалык рефлексияның психологиялық ерекшеліктерін
А.А.Бизяева жан-жақты зерделей келе оны мұғалімнің өз іс-әрекетін 
жегілдіру үрдісін зертгей алу қабілеті деп анықгап, рефлексияны 
дамыту тэсіпдерін, рефлексиялық практикумдарын ұсынады.
Рефлексияның маңыздылыгын Абайдың қара создерімен үндес- 
тігінен көре аламыз. 
«Егер де есті кісілердің қатарында болгың келсе,
күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір
өзіңнен өзің есеп ал!» -
деген ақын сөздері әр адам үшін өз әрекеттері 
туралы ойланудың, өзін ойша зерттеудің, өзін-өздері бағалаудын ма- 
ңыздылығын түсіндіреді.
Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой 
елегінен өткізіп, болашағына үніліп көрген сәттері болған шығар. Өмі- 
ріндегі кейбір сэтсіздіктердің себебін анықтауға байланысгы ойларға 
терен бойлап, өз мінез-құлқын, көзкарастарын өзгертуге ұмтылу эр 
адамның өмірінде кездесетін жайтгар.
Мұғалімнін педагогикалық рефлексия негіздерін меңгеруі онын 
кэсіби іс-эрекеттерінін мақсат жэне міндеттерімен байланысты өзін-өзі 
дамытуға, өзін-өзі тэрбиелеуге негізделеді. 
«Адам өзін-өзі терең түсін-
генде гана оның ақыл-парасаты кемелдене түсетін болады» -
деп 
Қаюм Насыри ескерткендей педагогикалық шеберлік те адамның ең 
апдымен өзін өзгертуден басталмақ.
Сонымен, рефлексиялық үрдісте сыртқы талаптардың адамның 
өзіне коятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі ба- 
ғалау адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі бағалау қажет- 
тілігі - жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады.
Адамнын ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. 
Кейбір мұғалімдерде мектепті нашар бітірген балалар жогары оқу 
орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс 
көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай 
тұжырым айту, әрине, асыгыстық, себебі ең нашар оқыган оқушылар 
да жеке басын жан-жақты өрістете алады. Жаңашыл-педагог Ш.А. 
Амонашвилидің «балалардан ештеңе шықпайды» дегеніміз оның жар- 
қын болашагын «тірідей жерлегеніміз» деген сөздерін есте сақтаған 
жөн. Адамнын ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмір- 
де өзіне лайыкты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. 
Қоғамда каншама кэсіп түрлері, қаншама өнер түрлері, қаншама еңбек 
пен іс-эрекет түрлері бар болғанымен солардың ішінен өзіне лайықты, 
жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан «та- 
лантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адамдар кездеседі» деген дұ- 
рысырак болар.
Жас маман санасында өз өміріне басқапардың емес, өзінің 
жауапты екенін түсінуі, ар-ұят, намыс, адамгершілік сезімдерінін ба-


сым болуы, өмірлік максатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы 
оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет