Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет168/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

13.4. Оқушылардың өз бетімен білім алуы, ақпараттық,
коммуникативтік қузыреттілігі, функционалдық сауаттылыгы -
олардың белсенді танымдық іс-әрекеттерінің нэтиж есі
Құзі- 
реттілік - білім беру нэтижесі. Әлеуметтік құндылықтар саласындағы 
басымдыктардың ауысуы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, оқу- 
шының білім алуға ұмтылысын оятып, өзіндік бақылау,-өзіндік ба- 
ғалау, өзін өзі тану, өзін дамыту, ішкі ресурстарын толығымен пайда- 
лануға қабілетті тұлғаның калыптасуына қолайлы жағдайлардың ту- 
ғызылуын талап етуде. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін барынша 
ескеріп, оқушының өзінің белсенді эрекеті аркылы окыту - бүгінгі 
күннің қажеттілігінен туган талап екендігі белгілі. Осыған орай “оқу- 
шы - білім беру обьектісі” көзкарасынан, оқушының өз бетінше ізде- 
иіп, шығармашылықпен енбектенуіне қол жеткізетін жолды таңдау ма- 
ңызды. Ол үшін оқушыға сабақ беретін мұғалім бойында ізденім- 
паздық, ойлай білу, белгісізге ұмтылу, алдына койган мақсатына жету- 
де табандылық көрсете алатын, оқушы бойына да осы қасиеттерді да- 
рыта білетін, шығармашылыкпен кызмет етуге дайындығын қапып- 
тастыра алатындай сапалардың болуы маңызды. Осы орайда жогары 
оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің 
шебері, бэсекеге қабілетті, кең аукымды, жан - жақты дамыған, кәсіби 
құзыретті маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл кызметін осы 
бағытта кұруы заңды кұбылыс, себебі жоғарыда айтылғандай коғам 
өзінің әлеуметтік - экономикалык жэне рухани дамуының мазмұны
297


мен сипаттарының өзгеруіне жэне еңбек сапасына тапаптың жоғары- 
лауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды 
кажет етеді.
Соңғы жылдары мамандардың кұзыреттілігі туралы пікірлер 
кәсіби маман даярлау мэселелерімен айнапысып жүрген ғалымдар, пе- 
дагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Психологиялык- 
педагогикапық әдебиеттердегі ғапымдардың зерттеулеріне қарағанда 
кәсіби шеберліктін қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзы- 
ретгілік (компетенттілік) жэне қүзырет (компетенция) ұғымдары пай- 
даланылып келеді.
Зертгеу мэселемізді әдіснамалық тұрғыда негіздеу барысында 
болашақ мұғалімдердің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қа- 
лыптастыруға байланысты «құзыреттілік», «кэсіби құзыреттілік» «мұ- 
ғалім құзыреттілігі» ұғымдарына берілген эртүрлі түсініктемелердің 
бар екендігіне көзіміз жетті.
И.А. Зимняя Дж. Равеннің еңбегіне сүйене отырып, бұл ұғым- 
ның мазмұны бір-біріне байланыссыз, біреулері когнитивтік, біреулері 
эмоционапдық сфераға жататын көптеген құзыретгіліктерден тұраты- 
нын анықтады. Бұл компоненттер тиімді тэртіп түрі ретінде бір - бірін 
ауыстыруы да мүмкін. Ол өз еңбектерінің бірінде үш топқа бірікті- 
рілген он негізгі құзыретгіліктерді қарастырады:
1. Адамның жеке тұлғалық іс-әрекет пен қарым-қатынас 
субъектісі ретіндегі кұзыреттіліктер;
2. Адамнын өзара іс-эрекеті мен әлеуметтік саласына қатысты 
құзыретгіліктер;
3. Адамның іс-әрекетіне қатысты құзыреттіліктер.
Дж. Равеннің тұжырымдамасы кэсіби құзыреттілікті қапыптас- 
тырудың ішкі жэне сырткы шарттарын жасау, кәсіби маман тұлғасын 
тэрбиелеу мәселелерін қарастырады. Құзыреттіліктің жетекші компо- 
ненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойган мақсатын 
орындауға көмектесетін қырыққа жуық сипаты мен икемділігін 
атайды.
Тұлғаның жүйелілік білімі ретіндегі кұзыреттілік көбінесе оның 
әлеуеттік сапасына қатысты болады. Сондықтан ЖОО бітірушісі оқу 
үдерісінде құзыреттіліктер кешенін алады.
Дидактикалық бтктілікті
біз мұғалімнің білім беру, оқыту 
қызметін орындаудағы, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешудегі 
түрлі эдіс - тәсілдерді меңгеруі деп қарастырамыз.
Дидактикалық кұзыреттіліктің (ДҚ) нормативтік мазмұнына 
негізгі дидактикалык теориялар мен тұжырымдамалар (ДҚ-тің негізі), 
түйінді дидактикалық ұстанымдар (ДҚ-ядросы) жэне бастауыш 
мекгептегі оқу - тәрбие үдерісін дидактикалык жобалау үлгісі (ДҚ- 
салдары) енеді. Дидактикалық құзыреттілікке оның жеке сипаты тән,
298


осыган байланысты жеке компонент мазмұнына болашак мұғалімнің 
субъективтік тәжірибесі болатын дидактикалык жобалау мен дидакти- 
капык білімнің игерілген тэсілдері енуі керек деп есептейміз.
Мұндай біліктіліктерді игеру мұгапімнің әдістемелік біліктілігін 
жана деңгейге көтереді. Атап айтканда: а) оку материалының мазмұ- 
нын меңгеруге тиіс пәндік білім, білік және дагдылардың жиынтығы 
деп қана карамайды, оны оқушы орындауға тиісті іс - әрекеттің 
тәсілдерімен сәйкестендіре біледі; ә) пәндік білім мазмұнын меңгеру 
тәсілінің негізіне кіші жастағы окушылардың психологиялық ерекше- 
ліктері жэне оқыту үдерісінің ынталандыру, оку материалын менгеру- 
ге белсенділік таныту, өзін - өзі бақылау сиякты жалпы зандылықтары 
жатады; б) меңгеру тәсіпдерін тандаганда «окушының жақын даму 
аймагына» бағдарлау (Л.С.Выготский), әдістемелік кызметінің пәні тек 
кана окыту нэтижесі емес, окушылардың дамудың бір деңгейінен 
екінші деңгейіне өту ерекшеліктері де болып табылады.
Өзін - өіі тексеруге арналган суракгар:
1. Окушылардыд тұтас педагогикалық ұдерістегі танымдык іс-эрекетін 
белсендендіруді қалай тұсінесіз?
2. Белсенді танымдык іс-әрекет ұгымынын мэнін ашып көрсетіңіз.
3. Оқушы тұлғасын танымдык іс-әрекет субъектісі жэне өзіндік дамуы 
ретінде калыптастырудын мазмұнына токталыныз.
4. Окушыларда танымдык кызығушылык пен акыл-ой эрекетінін тәсілдерін 
калыптастырудың мэнін ашыңыз.
5. Окушылардын интеллектуалдык қабілетгерін дамытуға мотивациялык 
дайындыгын калыптастыруга токталыңыз.
14 тақы рып. М¥ҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет