жана тұгырлар, ұстанымдар мен әдістердің эвристикалык элеуетін нак-
тылауға талпыну жэне XX ғасырдың соңында педагогикалык тэжі-
рибеде пайда болған білім беру инновациясы барысында педагогика-
лык шындыктьщ кайта кұрылу жолдарын түсіндіру.
3 такы ры п. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘНІ МЕН
МАЗМ¥НЫ
3.1.
Педагогикалық зерттеудің түрлері. Педагогика саласын-
дагы зерттеулер
деп педагогика үдерісінің заңдылыктары, оның кұ-
рылымы мен тетігі, оқу-тэрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы жэне
эдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері жэне тәсілдері ту-
ралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін жэне
нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оку-тэрбие үде-
рісінің құбылыстары мен деректерін түсіндіреді жэне болжайды. Ғы-
лыми-педагогикалык зерттеу эмпирикалык тексеруге болатын накты
қойылган деректерге негізделеді, белгілі болған теорияларға сүйенеді,
мақсатты багытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, әдістердің
өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалык, логикалык
жэне теориялык танымдық міндеттер сараланып шешіледі.
Зерттеулерді жіктеуді талдау мәселесі педагогикалық эдебиет-
терде біршама қарастырылған. Типология бойынша зерттеудің жік-
телуі 60-шы жылдары пайда болды. Сонымен, И.Т. Огородников жұ-
мыстың үш түрін бөліп көрсетті: педагогика жетістігінің теориялык
жэне практикалық корытындысын шығаратын қорытынды зерттеу; көп
қырлы тәжірибелік іс-эрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақта-
рын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар; оқу-тәрбие мекеме-
сінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тэрбиесі жэне оқыту тэжі-
рибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті
жэне кұрылымды-әдістемелік кайта өндеулер (оқу бағдарламапары,
оларға түсініктеме хат, эдістемелік құрал, оқулықтар).
Берілген жіктемені М.А. Данилов шартты жэне салыстырмалы
деп есептеді және жоспардағы қойылған мэселе деп қарастырды. Кейі-
нірек ғылымтануда зерттеудің
Достарыңызбен бөлісу: