143
5)
бастауыш мектеп (6
-
10 жастар);
6)
жеткіншек шағы (11
-
16 жастар);
7)
жасөспірімдік шақ ( 17
-
18 жастар).
Әр
жастағы баланың өсіп
-
жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу
-
тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан
дүниесін,
мінез
-
құлқының
ерекшеліктерін
жақсы
түсінуге
көмектеседі.Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез
-
құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені
сез
-
гіштігі және
қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Темперамент
деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекет
-
терінен
көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті
төрт типке бөліп сипаттайды:
Холерик
–
эмоциялық қызуы шапшаң,
күшті болады. Бірақ сезім
жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашу
-
ланғыш
болып келеді.
Сангвиник
–
эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақ
-
танбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей
кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп
беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.
Меланхолик
–
эмоциялық қызуы шабан, тұрақты. Ол момақан, тұйық,
жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін
ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе
,
аяқтап
шығады.
Флегматик
–
эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді,
орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ
тиянақты орындайды.
Бала денесінің өсіп
-
жетілуінің негізгі көрсеткіштері: бойының өсуі,
салмағының артуы, бұлшық етінің шынығуы, ұлғаюы. Өсіп, дамып келе
жатқан организмде болатын барлық өзгерістерді нерв жүйесі мен секреция
бездерінің қызметі реттеп отырады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы
–
орталық нерв жүйесі. Өйткені, адамның психикалық әрекеттері осы орталық
нерв жүйесіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: