Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет156/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

 
т
әрбие
мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыс
-
тарын шешуді 
талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін оның 
мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен
-
бірі тығыз 
байланыста қарастырылуы тиіс.


168 
Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудыңөзара байланысы тәрбие 
үдерісінің мақсаттылығы нақты өмір талабына сай белгіленсе ғана өз 
нәтижесін береді. Оны тәрбиешілер өз қалауымен анықтай ал
-
майды. Себебі 
тәрбие мақсаты қоғамның саяси
-
экономикалық, мәдени даму деңгейімен 
тығыз байланысты.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұл
-
ғаны 
дамытуда шешуші рөл атқарады. Тәрбие дегеніміз
тұлғаның ал
-
дыңа мақсат 
қою арқылы іске асатын іс
-
әрекеті. Тұлғаның тәрбиелі
-
гінің іс
-
әрекет, қарым 
қатынасы, мінез
-
құлқы және тұлғаның өзіне де
-
ген қатынасы, яғни өзін
-
өзі 
бағалауы арқылы айқындауға
болады. Іс
-
әрекет 
– 
тұлғаныңқызығушылығы, 
сезім
-
санасына, 
жауапкершілігіне
-
гізіндесыртқыортаменәсерлесуарқылыдамуүдерісі.
Қазіргі
таңда тәрбиені мәдениет, қарым
-
қатынас, құндылық тұр
-
ғысынан
қарастырады.
Қазақ педагогикасының негізін қалаушы М.Жұмабаев
тәрбиені екі тұрғыдан қарастырады 
– 
дене тәрбиесі және жан тәрбиесі.
В.С.Безрукова“Тәрбиедегеніміз

адамзат қоғамының өмір сү
-
руіне сай
ұрпақтан 

ұрпаққа жалғасқан,
дәйекті түрде үздіксіз бері
-
летін мәдениет»,
-
деп тұжырым жасайды. 
И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра келе, 
адамгершілік мәдениет, ақыл
-
ой мәдениеті, эстетикалық мәдениет, дене 
мәдениеті тұрғысынан жіктейді.
С.Әбенбаев “Тәрбие 

халықтық ғасырлар бойы жинақтап, ірік
-
теп 
алған озық тәжірибесі
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың
бойына сіңіру, 
олардың айналамен қарым 

қатынасын, өмірге көзқарасын жә
-
не соған сай
мінез 

құлқын қалыптастыру құралы”,
-
деп түсіндіреді.
Қазақстан
Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат 
етуіне орай, қазіргі заман оқушыларын тәрбиелеу мақсаты із
-
гілікті, білікті, 
мәдениетті, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, қарым
-
қаты
-
нас мәдениеті 
жетілген, өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға 
бейім жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Тәрбиенің мәдени құбылыс ретіндегі міндеттеріне мәдениетті кешенді 
түрде қалыптастыруды жүзеге асыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін 
арттыру болып табылады. Тәрбиенің мазмұнына бүкіл мәде
-
ниет жетістіктері 
қамтылады. Тәрбие мазмұны тәрбие міндеттерін толықтай жүзеге асыруды 
қарастырады. 
Тәрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік ерекше
-
ліктері 
болады. Тәрбие 

қоғамдық құбылыс
.
Адам қоғамнан тысқары өмір сүре 
алмайды. Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты, тәрбие
-
нің мақсаты 
толығып отырады.
Тәрбиенің қоғамдық мәні жеке тұлғаның санасына, мінез
-
құлқының
дұрыс қа
-
лыптасуына әсер ете отырып, рухани жағынан үнемі 
жетілу және баюуда көпсалалы үдеріс тұрғысынан қамтылады. Халықтар 
бойына білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерлерді дамытуды 
т.б. қамтиды. Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі ұрпақтан 

ұрпаққа 


169 
әлеуметтік
тәжірибе
мен мінез 

құлық нормаларына қатысты білім, білік, 
дағдыларды
беру, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қа
-
лыптастыру, 
баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру бо
-
лып табылады. 
Тәрбие 

біртұтас үдеріс
.
Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалып
-
тастыру 
бірыңғай жағдайда, бір уақытта іске
асырылады. Тұлға жеке адам ретінде 
тәрбиеленеді.
Тәрбие 

ұзақ, әрі күрделі үдеріс

Адам туып, есею барысында 
тәрбиенің ықпалында болады. Онан кейінгі уақытта өзін
-
өзі тәрбиелеу 
үдерісімен
жетіледі. Тәрбие мақсатының нәтижесіне дереу қол жеткі
-
зуге 
болмайды. Мектепте әр оқу сатысындағы оқушылардың тәрбиелік деңгейіне 
талаптар қойылып, соған қол жеткізу көзделеді. Тәрбиеге іштей және 
сырттай ықпал жасалады.
Тәрбие 
-
көпжақты үдеріс

Мектеп оқушыларын тұлға етіп тәр
-
биелеу, дамыту,қалыптастыру, оларды қоғамдық
өмірге даярлау бар
-
лық 
қоғам
азаматтарының міндеті. Қоғамның тәрбиелік әрекетін бі
-
рыңғай 
бағытта ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін қалып
-
тастыруды 
жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар ұжымы мен отбасы.
Тәрбие көп факторлы, екі жақты және белсенді үдеріс. Тәрбие жеке 
тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқым қуалаушы
-
лық, орта 
және тәрбие жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуының не
-
гізгі обьективті 
факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұ
-
қым
қуалаушылық 
пен адамға тән қасиеттер: іс
-
әрекеттің кез
-
келген түріне бейімділігі жатады. 
Адамның биологиялық жетілуі
мен өзгеру үдерісі оның мінез
-
құлқына әсер 
етеді.
 
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына сөйлеу, ойлау секілді 
адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет. Адамның
мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі уақыттағы 
экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық 
және демографиялық үдерістер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмірінің 
ұзақтығындағы өзгерістер т.с.с. жатады.
Тәрбие 

жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі. Ол білім беру 
орындарында жүргізіледі. Мектепте педагогикалық үдерісті сауатты 
ұйымдастырумен бірге, оқушылардың жан
-
жақты қызмет әрекетін тиімді 
ұйымдастыру, жеке тұлға дамуының шарты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет