Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


) сөйлеген сөздің дұрыстығы -



Pdf көрінісі
бет63/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

1)
сөйлеген сөздің дұрыстығы - 
әдеби
тілдік нормалардың сақ
-
талуы 
(лексикалық, морфологиялық, стилистикалық, синтаксистік). Сөйлеу 
барысында сөздің дұрыс айтылмауы оқушының назарын бөліп оның 
мазмұнын толық қабылдауға кедергі болады.
2)
сөздің анықтылығы
. Сөздің анық айтылуы оқушылардың 
қызығушылығын оятып,
зейінін күшейтіп, сөйлесу үдерісінің нәтижесін 
тиімді етеді. Сөздің анықтылығы мұғалімнің ойлау қабілетімен, өз ойына 
деген сенімділігімен, тілдік стильдерді меңгергендігімен анықталады.
3)
сөздің нақтылығы 
педагогтың айтып тұрған нәрсесін терең 
білуімен, логикалық ойлау қабілетінің толық пайдаланылуымен, өз ойын 
нақты жеткізе алуымен, сөздерді орынды қолдана алуымен ерекшеленеді. 
Мысалы, емтихандағы оқушы өзінің нашар жауабын «білемін, бірақ соны 
айта
алмаймын» десе, ол оның білімінің жүйесіздігін, үстіртін екендігін, 
шалалығын көрсетеді. Сол сияқты мұғалімнің айтатын нәрсесі нақты болу 
үшін ол сол нәрсенің мән
-
мағынасын ең алдымен өзі жақсы түсініп алуы 
керек.
4) 
Сөйлесу барысындағы 
сөздің түсініктілігі
тілдік құралдар
-
дың 
дұрыс таңдалуына байланысты. Сөздің түсініктілігі біріншіден, әңгімеге
қатысушылардың 
қай 
тілде 
(орыс, 
қазақ, 
қытай, 
ағылшын 
т.б.)сөйлейтіндеріне байланысты. Екіншіден, мұғалім өз оқушыларының жас 
ерекшеліктерін ескеруі қажет, себебі күрделі ғылыми тіл қанша
-
лықты 
маңызды болғанымен, оқушылар санасына сыйымсыз болуы мүмкін
.
5) 
педагогтың тіл байлығы
– 
оның сөздік қорының жеткіліктілігі. Әр 
адамның сөз байлығы оның лексикалық қорындағы сөздердің саны
-
мен 
байланысты болып келеді. Әдеби кітаптарды көп оқу, көптеген мағыналы 
бағдарламаларды тыңдау, газет
-
журналдарды көп оқу
сөздік қордың байи 
түсуіне көп септігін тигізеді. Бірақ тіл байлығын тек сөз санымен өлшеу де 
дұрыс болмауы мүмкін, себебі ол педагогтың ой байлығымен де тығыз 
байланысты. Мысалы, өткен ғасырларда бұқа
-
ралық ақпарат құралдары 
болмаған кездің өзінде қазақ даласында қан
-
шама шешен
-
билеріміз, 
ақындарымыз, жырауларымыз, жазушылары
-
мыз ой шеберлігінің шыңынан 


56 
орын алып отырғанын ұлттық тарихы
-
мыздан білеміз. Ана тілінің мол 
байлығын игерген адам оның құді
-
ретін, қадір
-
қасиетін түсіне алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет