Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет130/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Сонымен қатар, тәрбиеге байланысты Ресей Федерациясында жеке авторлық тұжырымдамалар Е.В.Бондеревская, Н.Е.Шуркова, И.Я.Зимняя, И.М.Ильинский т.б. Қазақстанда С.Қ.Қалиевтің, Қ.Б.Жарықбаевтың, Ж.Ж.Наурызбайдың, К.А.Оразбековның, С.А.Ұзақбаеваның, Р.К.Төлеубекованың, С.Т.Иманбаеваның т.б. бүгінгі тәрбие үдерісін жандандыруға игі ықпал етуде.

Ж.Ж.Наурызбайдың «Қазақстан Республикасы азаматтарына мәдени-этникалық бiлiм беру тұжырымдамасында»өзекті негізгі мәселе-көп мәдениеттi тұлға деп өз мәдениетiне де, өзге мәдениет-ке де тәнтi адам, төл мәдениеттi терең бiлу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа iргетас қаласа, көп мәдениеттi бiлу өз мәдениетiн мақтан тұтуға негiз салады деген қағиданы іске асыру көзделеді.


С.А.Ұзақбаеваның тәрбие тұжырымдамасында жеткіншек ұр-пақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу, халықтық педагогика идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын жан-жақты зерттеп, оны эстетикалық тәрбие беру бағытында пайдалану жолдарын ашып береді. Халықтық педагогика тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің дағдыларының жиын-тығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер арқылы беріліп оты-ратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан халықтық педаго-гиканың мақсатын ашып көрсетілді.
Г.Қ.Нұрғалиеваның тұжырымдамасында еркiн және рухани, iз-гi, адамгершiлiгi мол тұлғаны тәрбиелеу ұстананымдары негiзiнде әр жеке тұлғаның өзiндiк «Менiн» көрсету, соған дағдыландыру, қоғам ал-дындағы жауапкершiлiк, қоғамдық тәжiрибенi игеру, мейiрiмдiлiк, iзгi-лiк қасиеттiдамыту, адамдарды табиғи қалпында қабылдау, адамдардың бойындағы жақсы рефлекстiк қасиеттердi қалыптастыруға мән берілді.
Ұстаз Күләш Тынысбекованың тәрбиелік тұжырымдамасы ұлттық тәрбиені негізге ала отырып, халықтық дәстүрлерді пайдалану арқылы ер бала тәрбиесін дұрыс бағытқа қою, себебі, ер балалар тәр-биесін отбасында, балабақшада, мектепте әйелдер атқаратыны, ер ба-ланың психологиясы әкеден гөрі анасына жақын келетіні ескере оты-рып, өз тұжырымдамасын ұсынады. Мектептегі ер мұғалімнің санының аздығы да бұған ықпалын тигізіп отыр дей келе, оқу-тәрбие үдерісінде ер бала тәрбиесіне байланысты жүргізілетін тәжірибесін ұсынды: әке-лер өсиеті, “әкеге қарап ұл өсер” дегендей ер-азаматқа тән қасиетті ба-ла бойына сіңіру; ерлерге тән салт-дәстүрлер, ер баланың отбасындағы, қоғамдағы ролін ашып көрсетеді. Ер баланың сол әулеттің мұрагері, қара шаңырақ иесі болып саналатынын, қартайған әке-шешені бағып-қағу ер балаға аманат екенін түсіндіреді. Бұл - қазақ халқының атадан-балаға жалғасқан озық дәстүрлері; “ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар”- ата-бабаларымыздың ерлік пен батырлығын бағыттайтын бағыт; сөз өнері, шешендік өнердің тәлімдерімен тәрбиелей отырып, әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін ашу; ұлттық ойындарды ұсына отырып, азамат тұлғасын қалыптастыру көзделеді.
А.Миразованың тәрбиелік тұжырымдамасы. Тәрбие жаңа мазмұнға ие,оны мектептегі пән сабақтары негізінде іске асыру, бүгінгі заман талабына сай тәрбие мазмұны тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік қоғамның даму ерекшелігімен бірге ұлттық ерекшеліктер өзара бірлікте дамуы, жетілдіріліп отыру көзделген.
Мәжит Өтештің тәрбиелік тұжырымдамасы.М.Өтештің басқарған мектептері негізінен физика-математикалық мектептер жүйесі болып табылады.ХХІ ғасыр, әлемдік жаһандану үрдісі кезінде қоғам-ның белсенді және ұлттық, жалпыадазаттықмәдениетті дамытушы, білім және тәрбиемен қаруланған, бүгінгі қоғамға еркін араласа алатын тұлғаны қалыптастыруға аса мән берілген. Тұлғаның бойында қалып-тасатын негізгі құндылықтар жүйесі: әлеуметтік белсенділік, жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттер, құқықтық сауаттылық, зиялы ұрпақты қалыптастыру көзделеді. Аталған жүйенің негізі ұлттық тұлғаны қа-лыптастыруға бағытталады. М.Өтеш басқарған, негізін салған мектеп-тердің түлектерінің жартысы алтын белгі иегерлері.
Ресей ғалымдарының тұжырымдамаларына негізіне тоқталатын болсақ, тұлғалық қасиеттiң өзегi деп Ш.Аманошивили махаббат қажеттiлiгi; И.С.Кон үлкендердi құрметтеу, А.В.Петровский тұлғалық қасиеттердi қалыптастыру қажеттiлiгi, А.В.Мудрик жеке тұлғаның өз мүмкiндiк-терiн iске асыру деген тұжырымдарының маңызы ерекше. Тұлғаның бойындағы тәрбиелiлiк тұлғаның iс-әрекетi кезiндегi мәдениеттiлiгi, құндылықiс-әрекетi арқылы көрiнiс бередi. Қазiргi ғылыми педагоги-каның бұрынғыдан артықшылығы тұлғаға қатынас субъект-объект-субъект тұрғысынан ықпал ету қарым-қатынас жүйесi негiзiнде iске асып отыр.
В.П.Беспалько тұлғаға білім мен тәрбие беруде алдыға қойған мақсаттың нақты болуына аса мән береді. Тұлғаның сапалық қасиетін нақты анықтау, қалыптасу барысында өзіндік даму ерекшеліктерін білу, зерттеу жұмысын нәтижесінің дәлдігіне мүмкіндік беретініне тоқталады. Мектептің педагогикалық жүйесінде педагогикалық әдіснама-ның негізгі тұғыры тұлғаға ықпал ету арқылы оның сапалық қасиетін ашу мүмкіндігінің мол екенін ашып көрсетеді. Автор тұлғаның негізгі қасиеттерінің құрылымдық жүйесін А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, А.В.Петровский т.б. ғылыми тұжырымына сүйене отырып ұсынады: негізгі қасиеттері әлеуметтік, тәжірибе, интеллектуалдық, генетика-лық, сапалық қасиеттері, белгілері атап көрсетеді.
Тұлғаның бойындағы құндылықтарды қалыптастыруда А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, А.В.Петровский ұсынған тұлғаның құндылықтар жүйесі негізгі орын алады. Автор ұсынған тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың негізі болып табылатын философиялық, жалпығылыми көзқарастары, идеялық сенімі, адамгершілік дүниетанымы т.б., адамгершілік сапа-сын қалыптастыратын Отанға деген сүйіспеншілік, еңбек адамдарына құрмет, жоғары қоғамдық сана, адалдық пен тазалық, қарапайым-дылық, қоғам үшін адал еңбек ету, т.б. ұстанымдарынайқындады.
Н.Е.Щуркованың тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені мәде-ниет тұрғысынан қарастырады. Тәрбиелік іс-әрекетті әлемдік қоғам-дық қауымдастыққа кіріктірілуі арқылы ізгілендіру бағытын қолдайды. Тәрбие мазмұнында мәдени құндылықтарды жүйелі түрде сабақтасты-қа іске асыруды көздейді: табиғат әлемі; адам өмірі; қоғамдық өмір; тұлғаның ішкі жан дүниесі т.б. Тәрбие іс-әрекетінің нәтижесі – тұлғаның қоршаған ортаға, мәдени құндылықтарға мақсатты бағытталған, өзін-өзі жетілдіруі деп бағалайды.
И.А.Зимняяның тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені тұлғаның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісі тұрғысынан қарастырады. Ғалым қарым-қатынасты құндылықты қалыптастыру тетігі деп түсіндіреді. Адамның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісіне тәрбие жүйесінің 5 компонентін ұсынады: мұғалімнің тұлғасы және іс - әрекеті; тәрбиелік ортада әлеуметтік даму жағдаяттарды дұрыс ұйым-дастыру; ынтымақтастық; қарым - қатынас; тәрбие субъектісінің бел-сенді іс – әрекеті.
И.М.Ильинскийдің тәрбие тұжырымдамасында ұрпақтар са-бақтастығы негізінде тәрбие беру мәселесі қамтылады. Тұжырымдама-ның мазмұны тәрбие кеңістігін құруға, тұлға мен қоғамның қызығу-шылықтарының бірлігі, дүниетаным мен ізгілендіру құндылықтарына негізделеді. Тәрбиенің негізгі мақсаты табысқа және жеңіске жетуге ұмтылатын, өмірге икемі бар, өзгермелі жағдаяттардан шыға алатын, жауапты, іскер, белсенді азамат-тұлғаны қалыптастыру.
Жоғарыдағы тәрбие тұжырымдамалары үздіксіз білім беру жүйе-сіндегі тәрбие үдерісін жандандыруға іргелі үлес қосып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі ұсынылған тұжырымдамаларды басшы-лыққа ала отырып, әр оқу орны, білім беру мекемелері аймақтық ерек-шеліктерді негізге ала отырып өздерінің тұжырымдамалары бойынша жұмыс атқарулары да тәрбие жұмысын жандандыруға іргелі үлес қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет