Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны - педаго-гикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе



бет164/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

8.2. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны - педаго-гикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе. Көрнекті педагог, ака-демик В.В. Краевский жалпы орта білім беру мазмұнын қоғамның білім беруге қоятын талаптарының моделі деп қарастырды; оның тео-риясын жасау мен мәселелерінің әдіснамалық негіздерін ашып көрсет-ті; білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлерін анықтады: жалпы тео-риялық түсінік; оқу пәні; оқу материалы; оқыту үдерісі және тұлғаның құрылымы. Бұл тұжырымдама Педагогика ғылымдары академиясының жалпы педагогика институтындағы В.В.Краевский және И.Я.Лернер жетекшілік еткен топ даярлаған білім беру мазмұны теорясының негі-зіне алынды. Ғалымдар жалпы орта білім беру мазмұнын қалыптас-тырудың ұстанымдарын түзді. Біріншіден, жалпы орта білім беру маз-мұнының барлық бөліктерімен және барлық деңгейлерде қоғам талап-тарына сәйкес ұстанымы. Екіншіден, оқытудың мазмұндық және үдерістік жақтарының бірлігін есепке алу ұстанымы: үшіншіден, білім беру мазмұнының қалыптастыру деңгейлерінде, оқыту үдерісін-де іске асуының нақты қалыптарына жылжуда да құрылымдық бірлігінің сақталу ұстанымы. Зерттеу барысында жалпы орта білім беру мазмұнының қалыптасу деңгейлері түсінігі пайда болды. Түсініктің жалпыдан жекеге жылжу логикасына сәйкес авторлар мына деңгейлерді анықтады: жалпы теориялықтүсінік деңгейі(жас ұр-паққа берілетін әлеуметтік тәжірибенің құрамы, элементтер және қо-ғамдық қызметтері туралы жинақталған жүйелі түсінік;)оқу пәні дең-гейі; жалпы білім беруде арнайы қызметтер атқаратын мазмұнның бел-гілі бір бөлігі туралы кең таратылған түсінік; белгілі бір пән бойынша оқулықтарда, есептер жинағында және басқа оқу материалдарында көрсетілген білім мазмұнының элементтерін қамтитын оқу материа-лы деңгейі.
Білім беру мазмұны оқытуда іске асырыла отырып, келесі дең-гейге көшеді. Төртінші деңгей – оқыту үдерісіне ендірілетін нақты бі-лім мазмұнын көрсететін педагогикалық болмыс деңгейі. Ең соңында, бесінші деңгей – тұлға құрылымыдеңгейі білім беру мазмұнының оқушы санасында қалыптасқан күйін сипаттайды.
«Оқытудың мазмұндық және үдерістік жақтарының бірлігі ұста-нымдық деңгейде маңызды»,-деп көрсеткен С.Г. Шаповаленко.
Бұл кезеңде Педагогика ғылымдар акаде-миясының Жалпы педагогика институтының дидактика зертханасында М.Н. Скаткин И.Я. Лернер, В.В. Краевский, М. Шахмаевпен бірге «Жалпы орта білім беру дидактикасы» атты ғылыми мектептің негізін салды. Ғылыми мектептің жетістіктерін былайша сипаттауға болады. Олар:
-білім беру мазмұны теориясының мәдениеттанушылық тұ-жырымдамасы, оның құрамына білім беру мазмұнының көзі әлеу-меттік тәжірибе екендігі;
-білім беру мазмұнын калыптастыру деңгейлері: пәнге дейінгі, пәндік, оқу материалы, білім беру практикасы; білім беру мазмұнының құрылымдық элементтері;
- нәтижелері білімдер болып табылатын танымдық әрекет тәжірибесі; үлгі бойынша әрекет етуді көрсететін әрекеттің белгі-лі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі; мәселелік жағдаяттарда ерекше шешім қабылдау біліктіліктері түріндегі шығармашылық әрекет тәжірибесі; сезімдік-құндылық қарым-катынасты жүзеге асыру тәжірибесі туралы түсініктер енеді;
-педагогикалық құралдар көмегімен білім мазмұнын іске асыра-тын оқупәні теориясы. Ол өзі тұтас бола тұрып, екі бөліктен тұрады: меңгерілуге тиісті білім беру мазмұнының бөлімі және оны оқушы-лардың меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі үшін қажет құралдар. Же-текші құраушы бөлігі негізінде оқу пәндерінің жіктемесі жасалды. Оқу пәнінің мәні, оның қызметтері; мектептің білім беру бағдарламала-рының жалпы міндеттерін шешу үшін маңыздылығы мен ерекшелігі; материалдарды оқу сатыларына тарату жолдары; әдістемелік жүйе жә-не мақсаттарға жету құралдары; оқу пәнінің мзмұнын таңдаудың, оны оқытудың жалпы логикасы мен ретті оқытылуының негіздемелері; білім беру мазмұнын құрастыруға негіз болатын мәселелер типтері; ғылым мен оқу пәнінің арақатысы.
-оқулық тұжырымдамасы: оқулықтың қызметтері, құрылымы, мазмұндық рәсімделуі, материалды таңдау және беру тәсілдері, мәтінді әңгімелеуге, мазмұнына, тармақшалар ішіндегі логикалық байланыс-тарға және оқулыққа, меңгеру аппаратына қойылатын талаптар;
-оқыту әдістері, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру әдістері мен құралдары, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы. Оқыту үдерісіне қатысушылардың – мұғалім мен оқушы-ның әрекетіне, оқыту әдістерінің типтеріне, оқу материалының сипа-тына, оқушыларды дамыту міндеттеріне негізделген оқыту әдістерінің типтері анықталды және т.б.
Зерттеушілер білім мазмұнын анықтау үшін негізгі үш шартты: біріншіден, ғылымның дамушы салаларын түсінуге және меңгеруге, сондай-ақ, соған сәйкес дағдылар мен іскерліктерді игеруге қажетті, жеткілікті деңгейде тұрақты іргелі және қолданбалы білімдердің кей-бір көлемдерін анықтау; екіншіден, ғылым мен техниканың сәйкес са-лаларының негізгі бағыттарын, идеяларын және қарқынын айқындау; үшіншіден, студенттердің жалпы және ғылыми дамуының деңгейіне, олардың дүниетанымына және көзқарастарына қойылатын нақты та-лаптарды ұсынуды қарастырады.
Оқу пәні-оқыту үдерісінде оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбие-леу мен дамытуға бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге асыратын құрал.
Білім мазмұны мен оқу пәні бір-бірімен мақсат және құрал ретінде байланыста болады. Оқу пәні мен ғылым негіздері – біртұтас ұғым, ал оның құрамдас бөлігі болып табылатын «оқупәні» құрамы және жүйесі жағынан мазмұны мен үдерістен құрылған. Оқу пәні 2 блоктан тұрады: негізгісі – мазмұн мен құралдар блогы, немесе үдеріс блогы.
Оқу пәндері мазмұнындағы жетекші компоненттік рөл атқаратын:
1. Мазмұндық блок:пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; шығармашылық әрекеттегі тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжрибе.
2. Үдерістік блок:қосымша білім кешені; әрекет тәсілдері; үдерсті ұйымдастыру түрлері.
Егер, білім мазмұнын білім мекемесіне берілетін әлеуметтік тап-сырыстың педагогикалық түсіндірмесі десек, оқу пәні – білім мазмұ-нының бөлігі ретінде, ол да әлеуметтік тапсырысқа жатады, сонымен қатар білім алушының жалпы танымдық әрекет заңдылықтары мен оқыту жағдаяттарына сәйкес оқыту барысында білім мазмұнын жүзеге асырады. Оқу пәні – игеруіне тиісті білім мазмұны мен оны білім алушылар игеретін тәсілдерді, олардың тәрбиесі мен дамуын жүзеге асыратын негізгі құрал. Яғни, оқу пәні – білім мазмұнын беруге арналған арнайы педагогикалық үйлесім, бұл жағынан ол біртұтас, соған қарамастан екі бөлімнен тұрады: мазмұндық және үдерістік.
Білім мазмұнының төрт компоненттік құрамы оқу пәндерінің белгілі бір топтарын құрайды. Оқу пәндеріндегі жетекші компонент-тер: ғылыми білімдер жиынтығы, әрекеттің белгілі бір тәсілдері, шығармашылық әрекет тәжірибесі, құндылықтар, қатынас тәжірибесі, әлемнің бейнелік көрінісі.
«Кіріктірілген пән» деген ұғым жай қосу емес, оқу материалын-дағы әрекеттің кірігуі, оның мәні мен өзара байланысы және жинақты-лығына қарағанда әлдеқайда тереңде жатыр.
Оқу пәнін құрастыру мәселелеріне байланысты туындайтын заңдылықтар анықталды:

  • кез келген оқу пәні көрсетілген типтердің біреуіне жатады және ол өзінің дидактикалық моделіне сәйкес құрастырылуы тиіс;

  • оқу пәнінің әр типінің өзіне сәйкес мазмұнын жеткізу,оны игеруді ұйымдастырудың өзіндік жүйесі бар.

Егер пәнінің жетекші қызметі оқушыларды нақты ғылым негі-зін, оның маңызды ұғымдары мен заңдары жүйесін таныстыру болса, онда оқу материалының құрылымы мен жүйесі ғылыми ұғымдардың даму заңдылықтарын білім алушы санасына сәйкестендіріп жасалуы тиіс. Ал, пәннің жетекші қызметі белгілі бір әрекет тәсілдерін қалып-тастыру болса (білік және дағды), онда пәннің мазмұндық, логикалық желісі практикалық әрекетті игеру ерекшілігіне сәйкестенуі тиіс: оқу пәндерінің типтері бір-бірінен қызметі мен мазмұндық жетекші компо-ненттері бойынша ажыратылатын болғандықтан, сол компонентті жет-кізу барысында пайдаланылатын оқыту әдістері де сол пәннің типі үшін жетекші ұстанымда болуы тиіс; оқу пәнінің мазмұны оның же-текші компонентінің ерекшелігіне байланысты жүзеге асыру тәсілде-ріне сәйкес болып табылады; оқу пәнінің әртүрлі типтерінің ерекше-ліктері оқыту әдістерін тануда шектеулік сипатта болады, сондықтан оқыту тәсілдерін іріктеуде пәннің жетекшілік қызметін ескеру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет