Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім берудегі инклюзивті тәсілі және оны Қазақстанда іске асыру



бет100/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

4.9.Білім берудегі инклюзивті тәсілі және оны Қазақстанда іске асыру.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтары-мызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймақ-қа айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекеме-сінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажет-тілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өткен.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үдерісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.Инклюзивті білім беру дегеніміз – мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу, олардың жынысына, шығу тегіне, дініне, жас ерекшеліктеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайы-на, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, са-палы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискрими-нациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.
Инклюзивті білім беру бағдарламасы 2006 жылдың 13 желтоқ-санында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына енгізілді. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Респуб-ликасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-пе-дагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасын-да кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарында қамтылды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес «инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдар-ламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетім-ділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шек-теулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу»,- деп нақты көрсетілген.
2002 жылдан бастап Қазақстан ТМД елдерінің арасында ал-ғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бас-тауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағи-даларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) ерекше білім беруге қа-жеттіліктері бар білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі бе-рілген. Үлгілік қағидалардың 18 тармағына сәйкес жалпы білім бере-тін мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қа-жеттілігін, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан ата-аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады, әрбір инклюзивті сыныпта екі даму мүмкіндігі шектеулі баладан артық оқытылмауы тиіс. Жалпы білім беретін мек-тептердегі инклюзивті және арнайы сыныптарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар бала-ларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы ұсынған «Инклю-зивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері» атты әдістемелік нұсқаудабілім беру сала-сындағы мемлекеттік кепіл-діктерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму бұзылысын түзеу үшін және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағ-дайлар қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет