«Қайырымды студенттер» ұйымының мақсаттары және міндеттері: Студенттік жастары арасында әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек пен қолдауды дамыту.
-Патриоттық сезімді, көшбасшылық қабілетті, экологиялық, эстетикалық негіздерді қалыптастыру.
-Рухани және физикалық тұрғыдан балалар мен қарттарға көмек көрсету.
-Балалар мен қарттардың түрлі ауруларға қарсы күш-жігерін және өмірге деген қызығушылығын арттыру.
Біздің ұйымның жұмыс бағыттары мынадай сатылардан тұрады
1 Әлеуметтік волонтерлік «Қарттарға көмектесейік!» акциясы арқылы көмекке мұқтаж ата-әжелеріміздің үй шаруасындағы жұмыстарына өз қол ұшымызды тигіздік.
Қайырымды істер марафоны арқылы қаламыздағы жұмысшы азаматтарға ыстық шай мен тамақ таратып, алғысын алып ,жақсы тілектерін естідік
2.Экологиялық волонтерлік .Қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын сақтау мақсатында түрлі акциялар іске асырылуда
Спорттық волонтерлік –спортты кеңінен насихаттауға және салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған спорттық марафондар мен эстафеталар қатары жиі өткізілуде. Білім берудегі еріктілер – бұл білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған жоба.
Қайырымдылық – адам жанының нұры.Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.