Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқытудағы интербелсенді тәсілдер



бет162/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   226
Оқытудағы интербелсенді тәсілдер. XXI ғасыр – бұл ақпа-раттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дү-ниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен “XXI ғасыр – ақпарат-тандыру ғасыры” деп аталды. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпартапен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарла-малық және техникалық құралдар мен кешендер(кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б.).
Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технология-ларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін да-мытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру – ең негізігі мақсат болып айқындалады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізігі артықшы-лықтары мынадай:

  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  2. Білімге бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасақан әртүрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

  3. Оқыту жүйесінің көпдеңгейлігі оқу материалының оқу сапасын арттырады. Компьютердің көмегімен оқушы өзбетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатыстарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалып-тасуы керек.
Дамудың демократиялық жолын таңдауына байла-нысты бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүм-кіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады. Бұл әдістің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Сонымен бірге сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс белсенділігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті әдістерге жататындар: проблемалық шығарма әдістері; пікірталастар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; инсерт әдісі; викториналар; шағын зерттеулер; іскерлік ойындар; сауал-намалар жүргізу әдісі; кейс-стади әдісі; презентациялар, т.б.
Интерактивті әдістің мақсаты – тек ақпарат беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар. Олар :

  • оқушыға өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;

  • оқушыларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;

  • оқушыларға өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату;

  • іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

Оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту оқушылардың білімді өздігінен оқып үйренуіне бағытталуы керек.
Құнды әдістің бірі – кейс-стади әдісі. Бұл әдістің негізгісі бо-лып жағдай ұғымы болып анықталады, яғни жағдайларды таңдау ба-рысында ең соңғы нәтижеге әсер етеді. Бұл әдісті қолданудың бары-сында бір ғана дұрыс шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, сол шешімін дәлелдеуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет