Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әдістері



бет160/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әдістері.Г.И.Щукинаның зерттеу еңбектерінде оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетi белсендiлігін көтерутуралы көптеген құнды пікірлер айтылды.
Дидактикада И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқушылардың оқу-танымдық әрекетiнің тиімділігін арттыру үшiн оқыту әдiстерiнiң маңызына назар аударып, оларды топтастырады. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында оқу материалдарын түсiндiрiп – көрсе-тетiн немесе ақпаратты - рецептивтi (рецепция-қабылдау) әдiстер: әңгiме, лекция, түсiндiру, оқулықпен жұмыс, суреттердi қолдану, диа-фильмдердi пайдалану; репродуктивтi (бiлiмiн практикада қолдана бiлу, алгоритм бойынша жұмыс жасау, бағдарламалау) әдiстері; оқы-тылатын материалды педагогикалық жағдаят тұрғысынан сипаттау әдi-сi; жартылай-iзденiске түсiру немесе эвристикалық әдiс; зерттеу әдiсi, оқушыларға танымдық мiндет қойылып, алға қойған мәселені оқушылардың өздiгiнен шешуіне қажеттi басқа да әдiстер ұсынылды.


7.7. Қазіргі мектептегі электронды (E-learning) оқыту жүйесі.Акпараттық-комуникациялық технологияны қолданып окыту-дың тағы бip түpi - электронды оқыту жүйесі (e- learning). E-learning электронды оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі 2010 жылдан бастап icкe асырып келе жатқан білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының 6ipi болып табылады. Орта білім беру үшін электрондық оқыту (бірыңғай жүйесінің мақсаты: білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына: қашықтықтан оқыту (ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құралдар теле-коммуникациялар т.б.), электронды оқу құралдары, электронды мектеп журналдары және ақпараттық техникалық құралдарды интерактивті тақта, жылжымалы интерактивті тақталар, сымсыз интернет (WI-FI), мобильді сынып, желілік интернет, «Joi klass» (сыныпта желі аркылы әртүрлі тапсырмаларды орындау) бағдарламасы, мультимедиа құрал-дары т.б. қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде білім беру ұйым-дарымен «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бі-рыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасын енгізу туралы» ере-жесіне сәйкес «Күнделік» порталы жұмыс істейді. Ата-аналар Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» порталындағы өз баласының электронды күнделігіне кіріп, білім сапасымен еркін танысып отыруына толық мүмкіндіктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет