Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының тәрбиелік аспектісі.Білім берудің мазмұны



бет166/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   226
Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының тәрбиелік аспектісі.Білім берудің мазмұныдидактиканың негізгі нысаны; ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйе-сі; өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі; жеке тұлға-ның жан-жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты.
Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.
«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың да-муының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғам-ның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жал-пыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек.
Осы мақсатта мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйым-дастырушыларға көмек ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау бойын-ша жұмыстар жүргізілуде.


8.4. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопе-дагогикаландыру. Білім беру мазмұнынізгілендіру, гуманитарланды-ру, этнопедагогикаландыру Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан басталды. Бұл үрдістер педагогика ғылымы аясында алдымен теориялық-әдіснамалық деңгейде зерделеніп, тұжырымдамалар дайын-далып, білім беру мазмұнын жаңа ұстанымдарға негіздеп жасауды та-лап етті. Сондықтан ғалымдар осы кезге дейінгі жасалған педагогика-ның әдіснамалық қорын қайта қарастырып, әлемдік педагогикадағы жетістіктерді саралады. Білім беру мазмұнын ізгілендіру және гумани-тарландыру мақсатында барлық педагогикалық мәселелерді шешу әлеуметтік, этикалық нұсқауларға байланысты екендігі ескерілді. Демек, білім мазмұнын зерттеушілер мен құрастырушылар гуманитар-лық әдіснаманы басшылыққа алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет