Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы



бет19/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

2.3.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.Іс-әрекет ұғымы ғылымаралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика, психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттану сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысандарының бірі. Кез келген жеке тұлғатек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттін зерттеуге тырысады.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда,іс-әрекет-адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша, іс-әрекет – қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттері кіреді .
Педагогикалық-психологиялық ғылымдар саласында іс-әрекет теориясының дамуынаС.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,П.Я.Гальперин т.с.с. психологтардың зерттеулері негіз болған. Іс-әрекет компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені құрайды. Бұл жүйедегі компоненттер өзара бірі-біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін алып тастасақ, толыққанды атқарылған іс-әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір компонент өзіндік маңызды рөл атқарады.
А.Н.Леонтьевтің пікірінше, мақсаткез келген іс-әрекеттің жүйе құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс-әрекет болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған жақын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, материалдық, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктері кіреді.
Іс-қимылдар, операциялар – іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар.
Іс-әрекет мақсатына қарай құралдар таңдалады. Құралдардың өзіндік ерекше орын алатыны белгілі. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту құралдары т.с.с. бөлінеді.
Іс-әрекет нәтижесі деген компонент тұлға үшін маңызды компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің барлығы осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.
Бағалау компоненті – іс-әрекет мақсатына жетудің өлшемі. Тұлға орындаған іс-әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді.
Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы сана мен іс-әрекеттің бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді. Бұл теорияны түбегейлі меңгеру болашақ мұғалімдер үшін өте маңызды.
Адамдардың іс-әрекеттері мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғылданатын кәсібінебайланысты іс-әрекеттер медициналық, педагогикалық, конструкторлық, инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.
Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді: танымдық (қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу); зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу үдерісі); коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу үдерістері); білім берушілік (басқаларға білім беруүрдісі);өзгертушілік (қоғамды, өзін жетілдіру үдерісі) болып ажыратылады.
Әртүрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу іс-әрекеттері қарастырылады.
Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын кәсіпдеп атайды. Мамандық–берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері информатика мамандығын, кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды меңгереді. Мамандықтарына байланысты информатика пәнінің, тіл мен әдебиет пәнінің, тарих пәнінің мұғалімдері деп аталады. Сонда кәсіп деген ұғымның ауқымы мамандық ұғымымен салыстырғанда кеңірек екені байқалады.
Жоғарыда аталып отырған іс-әрекет түрлерінің ішінде педагогикалық іс-әрекеттің алатын орны ерекше. XX ғасырдың 1950-1970жылдыры көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының қырсырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталды: педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков т.б.); педагогикалық техника (Ю.П.Азаров т.б.); мұғалім профессиограммасы (В.А.Сластенин, О.А.Абдуллина т.б.).
«Педагогикалық іс-әрекет» деген ұғымның көпқырлылығы мұғалімнің атқаратын негізгі міндеттер тізбегінен-ақ байқалады: хабарлау, оқыту, дамыту, тәрбиелеу, зерттеу, болжау, қалыптастыру, құрастыру т.б.
Педагогикалық сөздіктерде педагогикалық іс-әрекет – үлкендердің өскелең ұрпақты экономикалық, саяси, адамгершілік, әлеуметтік, мақсаттарға сай өзіндік белсенді іс-әрекетке дайындаудағы қоғамға пайдалы іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет