Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекет-тер арқылы жүзеге асырылады



бет193/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекет-тер арқылы жүзеге асырылады:- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиториялық), жеке және бірлескен ізденіс пен зерт-теу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, кітап, лекция, интернет, құ-жаттар, мұражай, мамандар, т.б, шығармашылық жұмыстар, т.б.
Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адам-дарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптас-тырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.
Рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар - тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқу/оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамта-масыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену/үйрету – танымның тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адам жадында бірінші мезетте өзінің жа-сағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар сту-денттердің өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолда-рымен» жасауды меңзейді.


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әдіс туралы жалпы түсінікке тоқталыңыз.

  2. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері дегеніміз не?

  3. Тұтас педагогикалық үдерістің компоненттерін атаңыз.

  4. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттеріне тоқталыңыз.

  5. Оқытудың инновациялық интербелсенді әдістеріне сипаттама беріңіз.

12-тақырып.ОҚЫТУДАҒЫ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ


12.1.Оқытусапасындиагностикалау. Ұғымдар: оқушыныңоқужетістігінбақылау, бағалау, белгілеу. Үлгерімоқушылардыңоқужетістігініңсипаттамасы. Оқушылардыңіс-әрекетнәтиже-сінбақылаудыңмақсатыменқағидалары. И. Лернер, Ю. Бабанский білім сапасының түрлеріне келесі сипаттамалар береді.
Білімнің дұрыстығы. Оқушының бойындағы білімнің толық-тығы оқылатын нысан туралы барлық білімдердің санымен анық-талады. Оқушы: а) білімнің барлық жетекші элементтерін атап бере алады; ә) әрқайсысына анықтама бере алады; б) негізгі белгілерін сипаттап бере алады.
Білімнің әрекеттілігі оқушының білімді әр түрлі жағдайда қол-дана алуымен сипатталады. Оқушы: а) алған білім мен біліктіліктерін қолдану арқылы жаттығулар мен тапсырмалар орындай алады; ә) оқылғанды сәйкес өмір құбылыстарын талдау үшін қолдана алады.
Білімнің саналылығы – білімнің, ішкі байланыстардың мән-ділігін түсіну, талдай, салыстыра, дәлелдей, жан-жанты аша, бағалай және түсіндіре білу. Оқушы: а) сабақтағы түсініктер мен айғақтар өзара қалай байланысқанын, не қандай нәрсеге бағытталағандығын, не қандай нәрседен шығатындығын көрсете алады; ә) оқылатын құбылыс-тардың ортақ ерекшеліктерін тауып, оларды салыстыра алады; б) құ-былыстың, оқиғаның және т.б. себептерін аша алады; в) жан-жақты түсіндіріп, түйін және қортынды жасай алады. Білімнің тереңдігі бе-рілген білімнің басқалармен, оған ұқсас білімдермен саналы байланыс-тығымен сипатталды.
Білімнің оперативтілігі оқушының ұқсас және вариативті жағ-дайларда білімді пайдалана алуға даярлығын қарстырады. Оқушы өз білімін қолдана алатын жағдайлар көп болса, білімнің оперативтілігі соғұрлым нақты көрінеді .
Білімнің жүйелілігі кейбір білімнің жиынтығын, иерархиясын және тізбектілігін саналы түрде мойындауын, яғни, бір білімді екінші біреулері үшін базалық білім ретінде мойындауын болжайды.
Білімнің беріктілігі – барлық көрсетілген сапалардың саны мен тұрақтылығы. Ол интегралды сапа болып табылады.
Білім сапасының әр алуан түрлерін айта отырып, мынадай анықтама беруге болады. Білім сапасы – оқушылардың оқу-танымдық іс-әре-кетінің нәтижесін сипаттайтын салыстырмалы тұрақты білім құрылы-мының біртұтас жиынтығы.
Педагогика ғылымында білім сапасын мақсат пен нәтиже бірлігі ретінде қарайды. Белгілі ғалымдар С.Е. Шишов пен В.А. Кальней білім сапа-сын тұлғаның кәсіби, азаматтық біліктіліктерінің қалыптасуы мен мақ-сатқа жетуі арқылы түсіндіреді. Осы айтылған тұжырымдарды сара-лай келе, білім сапасын тек білім алудағы қабілет пен білімнің қалып-тасуы ғана емес, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтарының, жеке қасиеттерінің және әлеуметтік қоғамға бейімделу қасиетте-рінің жиынтығы деп алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет