Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


ТЕСТТІК ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҚЫЛАУ



бет195/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

ТЕСТТІК ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҚЫЛАУ
Тест– оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өл-шеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жо-ғалтпас үшін, көлемінің шағын болуы, оның әрі қысқа, әрі жинақы болуын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.
Тестік бақылаудың ерекшелігі: тест – бағалау нәтижесін нақты көрсетеді; уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады; бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді; тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.
Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне: күнделікті немесе ағым-дық; аралық ; қорытынды бақылау жатады.
Рейтинг – ағылшын тілінде («to rate») – «бағалау» немесе «же-тістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді. Рейтинг жүйесінің мақсаты: оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру; оқу-таным әреке-тінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру; оқу-таным әрекетіндегі білім, іскерлік, дағды сапасын, дә-режесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету; оқу-таным әрекетін-дегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру; тексеруде уақытты үнемдеу.
Рейтингтік жүйенің ерекшелігі – оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкін-дік туғызады, оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде олардың білім, іскерлік, дағдысының нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.


12.4. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдерінің жүйесі. Оқушылар портфолиосы. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, баға-лау пікірі.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2017-2018 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1, 5, 7- сыныптар көшеді. 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады, негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объек-тивті бағалау болып табылады.
Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту үдерісі білім алушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағыт-талған. Бұл оқыту үдерісінде оқытудағы дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтап, білім берудің 6 деңгейі бойынша айқындалып күтілетін нә-тижелерге негізделеді және білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қол-данады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды», яғни іс-әрекетті болжайтынын ескеру маңызды.
Оқыту мақсаттары күтілетін нәтижелер түрінде ұсынылып отыр. Әрбір бөлімшелерге дәйекті түрде енгізілген оқыту мақсаттары, мұға-лімдерге өз жұмысын жоспарлауға және білім алушылардың жетістік-терін бағалауға мүмкіндік береді.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқыту мақсат-тарымен жоспарланған, қол жеткізген нәтижелері дәрежесіне сай алдын ала белгіленген нақты критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, білім алушының жеке тұлғасы емес, оның жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алу-шылардың жұмыстарымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс түрінде) эталонымен салыстырылады. Не нәрсеге үйретеді, соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі – оқу мақсаттарының нақты көрсетілуі.
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу үдерісін барынша тиімді ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамта-масыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі алдымен білім алушыларды табысты оқуға ынталандыруға, білімдегі олқылықтарын анықтауға және олардың өсуін көрнекі түрде көрсетіп отыруға бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалаудан тұрады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін педагогтар мен ата-аналар әртүрлі қабылдады. Сол себепті, жыл бойы сұрақтар туындады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:
- оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді;
- білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады;
- оқу бағдарламаларына сәйкес дағдыларды дамыту және білім алуға дәлелдемелер жинақтау мен оқыту мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- әрбір сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының маз-мұны негізінде бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды.
Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара байланысына негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды баға-лаудың нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйым-дастыру үшін пайдаланылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.
Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығу-шылығын дамыту, оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу процесінде білім алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу үшін пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінде білім алушылардың білімді меңгеруі мен дағдылары қалыптасуы деңгейін анықтау үшін қызмет атқарады, білім беру үдерісін түзетуге мүмкіндік береді, мұға-ліммен кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізіледі. Қалыптас-тырушы бағалауды өткізер алдында білім алушыларды оқыту мақсат-тары және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Тапсырманы орындау кезінде неге назар аудару қажет екенін білім алушыларға түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің мағынасын түсіндіру қажет.
Оқыту үдерісінде білім алушының қойылған оқыту мақсаттарын түсінгендігін растау ретінде басқа да оқу міндеттері қойылып және тиімді сыныптық пікірталас қалыптасқаны маңызды. Мұғалімнің тұ-рақты түрде кері байланыс жасауы білім алушыларды алға қарай жыл-жуға, жақсы нәтижеге жетуге ынталандыратын болады.
Ойлау дағдылары деңгейін дәл бағалай білу критериалды баға-лаудың маңызды аспектісі болып табылады. Кестеде оқу бағдарлама-сына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері және қалыптасты-рушы және жиынтық бағалау барысында қарастырылған даму немесе қалыптасу дәрежесі берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет