Таужыныстардың жасы (геологиялық жылсанау)



бет1/2
Дата25.05.2023
өлшемі88,55 Kb.
#97230
  1   2
Байланысты:
4 Lekcija

ТАУЖЫНЫСТАРДЫҢ ЖАСЫ (ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖЫЛСАНАУ)


Жер планета ретiнде шамамен осыдан 4,6 млрд жылдай бұрын қалыптасқан. Жердiң қалыптасу жəне даму тарихында екi iрi əрі өздерiнiң ұзақтығы бойынша əркелкi – гео логияға дейiнгi жəне геологиялық кезеңдерге бөлiнедi.
Геологияға дейiнгi кезең ұзақтығы 0,5–0,6 млрд жылдай шамасындағы уақыт ара лығын қамтиды. Бұл кезең зерттеушiлерге əлi анық емес. Өйткенi ең көне таужыныстардың нақты жасы 4,03 млрд жылдан аспайды. Жердiң геологияға дейiнгi эво люциясының негiзгi мазмұны – оның бастапқы бiркелкi затының қабықтарға (геосфераларға) жiктелiп, Жердiң қатты денесiнің, атмосфера мен гидросфераның қалыптасуымен аяқталуы.
Геологиялық кезең жер қыртысы қалыптасқан кезден басталып, қазiргi кезге дейiнгi уақытты қамтиды. Осы кезеңнен бастап Жердiң iшкi жылуынан Күннен келетiн жылудың басымдығы артқан. Ал жер бетiнде негiзгi екi процестер тобы – эндогендiк жə не экзогендiк процестер орын алады. Геологиялық кезең архейді, протерозойды, палеозойды, мезозойды жəне кайнозойды қамтиды.
Таужыныс қатқабаттары жаралуының ретiн бiлу арқылы олардың салыстырмалы жа сын анықтауға, яғни олардың қайсысы бұрын, қайсысы кейiн; қайсысы жастау, қайсысы көнелеу екенiн айтуға болады. Таужыныстардың жасын осылай анықтау салыстырмалы геохронология (геологиялық жылсанау) деп аталады.
Таужыныстардың салыстырмалы жасын анықтау əдiстерi оларды салыстыра тал дап, көне жəне жас қабаттарды анықтауға негiзделген. Бұл əдiстер геологиялық уа қыттың ұзақтығын абсолют уақыт бiрлiгiнде анықтауға мүмкiндiк бермейдi (мысалы, шөгiндiлер қабатының жиналуын), бiрақ бiрлесіп жатқан таужыныстардың са лыстырмалы жасын жоғары дəлдiкпен анықтайды. Қазiр бiрнеше əдiс əзiрленiп, сəттi қолданылуда. Олардың негiзгiлерi стратиграфиялық, петрографиялық жəне палеонтологиялық əдiстер болып табылады.
Стратиграфиялық əдiс шөгiндi таужыныстардың қабаттасу реттiлiгiн зерттеуге негiзделген.
Петрографиялық əдiс таужыныстар құрамын зерттеуге жəне салыстыруға негiзделген, мысалы, көршi ұңғымаларда.
Палеонтологиялық əдiс көне қазба организмдер (жануарлар мен өсiмдiктер) қалдықтарын зерттеуге негiзделген. Ол таужыныстардың салыстырмалы жасын анықтаудың ең маңызды жəне ең көп таралған əдiстерінiң бiрi болып табылады. Ең дұрыс сақталатыны – организмдердiң қатты қаңқа бөлiктерi (жарғақ, қалқан, сүйек). Олар жартылай немесе толық минералдық жаралымдарға, көбiнесе кремнеземге немесе кальцитке алмасады. Жануарлар (фауна) мен өсiмдiктердiң (флора) тасқа айналған осындай қалдықтарын таснұсқалар деп атайды.
Бiрақ таужыныстар жасын анықтауға қазба организмдердiң барлығы бiрдей жарай бермейдi. Олардың iшiнде негiзгi рөлдi жетекшi қазба таснұсқалар ғана атқара алады. Оларға мынадай көрсеткiштер тəн болу керек:

  1. уақыт ағымында жылдам эволюцияланып, соның ықпалынан геологиялық қималардың тiк бағытында шектеулi таралуы; егер фаунаның кейбiр түрлерi геологиялық тарихта миллиондаған жыл бойы айтарлықтай өзгерiссiз дамудан өтiп, қалдықтары жасы бойынша əртүрлi таужыныс қабаттарында жаппай кездессе, олар əрине жетекшi қазба таснұсқалар рөлiн атқара алмайды;

  2. аудан бойынша кең таралуы, сондай-ақ түрлердiң көп болуы жəне олардың жақсы сақталуы.

Палеонтологиялық (биостратиграфиялық) əдiстер арасында маңызды орынды микропалеонтологиялық пен палинологиялық əдiстер алады. Микропалеонтологиялық əдіс микроорганизмдердi, оның iшiнде бiрiншi орында қарапайым түрлерiн зерттейді. Ал палинологиялық (споралық-тозаңдық) əдістің негiзгi нысаны микроскоптық өсiмдiк қалдықтары, олардың iшiнде споралық өсiмдiктер спораларының сыртқы қа бықтары мен тұқымдық өсiмдiктердiң гүл тозаңдарының дəнi. Зерттелетiн бұл өсiмдiк жаралымдары өте төзiмдi заттардан тұрады. Сондықтан олар қазба жағдайда жақсы сақталады.
Таужыныстардың жасын анықтауда палеонтологиялық əдіспен қатар палеомагниттік əдіс те қолданылады. Бірақ ол геохронологиялық шкаламен тығыз байланысты, сондықтан оны салыстырмалы деп атайды.
Палеомагниттік əдістің мəнісі мынада. Құрамында ферромагнит минералдар бар таужыныстар Жердің магнит өрісінде жаралғандықтан, сол кездегі магнит өрісі векторларын сақтап қалады. Оны қалдық магниттелгендік деп атайды. Таужыныс қабат тарының орналасуы магнит өрісіне қатысты өзгергенде немесе магнит өрісінің өзі орналасу жағдайын өзгертсе, «туа қалыптасқан» магниттелгендіктің бір бөлігі сақталып қалады, яғни қалдық магниттілікте бастапқыда таужыныстарды магниттеген магнит өрісінің полюстері сақталады.
Көп жағдайларда геологияның теориялық жəне практикалық мəселелерiн шешу үшiн салыстырмалы жасты анықтау жеткiлiксiз. Осыған байланысты тау жыныстардың кəдiмгi уақыт бiрлiгiмен, яғни жылмен есептелетiн абсолют жасын анықтау қажеттiгi туады. Минералдар мен таужыныстардың абсолют жасын анықтаумен айналысатын ғылым радиология деп аталады. Радиогеохронологиялық əдіс магмалық жəне шөгінді таужыныс қатқабаттарының жасын анықтаса, ал метаморфтық таужыныстар үшін оларға жоғары температура мен қысым ықпал еткен уақытты ғана білдіреді. Радиогеохронологиялық əдістің деректері 4.1-кестенің бағанасында келтірiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет