Таужыныстардың жасы (геологиялық жылсанау)



бет2/2
Дата25.05.2023
өлшемі88,55 Kb.
#97230
1   2
Байланысты:
4 Lekcija

Радиологиялық əдiстердi геологиялық жаралымдардың абсолют жасын анықтау мақсатында қолдану туралы ойды алғаш 1903 ж. Пьер Кюри айтқан.
Барлық радиологиялық əдiстер радиобелсендi элементтердің ыдырауына негiзделiп, əр радиобелсендi элементтiң ыдырау процесiнiң жылдамдығы (жартылай ыдырау мерзiмі – Т) тұрақты шама деген жорамалды басшылыққа алады. Эксперименттiк деректерге негiзделген қазiргi физикалық түсiнiктер радиобелсендi ыды раудың жылдамдығын геологиялық масштабта тұрақты шама деп санауға мүм кiндiк бередi. Құрамында белгiлi бiр радиобелсендi элемент бар əр минералда ыдырау процесi осы минерал жаралған сəттен басталатыны белгiлi. Осы тұрғыдан алғанда, ыдыраудың жылдамдығы, зерттелетiн минералдағы элементтiң мөлшерi мен ыдыраған өнiмдерiнiң мөлшерi белгiлi болғанда, оның жасын да анықтауға болады. Геологиялық оқиғалар мен нысандардың жасын уақыттың абсолют бірліктерінде (жылмен, мыңжылдықтармен, миллиондаған жəне миллиардтаған жылдармен) радиологиялық (изотоптық) əдістермен анықтайды. Бұл əдістер радиобелсенді элементтер ядросы ыдырауының тұрақты жылдамдығына (спонтанды бөлінуіне) негізделген.
Радиологиялық əдiстер жер қыртысы тарихындағы ең iрi уақыт аралықтарын жылмен өлшеуге мүмкiндiк бердi. Салыстырмалы жəне абсолют геохронология əдiстерi негiзiнде əзiрленген жержылнамалық уақыт шкаласы 4.1-кестеде берiлген.
Жер қыртысын зерттеу барысында геологтар оның тарихын кезеңдерге бөлудi əзiрлеп, осының негізінде барлық Жер шарына бiрдей стратиграфиялық шкала мен оған сəйкес келетiн геохронологиялық шкала жасалған.

Стратиграфиялық
Эонотема
Эратема
Жүйе
Бөлiм
Жiкқабат (ярус)

Геохронологиялық
Эон
Эра
Дəуір
Заман
Ғасыр

Геологиялық карталарда жасы əртүрлi таужыныстар өздерiне сəйкес қабылданған жалпыға ортақ түспен жəне индекстермен белгiленедi.
4.1-кесте
Жержылнама – жалпы геохронологиялық шкала (2012 ж.)
Төрттік (квартер) дəуірі (Q)

Дəуір

Тарау – млн жыл

Буын – ұзақтығы, млн
жыл

Тектоникалық фаза

Төрттік (квартер)
Q – 2,588 млн жыл

Голоцен QH – 0,0117

қазіргі QІV– 0,0117

Алматы

Плейстоцен QP – 2,576

жоғарғы QІІІ – 0,1143

Жоңғар

ортаңғы QІІ – 0,655

Баку

(төменгі QІ) калабрий Qс – 1,025

Қойбын

гелазий Qg – 0,782

Қорғас

Фанерозой (Ф)

Эон

Эра

Дəуір – млн жыл

Заман – млн жыл





Неоген N – 20,442
23,03

плиоцен N2 – 2,745

миоцен N1 – 17,697

Палеоген E ( *) – 42,97
66,0

олигоцен Е3 – 10,87

эоцен Е2 – 22,1

палеоцен Е1 – 10,0



Бор К – 79,0
145,0

соңғы K2 – 34,5

бастапқы K1 – 44,5

Юра J – 56,3
201,3

соңғы J3 – 18,5

ортаңғы J2 – 10,6

бастапқы J1 – 27,3

Триас Т – 51,4
252,6

соңғы T3 – 33,7

ортаңғы T2 – 12,2

бастапқы T1 – 5,4





Пермь Р – 46,3
298,9

лопин (татар) Р3 – 7,3

гваделуп (биарма) P2 – 12,4

приуралье P1 – 26,6

Карбон (таскөмір) С – 60,0
358,9

соңғы С3 – 8,1

ортаңғы C2 – 16,2



бастапқы C1 – 35,7

Девон D – 60,3
419,2

соңғы D3 – 23,8

ортаңғы D2 – 10,6

бастапқы D1 – 25,9

Силур S – 24,2
443,4

соңғы S2 – 8,2

бастапқы S1 – 16,0



Ордовик О – 42,0
485,4

соңғы O3 – 15,0

ортаңғы O2 – 11,6

бастапқы O1 – 15,4

Кембрий  (Є*) – 55,6

соңғы 3 – 11,6

ортаңғы 2 – 12,0

541,0±1,0

бастапқы 1 – 32,0

4.1-кестенің жалғасы Прекембрий (PЄ)

Эон (акрон*)

Эра (эон*)

млн жыл

Дəуір

Индекс



Неопротерозой

541
635
850
1000
1200
1400
1600
1800
2050
2300
2500
2800
3200
3600
4000

Венд V

NP3

NP

Рифей R

Қаратауий

NP2

NP1

мезопротерозой
МP

Юрматиний

MP3

MP2

Бурзяний

MP1

палеопротерозой РР

Суйсарий

РР4

Ятулий

РР3

Сариолий

РP2

Сумий

РP1



неоархей NA

Лопий




мезоархей МА

Саамий

палеоархей РА




эоархей ЕА




Г а д е й

4600








*2004 жылға дейін шыққан геологиялық карталарда қолданылған
Жерде тiршiлiктiң пайда болуы мен дамуы. Бiздiң планетада тiршiлiк жаралғанға дейiн алдымен сулы ортада химиялық эволюциядан өткен. Қалың су қабаты органикалық химиялық қосылыстарды Күннiң ультракүлгiн сəулесiнен қорғаған. Экс перименттер осындай жағдайда тiрi организмдердiң “негiзгi құрылыс материалы” – синиль қышқылы, альдегид пен аминқышқылдарының жаралуы мүмкiн екендiгiн дəлелдейдi.
Жерде химиялық эволюция осыдан шамамен 3,0 млрд жылдай бұрын алғашқы қарапайым тiршiлiк формаларының жаралуына əкелген. Ең алғашқы организмдер – бактериялар. Алғашқы протерозой ағымында органикалық тiршiлiктiң дамуы көкжасыл балдырлардың кең таралуы түрiнде бiлiнген.
Бұл балдырлардың фотосинтездеушi əрекетi атмосфераның құрамын өзгертiп, ер кiн оттек мөлшерiнiң едəуiр артуына əкелген. Ал бұл өз кезегiнде органикалық тiр шiлiктiң ары қарай дамуын қамтамасыз еткен. Осыдан 1,0-1,5 млрд жыл шамасы бұрын прокариоттар – бактериялар жəне көк-жасыл балдырлармен қатар эукариоттар – ең қарапайым бiр клеткалы организмдер пайда болған. Соңғы рифейде органикалық тiршiлiктiң дамуы əлi қаңқасыз көп клеткалы организмдердiң жаппай пайда болуымен айғақталады. Венд пен кембрийдiң тоғысында қаңқалы организмдер – трилобиттер, моллюскiлер, т.б. пайда болған. Осы айрықша оқиға протерозой мен фанерозой эондарының шекарасын бөлуге негiз болады.
Органикалық тiршiлiк палеозойда көп өзгерiстерге ұшыраған. Ордовик-силур дəуірлерінде алғашқы омыртқалылар (балықтар) пайда болса, карбонда қос мекендiлер жаралып, жануарлардың құрлыққа шығуы басталған. Оған дейiн – силурдевонда құрлықта алғашқы өсiмдiктер өссе, ал соңғы девон-карбонда қаулаған орман өсiп, көмiржаралу қарқынды жүрген.
Мезозой эрасында құрлықта, суда жəне ауада өмiр сүруге бейiмделген бауырымен жорғалаушылар ерекше дамып, басым тiршiлiк еткен. Алғашқы ергежейлi сүт қоректiлер мен кəдiмгi құстар пайда болған. Өсiмдiктер арасында жалаңаш тұқымдылар басым болса, дəуiрдiң соңында пайда болған гүлдiлер жылдам өркендей бастады. Юра дəуірінде динозаврлар барлық жерде мекендеген.
Мезозой мен кайнозой тоғысында тiршiлiк əлемiнде кембрийдiң басынан берi болмаған дағдарыс орын алған. Жануарлардың көптеген топтары – алып динозаврлардан бастап, майда фораминиферлерге дейiн осы кезде жойылып, олардың орнына жаңа организмдер – олардың ішінде алдымен сүтқоректiлер келген.
Осыдан 3,0 млн жылдай бұрын Жерде адам пайда болып, антропоген кезеңi басталған. Алғашқы адам пайда болып, дамыған ошақтардың бiрi Қазақстан саналады (Оңтүстiк Қазақстанның Қаратау жотасы). Антропоген кезеңінде Қазақ даласында сан түрлі жануарлар мекендеп, өсімдіктер өскен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет