1) Жер қыртысының қабаттарында кеңінен таралып бұзылып, жарылған таужыныстар құрылымы " жарықтар " деп аталады.
2) Жарықтардың кішігірім жер бөлігінде таралған жиынтығын "жарықшақтар" деп атаймыз.
3) Жарықшақтық дербестелмеден ішкі құрылысына байланысты жазықта бөлінуімен ажыратылады.
Дербестелме туралы мәлімет
1) Дербестелме дегеніміз, таужыныстарының жарықтар арқылы ірі кесектерге және жақпартастарға бөлінуі.
2) Дербестелменің пішіні жарықтардың орналасуына байланысты болып келеді.
3) Шөгінді таужыныстарда дербестелменің бірнеше түрлері кездеседі: призмалы, шар, жақпартасты, метаморфты тақта, үшкір бұрышты т.б
Жарықшақтарды зерттеудің себептері
1) " Жарықтар " көбінесе пайдалы қазбаларды кіріктіретін сыйымды құрылым ( вместилищем ) болып келеді.
2) " Жарықтар " пайдалы қазба кенорындар. жаралуына қолайлы фактор болып қана қоймай мин. шикізаттың құндылығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
3) Пайдалы қазбаларды байыту қажет болғанда " жарықтар " рудалардың технологиялық қасиеттерін жақсартады, яғни өндірілген рудадағы пайдалы компоненттің мөлшерін арттырады.
жарықшақтар
Жарықтардың жіктелуі
Таужыныстарында дамыған жарықтар жіктелуін олардың бітімдік ерекшеліктеріне ( қабаттылық, жіктастылық, сызықты және пластинкалы, минералдар орналасу бағыты ) , жарықтардың кеңістіктегі орнына немесе пайда болу жағдайына байланысты топтауға болады.
Сөйтіп алғашқысы морфологиялық ( геометриялық ), соңғысы генетикалық болып келеді.
Жарықтардың морфологиялық жіктемесі
Жарықтардың морфологиялық жіктемесі жеті белгісі бойынша жүргізіледі.
1. Пландағы пішіні бойынша. Келесідей жарықтар бөлінеді: түзусызықты А , доға тәрізді Б, тізе тәрізді В, сақиналы Г.
2. Құлау бұрыштары бойынша: көлбеу немесе жазықты ( 0-10 гр ) , жайпақ ( 10-45 гр ) , шұғыл ( 45-80 гр ) , тік ( 80-90 гр ).
3. Бетінің түр сипаты бойынша: тегіс ( гладкие ) , кетілген ( зазубренные ) , тегіс емес ( неровные ).
4. Таужыныстардағы байқалу дәрежесі бойынша : (ашық жарықшақтар) жарықшақ қабырғалары арасында кеңістік болады. Жабық ( жасырын ) қабырғалары арасында үңірейген кеңістік болмайды.
5-6-7. Жарықтардың ұзындығы, қабаттылықпен арақатынасы, жарықтардың өзара орналасуы бойынша.