Тавасарова А. А



бет9/85
Дата26.01.2022
өлшемі1,35 Mb.
#24341
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85

Exercises V



Тиісті белгісіздік артиклін койыңыз:

1. It’s ... text. It is ... big. 2. It is ... his pen. 3. It is ... red ... bus. 4. His dog is not... bad. 5. It is ... his desk.



Exercises VI To translate from Kazakh into English


Ағылшын тіліне аударыңыз:

1. Мынау көйлек. 2. Мынау оның партасы ма? Иə. 3. Мынау мысық емес, мынау ит. 4. Мынау қалам. 5. Мынау оның үстелі емес.


THE PRONOUNS


ЕСІМДІК

Сөз таптарының бірі - есімдік (the Pronoun). Есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің атын да білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Есімдік what?(He?) which? (қайсысы?) who? (кім?) whom? (кімді?) when? (қашан?) how much? (қанша?) how many? (неше? нешеу?) деген сұрақтарга жауап береді.



  1. Есімдік тұлғасына қарай simple (негізгі) жəне derivative (туынды), құрамына қарай simple (дара) жəне compound (күрделі) болып бөлінеді. Негізгі есімдіктер: I, you, he, she, it, we, you, they,

т.6.; туынды есімдіктер: myself, yourself, himself, т.б.; күрделі есімдіктер: somebody, someone, anyone, т.б.

  1. This, that есімдіктерінің өзіндік формалары бар. Жекеше түрде: this (мынау), that (анау); көпше түрде: these (мыналар), those (аналар).



  1. Есімдік зат есім сияқты жалпы атау септікте, жəне тəуелдік септікте беріледі: somebody (жалпы септік), somebody’s (тəуелдік септік). Басқа есімдік атау септікте жəне барыс септікте беріледі.

I - мен (атау септік); те - мені, маған (барыс септік); who - кім (атау септік); whom - кімге (барыс септік).

Кейбір есімдік септік формаларын қабылдамайды: each, every (əрқайсысы), both (екеуі), all (бəрі, барлық), what (не, қандай).

  1. Жіктік жэне тəуелдік есімдіктер ІІІ-жақта жеке формалары болады: he (ер адам), she (эйел адам), it (жансыз заттар).

  2. Есімдік лексика-семантикалық мағыналарына қарай 10 топқа бөлінеді. Олар: Personal (жіктеу); Possessive (тəуелдік); Reflexive (өздік); Demonstrative (сілтеу); Interrogative (сүрау); Indefinite (белгісіздік); Reciprocal (ортақ); Relative (қатыстық); Conjunctive (байланыстырушы); Negative (болымсыздық).

  3. Барлық есімдіктер есімдік-зат есімдер, есімдік-сын есімдер болып бөлінеді.

Есімдік зат есімдер заттық үғымды білдіретін сөздердің орнына жүреді. Есімдік зат есімдер сөйлемде бастауыш, есімді баяндауыш, толықтауыштың қызметін атқарады.

Есімдік сын есімдер заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына жүреді, сондықтан сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.

Тһis is an English book (есімдік-зат есім, бастауыш). - Бұл ағылшын кітабы. I'll take this book (есімдік-сын есім, анықтауыш). - Мен осы кітапті аламын.

Не has read all there is on this subject (есімдік-зат есім, тоқтауыш). - Ол осы сұраққа қатыстының бəрін оқып шықты.

  1. Есімдік - сын есімдер көбіне зат есімді анықтағандықтан, зат есімнің алдына артикль келмейді. This book is interesing - Бұл кітап қызықты. My room is very little. - Менің бөлмем өте кішкентай.

  2. Сөйлемде есімдік бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыштың қызметін атқарады.



FORMS OF PRONOUNS

ЕСІМДІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
KINDS OF PRONOUNS

ЕСІМДІКТІҢ МАҒЫНАЛЫҚ TYPJIEPI
Remember! Eсте сақтаңыз!

  1. Есімдіктің мынaдай түрлері бар: Emphatic pronouns (Ерекше мағынадағы өздік

есімдік(эмфатический)). Conjunctive pronouns (Байланыстырушы есімдік.)

  1. Emphatic pronouns (Ерекше мағынадағы өздік есімдік ) пен Reflexive pronouns (өздік

есімдік) сəйкес келеді. Мысалы : You yourself told them the story = You told them the story

yourself.

  1. Conjunctive pronouns (Байланыстырушы (шылау) есімдік ) пен Relative pronouns (Қатыстық

есімдік) сəйкес келеді. Бұл есімдік сұрау есімдіктерімен жасалады. Do you know who has bought the house? (subject).

  1. Distributive pronouns (Бөлшектік есімдік) болады: every, everyone, everybody, everything, both, either, neither. Quantitative pronouns (сандық есімдік ) болады: many and much, a little a few and Little fe



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет