- Мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында кеңінен таралған қысқарған сөздер
БЖБ – бөлімдік жиынтық бақылау
ТБЖ- тоқсандық
жиынтық бақылау
ҚБ – қорытынды
бақылау
ҚМЖ – қысқа
мерзімді жоспар
ҰМЖ – ұзақ
мерзімді жоспар
ҰБТ – ұлттық
бірыңғай тестілеу
Д/Ш – дене шынықтыру
ЖОО студенттері мен оқытушылары арасында кеңінен таралған қысқарған сөздер
Оқу барысы:
АБ (РК)– аралық бақылау (рубежный контроль); КБ (ТК) – ағымдық бақылау (текущий контроль); ЖОО атаулары:
ҚазҰУ (ҚазНУ), ҚазНАУ, ҚазҰПУ, ҚазГосЖенПУ
- Шет елдік сөздерден түбір алатын тұрмыстық немесе әңгіме арасында қолданылатын сөздер
-ОК- жарайды, жақсы, Изи (easy) – оп-оңай, сөз емес;
- сөзді жөнсіз қысқартып қолдану: раха – рахмет, см – сәлем, сб – сау бол, қс – қалайсың, инет – интернет және т.б.;
- Әлеуметтік желіде қысқартылып айтылатын сөздер
Инста-инстаграм
ВК –вконтакте
ҚТ – қайырлы таң немесе түн
кк- керек
ТБТ – өткен уақытта түсірілген сурет немесе архив
ПС- плейстейшн
SMS және MMS (хабарламалар түрлері).
Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар әсер етеді:
қазақ тіліне қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастың түбегейлі өзгеруі, қоғам және ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар;
тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады;
қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар