Теңдеулер жүйесі және теңсіздіктер жүйесі



бет5/16
Дата26.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#128379
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Методика

Білемін

Білдім

Білгім келеді













-сурақ-жауап
Студенттер бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылайды

-дебат
Студенттер бір-бірімен пікір аламасады

-тапсырмаларды орындау
Аудиториялық тапсырмаларды орындайды

-жеке жұмыс
Студенттердің деңгейіне байланысты тапсырмалар.

5.5

Сабақты қорытынды бағалау






5.6

Үй тапсырмасын беру

  1. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.

  2. №239. Математика.2-сынып.


«Болашақ» жоғары колледжі
БЕКІТІЛДІ ___________
Кафедра меңгерушісі «____» _________20__ж.
Оқу сабағының жоспары
Мың көлеміндегі қосу және азайтудың ауызша жағдайлары.
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі.


Педагог Даткаева Гаухар Ажибаевна дайындады

Топ

БҚБ-11г-22/1, БҚБ-11г-222.

Мерзімі

02.11.2023ж.












1

Сабақтың түрі



Практикалық.

2

Мақсаты, міндеттері

Студенттерге мың көлеміндегі қосу және азайтудың ауызша жағдайлары, қажетті және жеткілікті шарттар
тақырыптарын үйрету , оқыту әдістерін меңгерту.



3

Күтілетін нәтижелер

Студенттер мың көлеміндегі қосу және азайтудың ауызша жағдайлары ,қажетті және жеткілікті шарттар ұғымын біледі және түрлерін меңгереді.

4

Қажетті ресурстар

Слайд, презентация, таратпалар, кітап.







5

Сабақтың барысы




5.1

Сабақты ұйымдастыру

Студенттердің сабаққа дайындығы.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.




5.2

Өткен тақырыпты қайталау

Қайталау сұрақтарын беру:

  • Сандық өрнектер дегеніміз не?

  • Айнымалысы бар өрнек дегеніміз не?







5.3

Жаңа тақырыпқа шолу

Үй тапсырмасын «Көршіңді сына» әдісі арқылы жұптасып тексертемін.



1)
IV класс Миллиардтар класы III класс Миллиондар класы II класс Мыңдар класы I класс Бірліктер класы
Жүздік
милиард
Оңдық милиард Біірлік милиард Бірлік миллиард Жүздік миллион Жүздік миллион Оңдық миллион Бірлік миллион Жүздік мыңдық Оңдық мыңдық Бірлік мыңдық Жүздік Оңдық Бірлік
5 3 1
5 4 6 7 8 9
4 8 9 7 2 1 0 3 5
9 8 7 0 0 6 0 5 4 0 0 7
2) Осы санның сол және оң жағындағы көршілерін ата?
(549012198 және 549012200)
3) Осы санды разраядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастыр:
549012199 =500000000+4000000+9000000+10000+2000+100+90+9.
4) Осы санның цифрларын пайдаланып ең кіші және ең үлкен сан жаз:
101245999 және 999542110.
5) Санды жаз:3-кластың 70 бірлігінен, 2-ші кластың 70 ондығынан және
1 кластың 7 бірлігінен тұратын. (70700007)
6) Осы санада барлығы неше бірлік бар? (70700007)
7) Осы санда барлығы неше оңдық бар? (7070000)
8) Осы санда барлығы неше жүздік бар? (707000)
9) Осы санда барлығы неше бірлік мыңдық бар? (70700)
10) Осы санда барлығы неше оңдық мыңдық бар? (7070)
11) Осы санда барлығы неше жүздік мыңдық бар? (707)
12) Осы санда барлығы неше бірлік миллион бар? (70)
13) Осы санда барлығы неше оңдық миллион бар? (7)
14) Ең үлкен 4 таңбалы санмен ең кіші 4 таңбалы санның айырмасын тап: 9999-1000=8999
Кестеден тыс ауызша есептеу тәсілдерін «Жүздік» тақырыбында оқытудың ең негізгі қорытынды нәтижесі, сандарды разрядтар (бірліктер, ондықтар) бойынша қосуға және азайтуға болатындығы.
Кейбір ауызша есептеу тәсілдеріне қысқаша шолу жасайық.
Төмендегі мысалдар ауызша есептеудің қандай тәсілдеріне негізделген ?
1. 30+7= 37, 30-7= 30, 37-30=7 (ондық санау жүйесіндегі сандардың құрамына негізделген )
2. 34+8=30+ (4+8) = 30+12= 42 (екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу және азайту)
30-3= 20+ (10-3) = 20+ 7 = 27
3. 34 + 24 = (30+20) + 4= 50+4 =54 (0- мен аяқталатын екі таңбалы сандарды қосу және азайту)
50-24 = (50-20) – 4 = 30-4 = 20+ (10-4) = 20+6 = 26
4.34+23 = (30+20) + (4+3) =50+7 =57 (екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу және азайту)
5. 54-28 = (40-20) + (14-8) =20+6 =26 (екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту)
Математиканы бастауыш буында оқытудың белгілі бір кезеңінде арифметикалық амалдарды орындаудың тәсілдері үйретіледі. 100 көлеміндегі сандар мен 1000 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу мен азайту 2- сыныпта енгізіледі, ал көбейту мен бөлу сндай-ақ үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін қарастыру 3- сыныпта көзделеді. 4- сыныпта амалдарды орындаудың жазбаша тәсілдері көп таңбалы сандарға қолданылады да, сәйкес есптеулер жүргізу біліктері мен дағдылары қалыптастырылады. Жазбаша есептеу тәсілдері амал алгоритмдерінің мән-мазмұны болып табылады. Амал алгоритмі- қандай да бір амалды орындау процесіндегі саналы іс-әрекеттің әр қадамын бағыттап отыратын орныққан тәртіп-ережелердің жүйесі. Қосу мен азайту амалдары алгоритмдерінің мән-мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды: сандарды разряд бірліктерін бірінің астына бірін дәл келтіріп ретті жазу, амалды кіші разрядтан бастап біртіндеп орындау кезінде разряд бірліктерін «ірілеу» немесе «ұсақтау», нәтиженің дұрыс табылғанына тексеру арқылы көз жеткізу. Оқушылар күнделікті тәжірибеде мысалдарды қарастыру барысында
Жиын және оларға амалдар қолдану Теріс емес бүтін сандарға қолданылатын амалдар ұғымы
· Жиын ұғымы және жиынның
элементтері
· Жиынның берілу тәсілдері
· Жиынның арасындағы қатыстар
· Жиындардың қиылысуы
· Жиындардың бірігуі
· Жиындардың бірігуінің және
қиылысуының заңдары
· Жиынның толықтауышы
· Жиынды кластарға бөлу
· Қосу · Қосудың заңдары · Азайту · Оңдық санау жүйесінде көп таңбалы сандарды қосу · Оңдық санау жүйесінде көп таңбалы сандарды азайту
сандарды разрядтар бойынша қосу мен азайту дағдысын игереді. Есептеулерді ауызша немесе жазбаша жүргізуге жаттыға келе оқушының екі таңбалы санды қосу мен азайтуға қатысты дағдылары олардың шұғыл түрде орындайтын іс-әрекеті деңгейіне жеткізіледі. Балалар мысалды оқылғанда (есту) және жазылғанда (көру) бірден ондықтар, бірліктер разрядындағы цифрларға назар аударып, іштен есептей отырып нәтижені бірден айтады немесе жазады. Сонымен «Жүздік» тақырыбын оқып-үйренудің соңын ала оқушылар қосу мен азайту алгоритмдерінің мән-мазмұнын игеріп шығады деуге толық негіз бар. Ал «Мыңдар» тақырыбында қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері бойынша оқушылар өздерінің игерген білім, білік және дағдыларын сандардың жаңа облысына қолданады.
Жазбаша қосу мынадай ретпен қарастырылады:
1) бірліктерінің қосындысы мен ондықтарының қосындысы 10-нан кіші (кем)болатын жағдайлар;
2) бірліктерінің қосындысы, ондықтарының қосындысы 10-ға тең болатын жағдайлар;
3) бірліктерінің қосындысы, ондықтарының қосындысы 10-нан үлкен болатын жағдайлар;
Оқушылар жазбаша есептеулермен қатар ауызша есептеулерге төселуі үшін мынадай тапсырмалар берген орынды: х – 290 =610, х+294 = 638
Азайтудың жазба әдістерімен орындалатын жұмыс осыған ұқсас жүргізіледі. Қосу амалындағыдай, мысалды баған түрінде жазса, нәтижені табу оңай және жылдам болатынын балалар байқайды. Бұдан кейін ортасында немесе соңында нөлдері бар сандарды азайту жағдайлары қарастырылады : 547-304 = , 547-340 = Оларды енгізуден бұрын 0- мен байланысты амалдарды қайталап алған дұрыс 5+0 , 5-0, 0-7
Есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін әр түрлі жаттығулар енгізіп отыру қажет.
540 603 875 900 - 126 - 281 - 528 - 547 ------- --------- -------- ---------
Жаттығуларды орындау процесінде оқушылардың пайымдаулары неғұрлым қысқа болып, ал есептеу тезірек орындалуы тиіс.
«Мыңдар» тақырыбын оқып үйренуде жазбаша қосу мен азайту дағдылары кемелдене түседі де, ол тақырыпты оқып үйренудің соңында барлық оқушылар сәйкес алгоритмдердің мән-мазмұнын және орындаудың кезеңдерін еркін игеруі тиіс, осыған жету үшін қосу және азайту амалдарын орындаудың ерекшелігі мынадай ретпен ашылады.
Ондықтан аттап қосу не азайту кезінде оқушылар қателесетін немесе қиналатын болса, ондай оқушылармен жеке көмек көрсетіліп, оларға мынадай жазулардың көрсетілуі мүмкін:
378 564 570 1010 + 419 + 398 - 246 - 268 ------- ---------- ---------- ----------
«Миллиондар» көлеміндегі сандарды нөмірлеу мен оларға жүргізілетін амалдарды оқып –үйрену барысында жазбаша қосу мен азайту дағдылары дамытыла түседі.Мұнда оқушылар өздеріне үйреншікті алгоритмдерді тек қана көп таңбалы сандарға қолданады.
Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтумен танысу кезінде оқушылар әрбір келесі мысалдың құрамына алдыңғы сандар еніп отырған жағдайларды қарастырады. Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтусияқты орындалатындығы жөнінде қорытынды жасайды.
Бұдан кейін қосу мен азайту жағдайлары біртіндеп қиындай түседі.Бірте-бірте разрядтық бірліктерді аттап өту саны артады: азайтуда азайғыштың нөлдері бар болатын жағдайлары енгізіледі; бірнеше қосылғыштарды қосу, сондай-ақ атаулы сандарды қосу мен азайту үйретіледі.Азайтуда азайғыштың кіші разрядтық санмен берілген жағдайлары біршама қиындық келтіреді, жоғарғы разряд бірліктерін төменгі разряд бірліктеріне ұсақтауды көрсеткен тиімді. Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды үйренген кезде сол амалдарды ауызша орындау тәсілдеріне көңіл бөлудің маңызы зор, олай болмағанда есептеудің жазбаша әдістерін меңгеріп алғаннан кейін балалар оларды жазбаша үшін де, ауызша жағдайлар үшін де қолдана бастайды. Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды оқып үйренгеннен кейін метрикалық өлшеуіштермен өрнектеліп жазылған құрама атаулы сандарды қосуға және азайтуға кіріседі, өйткені бұл есептеулердің әдісі ұқсас.Құрама атаулы сандарға амалдарды түрліше қолдануға болады.Ұқсас атаулы садардан бастап тиісті түрлендіруді бірден орындай отырып, бірдей атаулы бірліктерді қосып не азайтып, алдымен берілген сандарды атаулары бірдей жай атаулы санға түрлендіріп, шыққан нәтижені неғұрлым ірі өлшеу бірліктерімен өрнектеу.
12647 12т 647кг 12км 647м 124 теңге -5384 -5т 384 кг -5км 384 м - 78 теңге 50 тиын ---------- ---------------- ------------------ ------------------------------
Уақыт өлшеуіштерімен өрнектелген атаулы сандарды қосу және азайту 3-сыныптың екінші жартыжылдығының соңына қарай қарастырылады. Уақыт өлшеуіштерімен өрнектелген атаулы сандарды қосу және азайтуды оларды жай атаулы сандармен алмастырмай –ақ орындаған дұрыс.
12 жыл 10 ай - 5 жыл 11 ай



5.4

Жаңа тақырыпты пысықтау

-рефлексия

Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін «БББ кестесі» тәсілін пайдаланамын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет