Техническая механика


Күш. Табиғаттағы заттық денелер əрдайым өзара немесе қоршаған ортамен əсерде болады. Күш



бет2/4
Дата03.12.2023
өлшемі202,68 Kb.
#133983
1   2   3   4
Байланысты:
f61ee6f7c2d08a0

Күш. Табиғаттағы заттық денелер əрдайым өзара немесе қоршаған ортамен əсерде болады. Күш деп денелердің өзара механикалық əсерлерінің өлшемін атайды. Күнделікті тұрмыста, техника саласында күштің денеге əсері оның шамасы (модулі), бағыты жəне түсу нүктесі арқылы анықталатынын көреміз. Бұдан күшті векторлық шама деп қарастыруға болатындығы шығады.
Күш шамасы динамометрдің жəрдемімен өлшенетін салмақ арқылы анықталады. Механикада күштің өлшем бірлігі ретінде физикалық шамалардың өлшеу бірліктерінің халықаралық жүйесінде (СИ) 1 Ньютон алынады.
Ньютон деп массасы 1кг денеге күш әсері бағытында 1м/с2 үдеу беретін күш алынады. Ньютонның еселік бірліктері – килоньютон (1кН=103Н) және меганьютон (1МН=106Н).
Күш векторы үстінде сызықшасы немесе жебесі бар латынның бас əріптерімен, мысалы, F деп, ал күштің модулі сол әріппен белгіленеді.
Күшті кез келген вектор ретінде бағытталған кесіндімен бейнелеуге болады. Белгілі бір масштабта алынған AB кесіндінің ұзындығы (1.1-сурет) күш векторы F- тың сан модулін бейнелейді, ал оның бағыты күштің əсер ету бағытына дəл келеді. A нүктесі вектордың бас нүктесі, ал B нүктесі вектордың ұшы деп аталады. Дененің күш әсер етіп тұрған А нүктесі күштің түсу нүктесі, ал бойымен F күш векторы бағытталған m-n сызығы күштің әсер сызығы деп аталады. Көптеген жағдайларда күш векторын вектордың ұшындағы нұсқар күштің түсу нүктесіне тіркелгендей кескіндеу қолайлы (1.1-суреттегі Q күш).
1.1- сурет 1.2 - сурет
Қатты денеге бір мезетте бір ғана емес, бірнеше күш əсер етуі мүмкін (1.2-сурет). Оларды (F1, F2, …, Fn) деп белгілейік.
Күштер жүйесі. Қандай да бір денеге бір мезгілде əсер ететін күштер жиынын күштер жүйесі деп атайды.
Күштер жүйесі дөңгелек жақшалар ішінде алынған күш векторларымен белгіленеді. Мысалы, (F1, F2, …, Fn) – n күштен тұратын күштер жүйесі.
Əсер сызықтары əртүрлі жазықтықта жататын күштер жүйесі кеңістіктік күштер жүйесі деп аталады. Егер қарастырылатын күштер жүйесінің əсер сызықтары бір жазықтықта жататын болса, онда оларды жазық күштер жүйесі деп атайды. Əсер сызықтары бір нүктеде қиылысатын күштер жүйесі жинақталатын күштер жүйесі деп аталады. Əсер сызықтары параллель күштер жүйесі параллель күштер жүйесі деп аталады. Аталған күштер жүйесі кеңістіктік жəне жазық күштер жүйесін түзуі мүмкін.
Дененің механикалық күйін өзгертпей əсер етуші күштер жүйесін тепе-теңдіктегі күштер жүйесі деп немесе нөлге эквивалентті (парапар) күштер жүйесі деп атайды.
(F1, F2, …, Fn) ~ 0
Денеге бірдей механикалық əсер етуші əртүрлі күш жүйелері бір- біріне эквивалент жүйелер деп аталады.
Егер (F1, F2, …, Fn) және (Р1, Р2, …, Рk) екі күш жүйесі болса, онда бұл анықтама былай жазылады:
(F1, F2, …, Fn) ~ (Р1, Р2, …, Рk).
Эквивалент екі күш жүйесінің қандай да бір денеге əсерлері бірдей болғандықтан, олардың біреуін екіншісімен алмастыруға болады.
Қатты денеге түсірілген (F1, F2, …, Fn) күштер жүйесі бір R күшіне эквивалент болса, онда ол күшті берілген күштер жүйесінің тең əсерлі күші деп атайды:
(F1, F2, …, Fn) ~ R
Берілген күштер жүйесінің теңестіруші күші осы жүйенің теңгеруші күші деп аталады. Қандай да бір күштер жүйесінің тең əсерлі жəне теңгеруші күштері шама жағынан тең болып, денеге бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытта əсер етеді. Теңгерілген күштер жүйесінің тең əсерлі күші нөлге тең, басқаша айтқанда, теңестірілген күштер жүйесі нөлге эквивалентті. Егер қатты денеге əсер етуші күштер жүйесі теңгерілген күштер жүйесін құрайтын болса, онда бұл дене тепе-теңдікте болады. Бұл тұжырымнан тыныштықта тұрған денемен қатар бірқалыпты түзу сызықты ілгерілемелі қозғалыстағы денені де тепе- теңдікте деп қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет