Техническая механика



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі202,68 Kb.
#133983
  1   2   3   4
Байланысты:
f61ee6f7c2d08a0


Тақырыбы: Статиканың негізгі түсініктері мен аксиомалары
Құзыреттілік:
Ақпараттық: Техникалық механика ғылымының ролі және статиканың негізгі ұғымдары туралы ақпарат беру, статиканың аксиомаларымен танысу.
Коммуникативтік: Статика ұғымдары білімдерін қалыптастыру.
Мәселелерді шешу: Техникалық процесстерді және құбылыстарды шын мәнінде бағалау, есептеулерді жүргізе білу.
Жоспар:
а) «Техникалық механика негіздері» пәнінің мазмұны
б) Статиканың негізгі ұғымдары
в) Статиканың аксиомалары
а) «Техникалық механика негіздері» пәнінің мазмұны
«Техникалық механика негіздері» пәні мазмұнының міндетті минимумына және даярлау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған.
«Техникалық механика негіздері» оқу құралы жалпы техникалық білім жиынтығынан құралған үш бөлімнен тұрады:
- теориялық механика;
- материалдар кедергісі;
- машина бөлшектері.
Теориялық механика – кеңістіктегі денелердің тепе-теңдік күйін, күштер жүйесін, бір жүйенің екінші жүйеге ауысуын сипаттайтын ғылым.
Материалдар кедергісі – құрылымдарды беріктікке, қатаңдыққа және тұрақтылыққа есептеу әдістерін үйрететін ғылым.
Машина бөлшектері – бір типтес бөлшектердің есептеу әдістерін, құрылыс ерекшеліктерін және пайдалану бағытын зерттейтін ғылым.
«Техникалық механика негіздері» пәні денелердің қозғалысы және тепе-теңдікті ауыстырудың негізгі мағлұматтарын, машиналар элементтерін, ғимараттардың беріктікке, қаттылыққа, орнықтылыққа есептеу әдістерін, машиналар мен механизмдер бөліктерін жобалау негіздерін және олардың қолданылуын оқытуды қарастырады.
б) Статиканың негізгі ұғымдары
Статика деген ұғым гректің «statika» деген сөзінен шыққан. Бұл грекше бір орында тұру, қозғалмау, тыныштықта болу деген ұғымды білдіреді.
Статика – күш әсеріндегі материалдық денелердің тепе-теңдігін зерттейтін ғылым.
Механика – матриалдық денелердің механикалық қозғалыстары мен олардың өзара механикалық әсерлерінің заңдарын зерттейтін ғылым.
Механикалық қозғалыс деп денелердің немесе олардың құрайтын бөлшектердің уақыт өтуіне байланысты бір-біріне қарағандағы кеңестіктегі орын ауыстыруын айтады.
Кез-келген денені материалдық нүкте деп алуға болады. оның материалдық өлшемдері ескерілмеген жағдайда, дененің массасымен жабдықталған геометриялық нүкте деп қарастырылады.
Дененің тепе-теңдігін қарастырған кезде оларды абсолюттік қаты дене деп есептейді.
Абсолюттік – қатты дененің қандай да болмасын сыртқы әсерден, олардың өлшемі мен пішіні және кез-келген екі нүктенің ара қашықтығы өзгермейді деп ұйғарылады. Негізінде барлық денелер күш әсерінен деформацияланады. Құрылым элементтерінің материалдары, өлшемдері мен пішінінің деформациялануы өте аз болатындай етіп таңдалынады. Сол себептен, мұндай деформациялану ескерілмейді де құрылым элементтері абсолюттік қатты дене деп қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет