«техникалық физиканың машиналық графика элементтері» ПӘні бойынша



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата15.03.2017
өлшемі0,98 Mb.
#9282
  1   2   3   4   5   6

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

3 денгейлі СМЖ құжаты 



ПОӘК 

 

ПОӘК 042-14-1-



05.1.20.43/03-2013 

ПОӘК 


«Техникалық 

физиканың 

машиналық 

графика 


элементтері»  пәні  бойынша 

оқу- әдістемелік құралдары  

«» қыркүйек 2013 ж. 

№1 басылым 



 

 

 



 

 

 



«

ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКАНЫҢ МАШИНАЛЫҚ ГРАФИКА 

ЭЛЕМЕНТТЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША  

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКСІ  

 

5В072300 Техникалық физика мамандығы үшін 

 

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Семей 2013 



ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 2

 

беті 

 

 

 



Мазмұны 

 

1 ГЛОССАРИЙ ............................................................................................................ 3 



2  ДӘРІСТЕР ................................................................................................................ 5 

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР .............................................................................. 54

 

4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ ....................................................................... 56 



ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 3 беті 

 

 



 

1 ГЛОССАРИЙ 

 

Графиктік  жүйе  ядросы  –  машиналық  графика  облысындағы  бірінші 



халықаралық стандарт.  

Жасаушы – графиктік жүйені талаптарға сай жасайтын және оны жалпы 

қолданушы  (қолданбалы  программист)    мұқтаждарына  икемдейтін  маман 

специалист (немесе мамандар тобы).  

Қолданбалы 

программист 



– 

машиналық 

графиканың 

тікелек 


қолданушысы – сіз бен біз. Біз әрбір нақтылы есепте графиктік жүйеден бізге 

не  керек  екенін  анықтаймыз  және  жасаушылар  қарастырған  жүйенің  барлық 

мүмкіндіктерін пайдаланамыз.  

Оператор – ДК пультында отырған және онымен тікелей жұмыс істейтін 

адам. 

Примитив – бір командамен жасалатын, редактрленетін және жойылатын 



базалаық графиктік элемент.  

Ұяшықтар  матрицасы  –  растрлық  құрылғы  пиксельдер  матрицасын 

жалпылау.   

Жалпыланған  шығару  примитиві  –  графиктік  шығарудың спецификалық 

құралдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды, мысалға, сплайндармен қисықтар 

интерполяциясын, доғалар мен шеңберлер салу т.с.с. т  

Нормативтік координаттар – бұл 0 мен 1 аралығында өзгеретін нақтылы 

құрылғыға тәуелсіз берілген координаттар.  

Құрылғы координаттары, немесе  координаттардың аппараттық жүйесі  – 

бұл нақтылы орнатудың координаттық жүйесі (экранның, графопостроительдің, 

принтердің т.с.с.). 

Аффиндық  кеңістік    -  жалғастырылған  векторлық  кеңістігі  бар  нүктелік 

жиын 

Аффиндық координаттар жүйесі – координаттар жүйесінің бас нүктесінен 



басталатын n сызықтық тәуелсіз векторлар жиынымен анықталатын n- өлшемді 

аффиндық кеңістіктегі жүйе.  

Ортографиялық  проекция  –  картиналық  жазықтық  координаттық 

жазықтықтардың біреуімен сәйкес келетін немесе оған параллель.   

Аксонометриялық  проекция  –  ол  үшін  проекциялаушы  түзулер 

картиналық жазықтыққа 

.  


Триметрия  –  картиналық  жазықтыққа  нормаль  координаттық  осьтер 

орттарымен әртүрлі бұрыштар құрайды.  

Диметрия – осы бұрыштардың екеуі өзара тең болғанда 

Изометрия –барлық үш бұрыш өзара тең болғанда.   

Қисықбұрышты  проекциялар  –  түзулер  байламы  экран  жазықтығына 

перпендикуляр емес болғанда.  

Еркін  проекция  –  жазықтыққа  проекцияланатын  түзулердің  еңкею 

бұрышы түзудің жартысына тең болғанда.  



ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 4

 

беті 

 

 

Кабинеттік  проекция  –  еркніннің  жеке  жағдайы,  мұнда  үшінші  ось 



бойынша масштаб, алғашқы екеуі бойыншаға қарағанда  екі есе аз.  

Алынатын түзулер байламының центры сәйкес келу нүктесі деп аталады.  

Сәйкес келу нүктесінің басты нүктелері  - бұл  байламдардың сәйкес келу 

нүктелері, олар координаттыұ осьтерге параллель және саны үшеу.  

Растр – бұл жазықтықтағы бүтін санды тор.  

Объектінің  растрлық  берілуі  –  берілген  геометриялық  фигураға 

бүтінсанды жазықтағы жиын сәйкес қойылағанда 

Кесіндінің  растрлық  ашылуы  –  бұл  кесіндіні  бейнелейтін  экрандағы 

пиксельдер жиынын тізбектеп инициализациялау процесі.  

Көпбұрыш - фигура, сынық тұйықталған сызықтармен шектеледі.  

Тізім  –  бұл  элементтер  жиыны,  олардың  кез-келгені  осындай  массивке 

қойылуы мүмкін немесе кез-келген ретпен одан алынып тасталады.  

Шірет  –  элемент  осындай  массивтен  тек  қана  қойылған  реті  бойынша 

ғана алынып тасталуы мүмкін. 

Стек – бір жағынан ғана ашық элементтердің сызықтық массиві (тізім) ,.  

Беттің  элемент  тереңдігі  деп,  осы  элементтің  картиналық  жазықтыққа 

дейінгі қашықтығын айтамыз. 

Триангуляция – жазықтықты үшбұрыштарға бөлу.  

Триангуляция процесі – берілген нүктелерде төбелері бар қиылыспайтын 

үшбұрыштар желісін жасау.  

 

 


ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 5 беті 

 

 



         2  ДӘРІСТЕР 

 

Дәрістер  –  бұл  оқулық  сабақтарының  түрі,  оның  мақсаты  тәртібі  ойша 

сақталып пәннің түсіндірілетін теориялық сұрақтарын қарастырудан тұрады. 

 

1 Дәріс 

 

Тақырып. Кіріспе. Графиктік мәліметтердің негізгі берілулері 



 

Сұрақтар 

1

 



Машиналық  графикаға  кіріспе.  Компьютерлік  графика  түрлері. 

Растрлық графика. Векторлық графика. Фрактальдық графика. 

2

 

Үшөлшемді  графиканың  негізгі  ұғымдары.  Графиктік  мәліметтер 



форматтары.  

3

 



Түс ұғымы. Түсті сипаттау тәсілдері. Түсті басқару жүйелері. 

 

Компьютерлік  графика  –  әр  түрлі  кескіндерді  (суреттерді,  сызбаларды, 



мультипликацияларды)  компьютердің  көмегімен  алуды  қарастыратын 

информатиканың маңызды саласы.   

Дербес  компьютерді  пайдаланушылардың  қатарында  компьютерлік 

графикамен  айналысатындардың  саны  күн  санап  артып  келеді.  Қазіргі  кез-

келген  мекемеде  кей  уақытта  газеттер  мен  журналдарға  жарнамаларға 

тапсырыс  беру  немесе  жарнамалық  парақшалар  мен  буклеттер  басып  шығару 

қажеттілігі  туындайды.  Олардың  кейбіреулері  осындай  жұмыстарды  арнайы 

дизайнерлік  бюролар  мен  жарнамалық  агенттіктерге    тапсырса,  кейбіреулері 

қолда  бар  программалық  құралдарын  пайдаланып,  өз  күштерімен  жасауға 

тырысады.  

 Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз 

жұмыс  істемейді.  Статистикаға  сүйенсек,  жаппай  қолданыста    жүрген 

программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері  өз 

жұмыстарының 90 % уақытын  осы графикамен шұғылдануға  жұмсайды екен.  

Графикалық  программаларды  кең  көлемде  қолдану  қажеттілігі 

Интернеттің  және  бірінші  кезекте  миллиондаған  интернет  парақтарын  бір 

«өрмекпен»  байланыстырған    World  Wide  Web  қызметінің    пайда  болуынан 

туындады.  Өйткені  компьютерлік  графикасыз  безендірілген  web-парақтың 

бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.  

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана 

емес,  ғылым  мен  медицинаның  барлық  саласында,  коммерциялық  және  

әкімшілік  қызмет  орындарында  алуан  түрлі  ақпаратты  көрнекі  түрде  көрсету 

үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады. 

Конструкторлар  автомобильдің  немесе  ұшақтың  жаңа  үлгілерін 

құрастырған  кезде  олардың  соңғы  көрінісін  алу  үшін  үшөлшемді  графикалық 

объектілерді  қолданады.  Архитекторлар  монитор  экранында  болашақ 



ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 6

 

беті 

 

 

ғимараттың  кең  көлемді  кескінін  жасап,  оның  жер  бедерімен  қалай 



жанасатынын алдын-ала болжай алады.  

 Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі 

салаларға бөлінеді: 

   


Ғылыми  графика.  Алғашқы  компьютерлер  тек  ғылыми  және  өндірістік 

есептерді  шығару  үшін  қолданылды.  Есептерден  шыққан  нәтижелерді  дұрыс 

түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, 

сызбалар  тұрғызған.  Машинадағы  алғашқы  графиктерді  символдық    режимде 

басып  шығаратын.  Кейін  сызбалар  мен  графиктерді  қағазға  қаламұштың 

көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда 

болды.  

Қазіргі  заманғы  ғылыми  компьютерлік  графика  әр  түрлі  есептеу 

тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге   мүмкіндік 

береді.  

 

  

Іскерлік  графика  –  қандай  да  бір  мекеме  жұмысының  көрсеткіштерін 



көрнекі   түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды 

саласы.  Іскерлік  графиканың  көмегімен  жоспар  көрсеткіштерін,  есеп 

құжаттарын,  статистикалық  есептерді  және  т.б.    объектілерді  көрнекі  түрде 

ұсынуға  болады.  Іскерлік  графиканың программалық  жабдықтары  электронды 

кестелердің құрамында болады.   

Конструкторлық 

графика 

инженер-конструкторлардың, 



архитекторлардың,  жаңа  техниканы  ойлап  шығарушы  өнертапқыштардың 

жұмысында  қолданылады.  Компьютерлік  графиканың  бұл  түрі  САПР-



ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 7 беті 

 

 



дың(систем  автоматизации  проектирования-  жобалауды  автоматтандыру 

жүйесі)  міндетті  элементі  болып  табылады.  Конструкторлық  графика 

құралдарын  пайдалана  отырып  жазықтықтағы  кескіндерді  (проекциялар, 

сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады. 

 

Суреттеу 



графикасы 

(көркем 


графика)  деп  компьютер  экранында 

ерікті  түрде  сурет  салу  мен  сызуды 

айтады. 

Суреттеу 

графикасының 

пакеттері 

жалпы 

мақсатта 



пайдаланылатын 

қолданбалы 

программалық 

жасақтамалардың 

қатарына  енеді.  Суреттеу  графикасында 

қолданылатын 

 

қарапайым 



программалық 

жабдықтарды  

графикалық редакторлар деп атайды.  

Жарнамалық  графика  –  теледидар  пайда 

болғаннан  кейін  танымал  бола  бастады.  Қазір 

компьютердің  көмегімен  жарнамалық  роликтер, 

мультфильмдер, 

компьютерлік 

ойындар, 

видеодәрістер 

мен 

видеопрезентациялар 



жасалады.  Оларды  жасау  үшін  қолданылатын 

графикалық 

пакеттер 

осы 


мақсатта 

қолданылатын  компьютерлердің  жады  мен 

жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. 

Осы  графикалық  пакеттердің  басты  ерекшелігі  ретінде  олардың  шыншыл 

кескіндер  мен  «қозғалатын  суреттерді»  жасау  мүмкіндігін  айтуға  болады. 

Үшөлшемді  объектілерден  тұратын  суреттерді  салу,  оларды  бұру,  жақындату, 

аластату,  деформациялау  үлкен  көлемде  математикалық  есептеулерді  қажет 

етеді.  Мысалға,  объектінің  жарықтылық  деңгейін  сол  объектіге  түсіп  тұрған 

жарық  көзін,  оны  қоршаған  заттардың,  олардың  көлеңкелерін  есепке  ала 

отырып  бейнелеу    үшін  оптиканың  заңдарын  есепке  алатын  күрделі 

есептеулерді  жүргізу қажет.  

 

Компьютерлік 



анимация 

деп 


дисплей 

экранында 

қозғалатын 

кескіндерді 

жасау 

өнерін 


айтады. 

Суретші қозғалатын объектінің бастапқы 

және 

соңғы 


қалпын 

бейнелейтін 

суреттерді  ғана  салады,  ал  осы  екі 

суреттің арасындағы барлық қозғалысты 

компьютер  осы  объектіні  қозғалтуға 

қажетті 


алдын-ала 

белгіленген 



ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 8

 

беті 

 

 

математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір 



жиілікпен  бірінен  кейін  бірі  пайда  болатын  осындай  суреттердің  жиынтығы 

экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.      

Мультимедиа  деп  -  компьютер  экранындағы    жоғары  сапалы  кескінді 

дыбыстық  сүйемелдеумен  біріктіруді  айтады.    Мультимедиа  құралдары  оқу-

ағарту  саласында,  электронды  ақпарат  құралдарында  және  т.б.  мақсатта 

қолданылады. 

Мультимедиа 

мүмкіндіктерін 

толық 

пайдалану 



үшін 

компьютерге  арнайы  программаларды  орнатып  қана  қоймай,  арнайы 

құрылғыларды қосу қажет.      

Компьютерлік графиканың түрлері 

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық 

болып  бөлінеді.  Олар  бір-бірінен  монитор  экранында  бейнелену  және  қағаз 

бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша 

ажыратылады.  

Растрлық  графикада  кескіндер  түрлі-түсті  нүктелердің  жиынтығынан 

тұрады.Графикалық  ақпараттың  осындай  нүктелер  жиыны  немесе  пиксельдер 

түрінде  ұсынылуы  растрлық  түрдегі  ұсынылу  болып  табылады.  Растрлық 

кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге 

компьютер жадында бір ұяшық қажет.      

Растрлық  кескіннің  сапасы  сол  кескіннің  өлшеміне  (тігінен  және 

көлденең  орналасқан  пиксельдердің  саны)  және  әр  пиксельді  бояуға  қажетті 

түстердің санына тәуелді болады.   

Мұндай  типті  кескіндер  Adobe 

Photoshop, 

Corel 

Photo, 


Photofinish 

секілді 


қуатты 

графикалық 

редакторларда 

өңделеді. 

Растрлық 

кескіндер 

векторлық 

кескіндерге 

қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. 

Қарапайым 

фотосуреттердің 

өзі 


компьютерде  растрлық  кескін  түрінде 

сақталады.  Растрлық  кескіндерді  Paint, 

Adobe 

Image 


Ready 

секілді 


программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.  

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.  

Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның 

кез-келген  бөлігін  өзгертуге  болады;  нүктелерді  қажет  болмаса  ішінара  алып 

тастауға  немесе  қоюлатуға,  сондай-ақ  кескіннің  әр  нүктесін  ақ-қара  немесе 

басқа кез келген түске өзгертуге болады.  

Кемшілігі:  растрлық  кескін  өлшемінің  масштабын  өзгерткенде  (бір 

немесе  бірнеше  бағытта  созу  немесе  сығу)  кескіннің  сапасын  жоғалтатыны. 

Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде 

– кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).  



ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 9 беті 

 

 



Растрлық  кескіндердің  тағы  бір  кемшілігі  –  файлдар  өлшемдерінің  өте 

үлкендігінде  (түстері  неғұрлым  көп  және  сапасы  жоғары  болған  сайын,  олар 

соғұрлым үлкен болады).  

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары 

сапалы  кескін  алуға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  растрлық  кескіндер  көркем 

графикада кеңінен қолданылады.      

Растрлық 

графика 


электронды 

(мультимедиалық) 

және 

полиграфиялық 



басылымдарды  жасап  шығару  үшін  де  жиі 

қолдылады. 

Растрлық 

графикалық 

редакторлар  көбінесе  жаңа  суреттерді  салу 

үшін  емес,  дайын  суреттерді  өңдеу  үшін 

қолданылады. 

Осы 


мақсатта 

көбінесе 

суретшілердің  қолымен  салынған  дайын 

суреттер 

сканерленіп 

алады 


немесе 

фотосуреттер 

алынады. 

Соңғы 


кездері 

растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін 

сандық  фотокамералар  мен  видеокамералар 

кеңінен қолданылуда.  

 

 

Векторлық  кескіндер,  бұл  -  сызық,  доға,  шеңбер  және  тікбұрыш  сияқты 



геометриялық  объектілер  жинағынан  тұратын  кескіндер.  Бұл  жерде  вектор 

дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.  

Векторлық  графиканың  басты  артықшылығы  оған  кескін  сапасын 

жоғалтпай  өзгеріс  енгізуге,  оңай  кішірейтуге  және  үлкейтуге  болатындығы. 

Келесі  артықшылығы  -  векторлық  кескіндердің  ақпараттық  көлемі  растрлық 

кескіндермен  салыстырғанда  әлдеқайда  аз  болады.  Векторлық  кескіндер 

СorelDRAW,  Adobe  illustrator,  Micrografx  Draw  секілді  векторлық  графикалық 

редакторларда жасалады.  



ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 10

 

беті 

 

 

Векторлық  графикамен  жұмыс  істеуге  арналған  программалық  құралдар 



бірінші  кезекте  кескіндерді  өңдеу  үшін  емес,  оларды  жаңадан  салу  үшін 

қолданылады.  Бұндай  құралдар  жарнама  агенттіктерінде,  дизайнерлік 

бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым 

геометриялық  объектілер  мен  қаріптерді  пайдалануға  негізделген  безендіру 

жұмыстары  векторлық  графика  құралдарының  көмегімен  әлдеқайда  оңай  іске 

асады.  


Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру 

Салыстыру 

критерийлері 

Растрлық графика 

Векторлық графика 

Кескіндерді 

ұсыну 

әдісі  


Растрлық 

кескін 


пиксельдердің 

жиынтығынан тұрады.  

Векторлық 

кескіндер 

командалардың 

тізбегі 


түрінде бейнеленеді. 

Шынайы  суреттерді 

бейнелеу  мүмкіндігі

 

 



Растрлық 

кескіндер 

шынайы 

суреттерді  



айқын бейнелей алады.   

Векторлық 

графика 

фотосуреттегідей 

сапалы 

кескіндерді алуға мүмкіндік 



бермейді. 

Кескіндерді 

өңдеу 

мүмкіндігі 



 

Растрлық 

кескіндерді 

үлкейтіп-кішірейткенде 

немесе  бұрғанда  кескін 

өзінің  бастапқы  сапасын 

жоғалтады. 

Векторлық 

кескіндерге 

сапасын 


жоғалтпай-ақ 

өзгеріс енгізуге, яғни қажет 

болса  оларды  кішірейтуге 

немесе үлкейтуге болады. 

Кескіндердің  басып 

шығарылу 

ерекшеліктері 

Растрлық 

суреттерді 

принтерде  оңай  басып 

шығаруға болады.  

Векторлық  суреттер  кейде 

принтерде 

басылмайды 

немесе  нашар  басылып 

шығады. 


 

Фракталды  графиканың  жасалу  әдісі  сурет  салуға  немесе  безендіруге 

емес,  програмалауға  негізделеді.  Егер  растрлық  графикада  растр  (пиксель),  ал 

векторлық  графикада  сызық  базалық  элемент  болып  табылса,  фракталдық 

графикада  математикалық  формуланың  өзі  базалық  элемент  болып  табылады, 

бұл  компьютердің  жадында  ешқандай  объект  сақталмайды,  кескін  тек  қана 

теңдік бойынша салынады деген сөз.    

 

Бақылау сұрақтары 

1

 

Машиналық графика нені оқытады? 



2

 

Компьютерлік графика түрлері. 



3

 

Графиктік мәліметтер форматтарын ата. 



4

 

Термодинамикалық жүйе деген не? 



5

 

Түсті сипаттаудың қандай әдістері бар? 



6

 

Түсті басқару жүйелерін ата? 



 

Ұсынылатын әдебиеттер  

ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 11 беті 

 

 



 

1  Информатика.  Базовый  курс.  /  Симонович  С.В.  и  др.  СПб.:  «Питер», 

2000. – 640 с. 

 

2 Дәріс 



 

Тақырып. AutoCAD жүйесінде сызбаны ұйымдастыру құралдары  



 

Сұрақтар 

1

 



Координаттар жүйелері және өлшем бірліктері. 

2

 



Графиктік примитивтер мен қабаттар. 

3

 



Командаларды енгізу 

 

Координаттар жүйесі  – бас нүктесі және онымен байланысты объектінің 



кеңістікте алатын орнын анықтауға арналған осьтері бар жүйе.  

 AutoCAD  пакетінде  –  үшөлшемді,  тікбұрышты  координаталар  жүйесі 

қолданылады.  Осы  стандартты  жүйені  қолданған  кезде  нүкте  үшөлшемді 

кеңістікте  қашықтықты  және  үш  ортоганальді  осьтер  бойынша  санақтың 

басынан  бағытты  таңдап  алу  бойынша  орын  ауыстырады.  Координаттар 

жүйесін анықтау пайдаанылған өлшем бірліктерге тәуелсіз болады. Санақ басы      

нүктесінде  жорамалданады.  Абсцисса        және  ордината        осьтері  AutoCAD 

терезесінің  сол  жақ  төменгі  бұрышында  орналасқан  пиктограмманың 

координат бағытына  сәйкес  келеді.      Z  осьі  монитордың  экран  жазықтығынан 

пайдаланушыға бағытталады   

 AutoCAD  бағдарламасында  екі  жүйе  қолданылады:  әлемдік  координата 

жүйесі  (ӘКЖ)  және  орын  ауыстыратын  пайдаланушының  координата  жүйесі 

(ПКЖ).  

Пайдаланушы  анықтайтын  ПКЖ-ні  геометрия  модельдерін  салу  кезінде 

ыңғайлы  болу  үшін  қолданылады. Бір сызбада  ПКЖ-нің 

пройзволді

  мөлшерін 

құрып  және  сақтауға  болады.  ПКЖ  –імен  жұмыс  жасау  кезінде  әлемдік 

координаталарды  қолдану  керек  болса,  онда  координаттар  алдында    *

 

символын енгізу керек. 



 

 AutoCAD  жүйесінде  пайдаланушы  профессионалды  сала  облысында 

қабылданған:  миллиметр,  метр,  километр,  дюйма  сияқты  сызықты  өлшем 

бірліктерді таңдайды.Осылайша, пакетпен жұмыс істеген кезде  AutoCAD-тың 

графикалық терезесі өлшемсіз және ондағы бұйымдар табиғи өлшеміне сәйкес 

сызылады  деп  есептеуге  болады.    Экран  мониторының  жұмыс  аймағында 

арақашықтық  шартты  өлшемдермен:  толық,  затты,  экспоненциальды  және 

бөлшек түрінде өлшенеді.  

Бұрыштық  өлшемдер  AutoCAD  бағдарламасында,  әдетте,  градус  және 

градус  үлесі  ретінде  анықталынады.    Алдынғы  жағдай  сияқты  пайдаланушы 

басқа  да  бұрыштық  өлшем  бірліктерге  таңдау  жасайды:  радиан,  град  немесе 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет