Техникалық және кәсіптік білім беру


-бөлім. Іс қағаздарынын түрлері



бет14/69
Дата22.12.2022
өлшемі219,2 Kb.
#59019
түріКонспект
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
4-бөлім. Іс қағаздарынын түрлері
4.1-тақырып. Ұйымдық-өкілеттік
Жоспары:
1 . Ұйымдық-өкілеттік
2.
Ұйым қызметі басқару құжаттамасымен қамтамасыз етіледі. Басқару құжаттамасының құрамы ұйымның өкілеттік құзырына, мәселелерді шешудің тәртібіне жеке , дара, өкімдік қызмет арқылы немесе алқа арқылы шешу қағидаларына, басқа ұйымдармен байланыс көлеміне және олардың сипатына қарай анықталады. Ұйымда әкімшілік және ұйымдастырушылық мәселелерін, басқару, өзара іс әрекет жасау және қызметті реттеу мәселелерін шешу мақсатында жасалады. Құжаттар тиісті жерлеріне жедел жетуге, іске байланысты қажеттілігі жоқ, құжаттардың қайтіп оралуын шектейтін аралық инстациялар болмауға тиіс. Құжаттарың өтуі тәртібінде және өңделу процесінде мейлінше бірізділік болуына күш салу қажет. Осы мақсатпен құжаттардың негізгі санаттары мен түрлерінің өтуі мен өңделуінің үлгі сұлбаларын жасау ұсынылады. Ұйымда әкімшілік және ұйымдастырушылық мәселелерін, басқару, өзара іс әрекет жасау және қызметті реттеу мәселелерін шешу мақсатында жасалады.Ұйымдастырушылық- құқықтық – жарғылар, ережелер, регламенттер, нұсқаулар, штат кестелері және басқалар Өкімдік- қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, шешімдер және басқалар Анықтамалы – ақпараттық – актілер, шарттар, баяндау және түсініктемелік хаттар, қорытындылар, пікірлер, тізбелер, хаттар , мәліметтер, келісімдер, тізімдер, анықтамалар жоспарлы – есепті- жылдық, тоқсандық, айлық, басқа да жеке жоспалар мен есептер қызметкерлердің еңбек қызметін және оларды зейнетақымен қамтамасыз етуге аударылған ақша туралы мәліметтерді растайтын құжаттар ҰӨҚ жүйесі. Жүйе ерекшеліктері, оның құрылымы. Ұйымдық құжаттар: ережелер, жарғы, нұсқаулық және басқалар. Өкілеттік құжатар: бұйрықтар, өкім, шешім. Анықтама – ақпараттық құжаттар: қызметтік хаттар, анықтама, түсінік хат, жеделхат. Ұйымдастырушы құжаттар - Ұйым жарғысы, оның құрамы, штаттық кестесі, қағида, қызметтік нұсқаулар, ұйымның құрылтайшы құжаттары болып табылады. Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап заңды тұлға болып саналады. Тіркеуге алынған мағлұматтар заңды тұлғаларды тіркейтін Мемлекеттік реестрге алынады. Мекеме жарғысы белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі. Жарғыда мекеменің іс-әрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, заңды тұлғалармен қарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері жазылады. Жарғы мекеменің ұйымдық-құқықтығын, оның атын, мекен-жайын, басқару органын, бақылаушыларын, мекеменің қайта құрылуын, ісін тоқтатуын реттейді, растайды. Құрылтайшылардың келісім-шарттары мекеменің көздеген мақсатын, принциптерін, басқаруорганының құрамы мен мүмкішдіктерін, келісім-шарт уақытын белгілейді. Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесімен жұмысшылар саны анықталады. Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі. Мекеменің бірнеше құрылымдық бөлімдері болған жағдайда құрылымдық бөлімшелердің құқықтық жағдайын айқындайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін бағыттағы Ереже жасалады. Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру мекеме әкімшілігінің міндеттеріне жатады және ол ішкі тәртіп ережелеріне көрініс табады. Мекеменің өзіндік әрекетімен қызметтік бағыты негізінде бұл құжат Ішкі тәртіп ережелерінің типтік үлгісін басшылыққа ала отыра жасалады. Ішкі тәртіп ережесінің тексін мекеме әкімшілігі кәсіподақ қызметкерлерімен бірлесе отырып жазады, және ол еңбек ұжымында өткізілетін жалпы мәжілісте талқыланады, соңынан мекеме жетекшісі бекітеді.
Кейбір мекемелерде қызметкерлер құқығы жайында ережелер болады. Өкімдік құжаттар - Кәсіпорын, ұйым, мекемелердің ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп, басқарылып отырады. Ұйым әкімшеліктері өздерінің қызметтік іс-әрекеттерінде келесі өкімдік құжаттарды шығарады: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер; кооперативті ұйымдар - шешім; қоғамдық ұйымдар - қаулы, өкім. Ұйымның қызметтік іс әрекеттерін шешу негізінде нормативті немесе жекелген актіні қабылдау қажеттілігінің барысында ұйымда қаулы, шешім, бұйрықтар шығарылады. Қаулы, шешім, бұйрықтардың орындалуын ұйымдастыру үшін өкім шығарылады. Өкім – мемлекеттік басқарма органның актісі, мағынасы бойынша өкілетті құжат. Шешім – аса күрделі мәселелер жайында министрлік, ведомствалық немесе ғылыми мәжілістердің алқалы органдарымен қабылданатын құжат. Нұсқау – ақпараттық әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатка ие құжат. Жарлық – басқарудын шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Бұйрық – мекеме алдында турған негізгі және оперативті міндеттерді шешу мақсатында мемлекеттік басқару ұйымдардың, сол мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер мен оған қатысты ұйымдарға жазбаша түрде ұйым басшысының жеке басшылығымен берілетін құқықтық акт. Анықтама – ақпараттық құжаттардың ең көп таралған түрі - қызметтік хаттарды жазуда кең тараған формат түрі А4 болып қала береді.Төменде осы формат түріне жазылатын хат түрлеріне тоқталамыз. Қазіргі кезде хаттарды машинкамен басудан гөрі, компьютерде теріп жазу кең түрде тарауда. Қызметтік хаттарды басып шығару технологиясы өзгергенімен, оларды ждазу әдісі, безендірілуі, хат мазмұнын беру тәсілдері ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрінен көп өзгерген жоқ. Олардың негізгілеріне тоқталып өтейік: Хат негізінде схема бойынша баяндалады: кіріспе, дәлел, қорытынды. Кіріспеде сұрақты негіздеу, оның тарихы, пайда болу себептері айтылады. Егер хат жоғарғы органдардың көрсетпесін орындауда құралатын болса, ережеге сәйкес нұсқау кіріспеде беріледі. Дәлелдеуде сұрақтын мәнісі баяндалады. Ол құжатта қойылған сұрақтарды негіздеу, дұрыстығына күдік болмау үшін көңілге қонымды анық болуы керек. Қорытындыда түйінді шешімдер беріледі. Көптеген көрсетілген хаттардың үштен бірі дәлелсіз болып табылады. Дәлелдер ешбір қайталаусыз және қарсылықсыз бірңнен екіншісіне қисынды түрде өтуі керек. Хаттар қисының құрылымын және байланыстығын дәлелдеу – оқырман назарын жинақтау немесе басқа схема құрастыру үшін пайдасы зор. Мазмұн, көбінесі мекемелердің өзара қандай қатынаста, олардың арасындағы хат-хабардың алыс-берісіне де байланысты. Жоғарғы мекемелердің сол өзіне қарасты мекемеге жолдаған хаттарында сұраныс, ескерту, хабарлау, түсініктеме т.б болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет