Техникалық және кәсіптік білім беру


-тақырып, Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар. Өтініш. Еңбек келісімі



бет15/69
Дата22.12.2022
өлшемі219,2 Kb.
#59019
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
4.2-тақырып, Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар. Өтініш. Еңбек келісімі.
Жоспары:

    1. Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар

    2. Өтініш. Еңбек келісімі

Еңбек қатынастарын реттейтін құжат
Бұл құжат әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу принциптеріне негізделген. Сонымен бірге, елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және адам капиталындағы инвестицияларды арттыруға сеп болады.
Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды. Жұмыс тобының отырысына Ұлттық экономика, Қаржы, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму, Ауылшаруашылығы министрліктерінің мамандары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazenergy» қауымдастығы, жұмыс берушілер конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы, ірі жұмыс берушілер мен кәсіподақтардан келген өкілдер қатысты.
Еске сала кетейік мұның алдындағы құжатқа 2014 жылы қол қойылған болатын. Ал осы жолғы келісімнің мақсаты – оған қатысушылардың өзара іс-қимылын тиімді реттеу арқылы лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Құжат тиімді жұмыспен қамту және адам капиталын дамыту, еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік саясат, еңбек қорғау және әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелерін қарайды. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру секілді еңбек қатынастарының аспектілерін қарастырады.
Жұмыс тобына қатысқандар өз ұсыныстарын Келісімнің жаңа редакциясына жолдады. Бұл – кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, кадрларды сертификаттауды қалыптастыру, кәсіби ұтқырлықты дамыту, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру және тағы басқа мәселелер бойынша міндеттемелердің пакеті болып табылады.
Келісімнің соңғы нұсқасына қол қою 2017 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Бұл келісім 2018 -2020 жылдар аралығын қамтымақ.
Өтініш
Адамның өзге адамға білдіретін қалауы, көмек сұрауы;
Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы. Қылмыстық, азаматтық не әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылар іс жүргізуші мемлекеттік органға (анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот) өтініш беруге құқылы. Өтініш жасау – процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Сондықтан іс жүргізуші орган процеске қатысушыларға өтініш жасау құқығын түсіндіруге және өтінішті сол сәтте қарап, шешуге міндетті. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау жөніндегі өтініш орындалуға тиісті. Өтініш орындалмаған жағдайда өтініш беруші жоғары тұрған органға шағымдана алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет