Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті жағдайларды алу мақсатында бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып, жазылатын іс қағазының бір түрі. Тапсырыс – келісім шарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын іс қағаздарының бір түрі. ТАПСЫРЫС Тапсырыс түрі: алмастыру, алу, коммерциялық үсыныс
Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатьш алушы үшін), тауардың болуына (сатушы үшін) кепілдік береді.
Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Ондірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті.
Косіпорынның жетекшісі
Қолы _
ӨТІНІМ Мекемеішілік қатынаста
Келісімшарт жасау міндетті емес.
Кепілдік көрсетілмейді.
Біржақты болады
Тауар бағасы мен саны нақты.
Төлем шарты көрсетілмейді.
Жеткізілі шартым көрсетілмейді.
ТАПСЫРЫС
Мекемеаралық қатынаста
Келісімшарт міндетті.
Кепілдік көрсетіледі (тапсырыс берушінің төлеуге қабілеттілігіне, ал тапсырыс алушының қолында сол тауардың болуьша)
Екіжақты болуы мүмкін (алмасады, үсыныс түрінде болады)
Тауар бағасы мен санының ең көп не ең аз мөлшері көрсетіледі.
Төлем шарты көрсетіледі.
Жеткізілім шарты көрсетіледі.
Ескерту: Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Өндірістік -коммерциялық орталыққа алдын-ала жедел хабар беруге міндетті.
Ортақ белгілері:
І.Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады. 2. Алушы мен берушінің ресми атауы көрсетіледі. З.Алушынын не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.