Техникалық және кәсіптік білім беру


тақырып. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. Қолхат. Сенімхат



бет34/69
Дата22.12.2022
өлшемі219,2 Kb.
#59019
түріКонспект
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Байланысты:
Техникалы ж не к сіптік білім беру

5.4 тақырып. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. Қолхат. Сенімхат
Жоспары:
1 . Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар
2. Қолхат. Сенімхат
Оған төмендегідей құжаттар жатады:

  1. сенімхат

  2. кепілхат

  3. өтінім

  4. тапсырыс

  5. келісімшарт

  6. еңбек шарты

  7. шарт

  8. еңбек келісімі 

ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.
ҚОЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұлбағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілікқатынастарда жиі қолданылады.
Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
құжаттың аты;
– қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
– қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
– алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
-қайтарылатын нақты уақыты;
– қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
– қолхат жазылған күн;
– тараптардың қолы;
– мекеме мөрі.
Сөздік:
қолхат- расписка
азамат- гражданин
мерзім-срок
кепілақы- задаток
қарыз- долг
ақша- деньги
уәде- обещание
қайтарып беру- вернуть, возвращать
алу-брать
кабылдап алу- принять
уақытында-вовремя
кепіл ақы- задаток
Үлгі:
Қолхат
Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі …
15 ақпан ,2003ж. (қолы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет