Техникалық және кәсіптік білім беру


-бөлім. Алқалық ұйым іс қағаздары



бет48/69
Дата22.12.2022
өлшемі219,2 Kb.
#59019
түріКонспект
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
6-бөлім. Алқалық ұйым іс қағаздары
6.1-тақырып. Хаттама. Хаттамадан көшірме
Жоспары:
1 . . Хаттама
2. Хаттамадан көшірме
Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект жəне сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардьң санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.
Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сойлеген сөздер және қабылданатын қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.
Хаттамадан көшірме – алқалық ұйымның жұмыс барысында қабылданған шешімдерінің қажеттілік болған жағдайда дәлме – дәл көшірілетін құжат.
Хаттамадан үзінді көшірмені ресімдеу
Дата: 15.05.2018
Үзінді көшірме – түпнұсқа құжаттың бір бөлігін көрсететін және белгіленген тәртіппен куәландырылатын көшірме.
Хаттамадан үзінді көшірмелер  қабылданған шешімдер туралы мүдделі ұйымдар мен тұлғаларды хабардар ету үшін, сондай-ақ қабылданған шешімдерді растау мақсатында ресімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет