Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсаттары, субъектілері және обьектілері
Жоспар: Техникалық реттеу туралы
Техникалық регламенттерді жасағанда сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасын таңдау.
Техникалық реттеу саласында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау
Техникалық реттеу туралы
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы сәйкестікті міндетті растаудың екі түрін қарастырады: декларациялау және міндетті сертификаттау. Нақтылы өнім түрінің сәйкестігін міндетті растаудың түрі мен сызбасы техникалық регламентте толық белгіленеді, ал ондағы сызбалар құрамы өнімнің ерекшелігін ескере отырып істі атқару мерзімінқысқартуды және өтініш берушінің шығынын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Техникалық регламенттерді жасағанда сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасын таңдау.
Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері. Сәйкестікті міндетті растау сызбасын таңдау мына критерийлерге сүйене отырып жүргізіледі: келтірілетін зиянның қауіп-қатер деңгейіне;
өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістікфакторлардың әсеріне сезімталдығына;
өнімнің күрделілік деңгейіне.
Сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың модульдік принципін, қолдануға заңда көрсетілген нормаларға сәйкестендірілген жағдайларды туғызуы керек. Елімізде техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерге сәйкестігін растауда қалыптасқан ерекшеліктерді мына екі негізгі жағдайлардан көруге болады:
ЕО міндетті растаудың жалғыз түрі - декларациялауғана қолданылса, ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында оған қоса растаудың екінші түрі - міндетті сертификаттау енгізілген;
«Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес декларациялау сызбаларында Еуропалық модульдерге тән типті сертификаттау, сәйкестік туралы декларация берілген өнімге инспекциялық тексеру жүргізу, жобаны сертификаттау сияқты элементтерді қолдануға мүмкіндік қарастырылмаған.