Синапс (лат. байланыс) - жүйке толқындарын (импульстерін) бір бағытта өткізетін
нейроциттераралық немесе нейроциттер мен орындаушы мүшелер аралықтарындағы
жанасымды байланыс. Синапстың түрлері: 1. Аксо-дендриттік синапс, 2. Аксо-
сомалық синапс, 3. Аксо-аксондық синапс, 4. Дендро-сомалық синапс, 5. Дендро-
дендриттік синапс. Бір Н өсінділері көптеген синапстар түзеді (мысалы, мишықтың бір
алмұртша нейроциті аксонының соңғы ұштары басқа нейроциттер бөліктерімен 200
мыңдай байланыстар түзеді). Синапс – екі синапс төмпешігінен (полюсінен) тұрады: 1.
Синапсалды төмпешік (бірінші нейроцит нейролеммасы - синапсалды жарғақ,
нейроплазмасында митохондриялар, медиаторлар көпіршіктері
болады), 2.
синапссоңы төмпешік (екінші нейроцит немесе орындаушы мүше плазмолеммасы -
Синапссоңы жарғақ – митохондриялар, медиатор көпіршіктері болмайды), 3. Синапс
саңлауы (ені 20 нм ). Синапс – жүйке толқындарын бір бағытта өткізеді, қозу мен
тежелу үдерістерін реттеп отырады.
Рефлекторлық доға (РД) – организмдегі жүйке жүйесінің негізгі қызметтері –
рефлекстерді іс жүзіне асырады. РД – сезімтал, байланыстырғыш (бір немесе бірнеше)
және қозғалтқыш нейроциттердің (аксондарының соңғы ұштары орындаушы мүшелермен
жалғасады) тізбегі. Ғылыми мәліметерге сүйенсек, бір нейроциттің дендриттері 4 мыңнан
астам басқа нейроциттермен, ал оның аксонының соңғы тармақтары – 27 мың басқа
нейроциттермен синапстық байланыстар түзеді екен. РД – күрделі құрылым.
Бақылау сұрақтары:
1. Ет ұлпасының жалпы сипаттамасы.
2. Құрылысына, шығу тегіне, және қызметіне байланысты ет ұлпасының жіктелуі.
3. Бірыңғай салалы ет ұлпасының құрылысы, денедегі орны, маңызы.
4. Көлденең жолақты ет ұлпасының құрылысы, денедегі орны, маңызы.
5. Көлденең жолақты жүрек ет ұлпасының құрылысы, денедегі орны, маңызы.
6. Арнайы жиырылғыш ұлпалардың құрылысы, денедегі орны, маңызы.
7. Жүйке ұлпасының жалпы сипаттамасы, құрылысы, днендегі орны және маңызы.
8. Нейроциттердің құрылысы мен қызметіне байланысты жіктелуі.
9. Нейроглия (жүйкелік глия), олардың түрлері, құрылысы, денедегі орны және
маңызы.
10. Жүйке талшықтары, олардың түрлері және құрылысы.
11. Қызметі мен құрлысына байланысты жүйке ұштарының жіктелуі.
12. Рефлекторлық доға, оның түрлері және құрылысы.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 162 - 182
беттер.
№6 ДӘРІС.
Дәрістің тақырыбы: Жануарлар организмі мүшелер жүйелерінің морфологиясы.
Қаңқаның (сүйектер жүйесінің) жалпы сипаттамасы.
Дәрістің мақсаты: студенттерге жануарлар организмі туралы жалпы түсінік беріп,
тірі организмге тән биологиялық қасиеттерге тоқталып, оларды аталған оқу материалымен
және сүйектер жүйесінің жалпы сипаттамасымен таныстыру.
Түйінді сөздер: организм, мүшелер, мүшелер жүйесі, сүйектер, сүйектер жүйесі,
қаңқа.
Иллюстрация: жануарлар организмінің құрылысы, қоянның қаңқасы (таблицалар,
слайдтар).
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Жануарлар организмі, оның құрылысының жалпы принципі, даму заңдылықтары.
2. Организмнің биологиялық қасиеттері.
3. Сүйектер жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Дәрістің мазмұны:
1 - сұрақ. Организм - өздігінен тіршілік етіп реттелетін, тұқым қуалаушылық
қасиеттеріне байланысты дамып жетілетін, өзіне тән құрылысы бар белгілі бір ортаға
беймделіп тарихи қалыптасқан органикалық дүниенің бір бөлігі. Жануарлар организмі
құрылысы күрделі біртұтас құрылым. Ол белгілі бір қызмет атқаруға маманданған және
өзара тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын мүшелер жүйелерінен құралған.
Мамандану бағыттарына сәйкес организм мүшелер жүйелерін үш топқа бөледі:
I. Сомалық мүшелер жүйелері – (soma - дене) организмнің дене қабырғасын
құрайтын: 1. тері жабыны мен оның туындыларынан және 2. тірек-қимыл аппаратынан
құралған. Тірек-қымыл аппараты – бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқаратын екі
жүйе: сүйектер жүйесі (қаңқа) мен бұлшықет жүйесі құрайды.
ІІ. Ішкі мүшелер жүйелері (гр.splanchna, лат. viscera – ішкі мүше) - организмдегі
метаболизм (қоректену, тыныс алу, зәр бөлу) мен көбеюді қамтамасыз ететін мүшелер
жүйелерінен құралады. Оларға: 1) азық қорыту, 2) тыныс алу, 3) зәр бөлу, 4) көбею
мүшелер жүйелері жатады.
ІІІ. Біріктіруші (интеграциялық) мүшелер жүйелері –– организм мүшелер
жүйелерінің біртұтастығын қамтамасыз ететін мүшелер жүйелері құрайды. Оларға: 1)
тамырлар жүйесі (қан айналым, лимфа айналым, қантүзу мүшелері), 2) эндокринді бездер
(организмнің ішкі сұйық ортасына гормондар бөледі), 3) жүйке жүйесі және сезім
мүшелері жатады.
Жануарлар организмі құрылысының жалпы принципі мен даму
заңдылықтары:
1. Тарихи даму заңы – филогенез (грек. phylon – туыс, genesis – шығу тегі) – ұзақ
тарихи даму, онтогенез (грек. ontos – заты, мәні; genesis – шығу тегі) – жеке даму тарихы.
2. Негізгі биогенетикалық заң - әр бір организм өзінің онтогенезінде филогенезінің
негізгі даму сатыларын қысқа түрде қайталап өтеді.
3. Организмнің біртұтастығы туралы заң – жүйке жүйесі организмдегі
морфологиялық және қызметтік біртұтастықты қамтамасыз етеді.
4. Организм мен қоршаған ортаның біртұтастығы туралы заң – бейімделу, адаптация
(біртұтастықты жүйке жүйесі іс жүзіне асырады).
5. Пішін (құрылым) мен қызмет (функция) біртұтастығы.
6. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңы – тірі организмге тән және бір-біріне
қарама-қарсы қасиеттер.
7. Орын мен материальды үнемдеузаңы – тіршілікке тым қажет мүшелерінің
құрылысы үнемді, мөлшері шағын болып келеді (ми, жұлын, жүрек, бүйрек, бауыр т.б.).
Омыртқалы жануарлар дене құрылысының заңдылықтары:
1. Бірбіліктік заңдылығы (лат. monaxonia), биполярлық, екіұштылық – дене
мүшелері омыртқа бағанының бойымен, бастан құйрыққа қарай өтетін бір біліктің
(сагиттальды жазықтың) бойымен орналасады. Краниальды (бассүйек) бағыт,
каудальды (құйрық) бағыт.
2. Екіжақтылық, билатеральдық, антимериялық (лат. antimeria, anti – қарама-
қарсы) симметриялық заңдылығы – денені омыртқа бағаны қыры бойымен өтетін
орталық сагиттальды жазықтық арқылы тең екі бөлікке бөлуге болады. Латеральды
бағыт, медиальды бағыт.
3. Сегменттік (метамерия, лат. metameria, meta – бірінен кейін бірі, яғни кезегмен;
meros – бөлік, сегмент) заңдылығы – денені, оған көлденең жүргізілген жазықтықтар
арқылы бірінен кейін бірі орналасқан бірнеше бөліктерге (сегменттерге) бөлуге болады.
Мысалы, омыртқалар, қабыртқалар, сегменттік бұлшық еттер т.б. Дене бөліктерінің
сегменттерге бөлінуі – түрлі қозғалыстарды (иілу, бұралу, жазылу, бүгілу, созылу) іс
жүзіне асыруға мүмкіндік береді.
4. Түтікше құрылымдық заңдылы – жануарлар денесіндегі көптеген мүшелер
құрылысы жағынан түтік тәрізді болып келеді. Бұндай мүшелерге: ішкі мүшелер ағзалары
(азық қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею жүйелерінің түтікше
ағзалары), қан және лимфа тамырлары жатады. Түтікше мүшелердің іші қуыс және үш
қабықтан тұратын қабырғасы болады. Түтікше мүшелердің құрылысы - материальды
үнемдеу заңына бағынады.
Дене бөлімдері мен аумақтары. Суда тіршілік ететін жануарлар денесі тек біліктік
бөлімнен тұрады, Оларда аяқтар жатілмеген. Құрлықта тіршілік ететін жануарлар
денелері екі бөлімнен: біліктік бөлімнен және аяқтардан құралған. Дененің біліктік
бөлімі: бас бөлімнен, мойын (балықтарда болмайды) бөлімнен, тұлға бөлімнен және
құйрық бөлімінен тұрады.
Бас бөлім: ми сауыты (аумақтары: шүйде, төбе, маңдай, самай, құлақ қалқаны)
және бет бөлімінен (аумақтары: мұрын, ауыз, көз шарасы, жақаралық) тұрады.
Мойын бөлімі: аумақтары: құлақмаңы, желке, иық-бас және төс-бас бұлшықеттері,
көмекей және кеңірдек.
Тұлға бөлімі: аумақтары: арқа-көкірек (арқа - шоқтық, көкірек керегесі – кеуде:
төсалды, төс), бел-құрсақ (бел, құрсақ), құйымшақ-бөксе (құйымшақ, оң бөксе, сол бөксе -
сауыр).
Құрсақ қуысының бөлімдері: алдыңғы (эпигастриум - аумақтары: оң
қабырғаастылық, сол қабырғаастылық, семсерше шеміршек), ортаңғы (мезогастриум -
аумақтары: оңбүйірлік құрсақ, солбүйрілік құрсақ, бел, кіндік), артқы ( гипогастриум -
аумақтары: оң шап, сол шап, шат).
Құйрық бөлімі: аумақтары: құйрық түбірі, құйрық денесі, құйрық ұшы.
Алдыңғы және артқы аяқтар: белдеу бөлімінен (алдыңғы аяқта – иық белдеу,
артқы аяқта – жамбас белдеу) және аяқтардың еркін қозғалатын бөлімінен құралған.
Еркін қозғалатын бөлім өз кезегінде: проксимальды (алдыңғы аяқта – тоқпан жілік,
артқы аяқта - сан), ортаңғы (алдыңғя аяқта – білек, артқы аяқта - сирақ) және дистальды
(алдыңғы аяқта – алдыңғы аяяқбасы, артқы аяқта – артқы аяқбасы) бөліктерден тұрады.
Дене білігіне параллельді фронтальды жазықтық жүргізеге болады. Бұл
жазықтықтың жоғарғы жағында арқа (дорсум), төменгі жағында құрсақ (вентрум)
орналасады. Дорсальды бағыт, вентральды бағыт.
Дененің бас аумағында қолданылатын терминдер: оральды (ауыз), назальды
(мұрын) немесе ростральды (танау) бағыттар.
Аяқтарда қолданылатын терминдер: проксимальды ( лат. proximus - жақын тұлғаға)
және дистальды ( лат. distalus –алыс тұлғадан) ұштары, аяқтардың беттері: алдыңғы
және артқы аяқтардың беттері – дорсальды беттер, сыртқы беттері – латеральды беттер,
ішкі беттері – медиальды беттер, алдыңғы аяқтың артқы беті – пальмарлы (лат. palma -
алақан) немесе волярлы (лат. vola – алақан) беті, артқы аяқтың артқы беті – плантарлы
(лат. planta - табан) беті.
2 - сұрақ. Тірі организмге тән биологиялық қасиеттерге: метаболизм (зат алмасу),
тітіркенгіштік, көбею, даму, өсу, қимыл сияқты тіршілік белгілері жатады. Жануарлар
организмі онтогенезінің қозғаушы күші – қарама-қарсылықтар. Оларға:
метаболизмдегі: анаболизм (түзілу процесі, яғни пластикалық алмасу) мен катаболизм
(ыдырау процесі, яғни қуаттық алмасу), ыдырап жойылу мен жаңадан түзілген
құрылымдардың өзара бір-біріне әсері (аналық жасушадан бөліну арқылы жаңа жас
жасушалардың пайда болуы), регрессивті және прогресивті процестердің бір-біріне өзара
әсері (ыдыраған шеміршек ұлпасының орнында сүйек ұлпасының түзілу процесі) жатады.
Реттелу процесі. Жануарлар организмі құрылымдық бөліктерінің (жасушалардың,
ұлпалардың, мүшелердің, мүшелер жүйелерінің) бір-біріне ықпалы – денедегі реттелу
процесі арқылы іс жүзіне асады: 1. Жасушалар деңгейіндегі реттелу – жасушалық
метаболизм мен жасушааралық алмасу арқылы; 2. Ұлпа, мүше және организм
деңгейіндегі реттелу – организмде жүйке жүйесі мен эндокринді бездердің қатысуымен
іс жүзіне асады.
Даму – жануарлар онтогенезіндегі біртұтас процесс. Бұл процесс екі түрлі
құбылыстан тұрады: өсу және айырмашылық.
1. Өсу – даму процесінің сандық көрсеткіші. Өсу кезінде организмнің массасы
ұлғаяды, мөлшері үлкейеді, яғни организмнің құрылымдық бөліктері (жасушалары,
ұлпалары, мүшелері) өзгерістерінің сандық жағынан ұлғаюы.
2. Айырмашылық (дифференцияция) – дамудың сапалық көрсеткіші.
Айырмашылықтар - даму процесі кезінде организмнің құрылымдық бөліктері
(жасушалары, ұлпалары, мүшелері) құрылыстарындағы пайда болатын өзгерістер.
Аталған құрылымдар құрылысындағы айырмашылықтардың пайда болуы, олардың
белгілі-бір қызметті атқаруға мамандануына тікелей байланысты, яғни олардағы
морфологиялық
айырмашылықтар
-
қызметтік
және
биохимиялық
айырмашылықтардың пайда болуымен байланысты және олардың ықпалымен іс жүзіне
асады.
Организм жасушаларының мамандану процесі – жаңадан пайда болған ұрықтың
бірнеше бластомерлік сатыларында-ақ жүреді.. Мамандану процесіне байланысты пайда
болған құрылымдық айырмашылықтар нәтижесінде дене жасушаларының, ұлпаларының
мүшелерінің тек өздеріне тән құрылысы мен қызметі қалыптасады.
Өсу процесі барлық жануарлар түрлерінде бірдей жүрмейді. Жылықанды
жануарларда өсу процесі (егеуқұйрықтан басқаларында) шектеулі, ал салқынқанды
жануарларда - өсу шектеусіз жүреді, яғни олар өмір бойы өседі (мысалы, балықтар).
Айырмашылықтары жетілген организмде өсу жылдамдығы кемиді, яғни жетілу мен
өсу – бір-біріне кері пропорциональды: ең үлкен өсу жылдамдығы жаңадан пайда
болған ұрықта, іштөлінде одан аз, ал туғаннан соң өсу тым аз мөлшерде жүреді.
Морфологиялық және физиологиялық жағынан жетілген организм өсуін тоқтады.
Организмнің
өсу жылдамдығы мен өсу мерзімі аралығында кері
байланыстылық байқалады: өсу жылдамдылығы жедел жүрген сайын, оның өсу мерзімі
қысқарады.
Сүтқоректі жануарлар организмінің дене мөлшері мен оның өсу жылдамдығы
және өсу мерзімі арасында да байланыстылық болады. Дене мөлшері майда жануарлар
қарқынды өседі, бірақ өсу мерзімі қысқа, керісінше, ірі жануарлардың өсу мерзімі ұзақ,
бірақ өсу қарқыны нашар болады.
3-сұрақ. Қаңқа – бір-бірімен заңды түрде байланысқан сүйектер мен
шеміршектердің жүйесі. Скелет, қаңқа (грек. skeleton – қатып қалу, сему). Остеология
(osteologia s. systema sceleti – сүйектер туралы ілім, сүйектер жүйесі; лат. os, грек. osteon –
сүйек, остеон және ілім) – қаңқа сүйектерін зерттейтін морфология ілімінің бөлімі. Қаңқа
- жануарлардың сыртқы дене бітімін, кеңістіктегі қалпын анықтайды. Ол бұлшық еттер
үшін тіректік, рычагтық және тіршілікке тым қажет мүшелер (ми, жұлын, жүрек, өкпе,
бауыр, бүйрек, жыныс бездері, жатыр, қуық т.б.) үшін қатты да берік қабырғалар жасап,
қорғаныс қызметтерін атқарады. Сондай-ак, қаңқа сүйектері организмдегі май және
минеральды алмасуларға қатысады. Сүйектің қызыл кемігі майында қантүзілу процесі
(гемопоэз) жүреді (эритроциттер, лейкоциттер, қан табақшалары түзіледі). Қаңқа
сүйектернің жануарлар денелеріндегі үлес салмағы, олардың түріне, тұқымына, жасына,
жынысына, физиологиялық (буаздық, сауылыу және т.б.) жағдайларына баланысты 6% -
13% дейін өзгеріп отырады. Мысалы, малдың етті тұқымының қаңқа сүйектерінің
көрсеткіштері сүтті тұқым көрсеткіштеріне қарағанда аздау, жас төлдер сүйектерінің
көрсеткіштері сақа малдар көрсеткіштерімен салыстырғанда көбірек болады. Арық малдар
қаңқасының үлес салмағы семіз малдар көрсеткіштеріне қарағанда жоғары болып келеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Организнің анықтамасын беріп, оның жалпы сипаттамасына тоқталыңыз.
2. Организмдегі мамандану бағыттарына сәйкес мүшелер жүйелерін қандай
топтарға бөледі?
3. Неліктен «сомалық мүшелер жүйелері» деп аталады? Оларға қандай мүшелер
жүйелері жатады?
4. Неліктен «ішкі мүшелер жүйелері» деп аталады? Оларға қандай мүшелер
жүйелері жатады?
5. Неліктен «біріктіруші мүшелер жүйелері» деп аталады? Оларға қандай мүшелер
жүйелері жатады?
6.
Жануарлар
организмі
құрылысының
жалпы
принципі
мен
даму
заңдылықтарының сипаттамасы.
7. Омыртқалы жануарлар дене құрылысының қандай заңдылықтарын білесіз?
8. Жануарлар организмінің дене бөлімдері мен аумақтарына тоқталып, оларға
толық сипаттама беріңіз.
9. Тірі организмге тән биологиялық қасиеттер, оларға сипаттама.
10. Қаңқаның жалпы сипаттамасы.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 184 - 192
беттер.
№7 ДӘРІС.
Дәрістің тақырыбы: Қаңқа сүйектерінің құрылысы дамуы.
Дәрістің мақсаты: студенттерді жануарлар қаңқасы сүйектерінің құрылысымен,
олардың химиялық құрамы және физикалық қасиеттерімен, түрлерімен және даму
сатыларымен таныстыру.
Түйінді сөздер: қаңқа, сүйектер, остеогенез.
Иллюстрация: жануарлар қаңқасы, сүйектің құрылысы, остеогенез (таблицалар,
слайдтар).
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Қаңқа сүйектерінің анатомиялық құрылысы.
2. Сүйектің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
3. Қаңқа сүйектерінің түрлері және дамуы.
Дәрістің мазмұны:
1-сұрақ. Жануарлар қаңқасы сүйектер жүйесінің мүшесі – сүйек. Сүйектер бір-
бірімен заңды түрде байланысып, сүйектер жүйесін құрайды. Орта есеппен жылқы
қаңқасында – 214, сиырда – 213 - 219. шошқада - 288, итте – 272, ал алабуғада (балық) –
4386 сүйек болады екен. Аам қаңқасында 266 сүйек болады.
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы. Сүйек – сыртынан дәнекер ұлпалық қабықпен
қапталған. Бұл қабықты сүйекқап (лат. Periosteum) – деп аталады. Сүйекқап арқылы
сүйекке қан тамырлары мен жүйкелер еніп, оның қоректенуі мен сезімталдығын
қамтамасыз етеді. Сүйекқап өз кезегінде екі қабаттан тұрады. Оның сүйекқапқа беріктік
қасиет беретін сыртқы талшықты (фиброзды) қабаты талшықты тығыз дәнекер
ұлпасынан, ал сүйекпен жанасатын ішкі түзгіш (камбиальды) қабаты – сүйек ұлпасын
түзуге маманданған жас жасушаларға (остеобласттарға) бай борпылдақ дәнекер
ұлпасынан тұрады. Остеобласттар – жас төлдердің сүйектерінің қалыңдап және
ұзынынан өсуін, сақа жануарлардың сынған, болмаса жарылған сүйектерінің қалпына
келуін қамтамасыз етеді. Сүйектер де басқа мүшелер сияқты бірнеше ұлпалардың
бірлестігінен (дәнекер, шеміршек, жүйке, сүйек ұлпалары) құралғанымен, олардың негізін
сүйек ұлпасы құрайды. Сүйек екі түрлі заттан: сүйектің қатты затынан (substantia ossea
compacta) және кемік затынан (substantia ossea spongiosa) құралған. Сүйекке қаттылық
және беріктік қасиеттер беретін сүйектің қатты затын бір-біріне тығыз пареллельді
орналасқан сүйек тақташалары құрайды. Сүйектің қатты заты - барлық сүйектерді
сыртынан қаптайды және жіліктердің денелерін (диафиздерін) түзеді. Сүйектің кемік
заты – жіліктердің бастарының (эпифиздерінің), омыртқалардың және басқа жалпақ
сүйектердің ішіндегі кемігін құрайды. Кемік затты құрайтын сүйек тақташалары
аралықтарында қалатын тым майда ұяшықтарда организмдегі қантүзілу процесін іс жүзіне
асыратын сүйектің қызыл кемігі майы (Medulla ossium rubra), ал жіліктердің қуысында
жілік майы (Medulla ossium flava) орналасады. Жіліктер қуыстарының жілік майы
жағындағы ішкі беті жұқа дәнекер ұлпалық қабықпен (Endosteum) астарланған.
Сүйектердің буындық беттері гиалинді шеміршекпен (Cartilago articularis) қапталған.
2 – сұрақ. Сүйектің химиялық құрамында органикалық және бейорганикалық
заттар болады. Жаңадан сойылған мал сүйегінің 28,2 % органикалық зат құрайды. Оның
ішінде протеин (оссеин талшықтары) 12,7%, липид – 15,5%. Сүйектің бейорганикалық
затының 50% - су, ал қалған 21,8% - минеральдық тұздар. Кептірілген сүйек – оссеиннен
және минеральдық тұздардан тұрады. Тұздар: фосфорлы қышқыл кальций – 85 %,
көмірқышқыл кальций - 9%, фторлы кальций - 3%.
Сүйектердің физикалық қасиеттері құрамындағы органикалық және минеральдық
тұздардың ара қатынасына байланысты. Минеральдық тұздар қаңқа сүйектеріне қаттылық
қасиат, ал органикалық зат (коллаген талшықтары) оларға серпімділік және иілгіштік
қасиет береді. Бірақ, қаңқа сүйектерінің құрамындағы минеральдық тұздардың мөлшері
қалыпты жағдайдағы көрсеткіштен артып кетсе, онда сүйек омырылғыш және сынғыш, ал
тұздардың мөлшері азайып, керісінше, сүйектерде органикалық заттың үлесі
салыстырмалы көбейіп кетсе, онда қаңқа сүйектері иілгіш болып кетеді. Көктемгі кезде
азықтың құрамында кальций және фосфор тұздары аз болса, онда буаз сиырлар
сүйектерінің құрамындағы тұздар іштеріндегі төлдердің қаңқа сүйектерінің қалыптасуына
жұмсалып, сиырлар сүйектеріндегі тұздардың мөлшері күрт азайып кетеді де, мал
сүйектері жұмсарып иілгіш болып, өз денелерін көтере алмайтын көтерем ауруына
( остеомаляцияға) шалдығады. Жаңадан туған жас төлдер қаңқа сүйектерінің
құрамындағы кальций және фосфор тұздарының қалыпты жағдайдағы мөлшерден аз
болуы – төлдер буындарының ісініп, аяқтары майысып денелерін көтере алмайтын мешел
Достарыңызбен бөлісу: |