Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

ауруының  (рахиттің)  өрбуіне  әкеліп  соқтырады.  Сонымен,  қаңқа  сүйектерінің  беріктік 
қасиеті  –  олардың  минеральдық  тұздарға  байланысты  болатын  қаттылық  қасиеті  мен 
органикалық  заттармен  байланысты  сепімділік  қасиеттерінің  ара  қатынастарына  тікелей 
байланысты. Қалыпты жағдайда жануарлар қаңқа сүйектерінің орташа құрамы: су – 50%, 
оссеин  (коллаген  талшықтары)  –  12,4%,  май  –  15,75%,    минеральдық  тұздар  –  21,85%. 
Қаңқа  сүйектерінің химиялық  құрамы  мен  физикалық  қасиеттері  жануарлардың  жасына, 
жынысына,  түріне,  сүйектердің  қаңқадағы  орындарына,  организмнің  физиологиялық 
жағдайыны байланысты. 
3  –  сұрақ.  Қаңқа  сүйектерінің  пішіні  мен  түрлері,  олардың  қаңқадағы  орналасу 
орындарына  және  атқаратын  қызметіне  тікелей  байланысты.  Сүйектер  пішіндерінің 
қалыптасып дамуына, оларға сырттан бағытталатын күштер мен бұлшықеттер әсер етеді. 
Жануарлар қаңқасындағы сүйектер, өздерінің пішініне қарай: ұзын, қысқа, жалпақ, аралас 
және ауалы сүйектер болып ажыратылады.  
Ұзын  сүйектерге  (оssa  longa)  аяқ  қаңқаларының  жіліктері  және  қабыртқалар 
жатады.  Іші  қуыс  жіліктер  түтікше  сүйектерге,  ал  қабыртқалар  –  ұзын  имек  сүйектерге 
жатады. Жіліктердің тұлғаға жақын орналасқан жоғарғы басын – проксимальды эпифиз
төменгі басын – дистальды эпифиз, ал ортаңғы олардың денелерін – диафиз деп атайды. 
Қысқа сүйектерге (оssa breva) тізе, тілерсек, қысқа бақай сүйектері, тиек сүйектер 
(сезам  сүйектері)  жатады.  Бұлардың  ұзындығы,  ені,  биіктігі,  қалыңдығы  бір-бірімен 
шамалас болып келеді.  
Жалпақ сүйектерге (оssa plana) жауырын, жамбас, бассүйектің жабынды жалпақ 
сүйектері, төссүйек жатады.  
Аралас  сүйектерге  (ossa  mixtum)  омыртқалар,  бассүйектің  негіздік  сүйектері 
(шүйде,  сынаша  және  т.б.  сүйектер)  жатады.  Бұларға  қысқа  және  жалпақ  сүйектерге  тән 
қасиеттер ортақ болып келеді.  
Ауалы  сүйектерге  (оssa  pneumatica)  бассүйектің  жоғарғыжақ  және  маңдай 
сүйектері,  құстардың  жіліктері  жатады.  Бассүйектің  аталған  сүйектерінде  ішкі  беті 
кілегейлі  қабықпен  астарланған  іші  ауаға  толған  қойнаулар  (қойнаулар  қабынғанда 
гаймарит,  фронтит  аурулары  өрбиді)  болады.  Ауалы  сүйектер  берік  те  жеңіл  болып 
келеді.   
Жануарлар онтогенезінде қаңқа сүйектері екі түрлі жолмен дамып жетіледі. Олар: 
біріншілік  сүйектену  және  екіншілік  сүйектену.  Біріншілік  сүйектену  кезінде  сүйектер 
үш даму кезеңдерінен өтеді:  
Бірінші кезеңде: мезенхимадан - жарғақтық  қаңқа дамиды;  
Екінші кезеңде: жарғақтық қаңқадан шеміршектік қаңқа жетіледі;  
Үшінші кезеңде: шеміршектік қаңқадан сүйектік қаңқа дамып жетіледі. 
Сүйектер дамуының, яғни сүйектенудің екі түрі ажыратылады:  
1. Энхондральды сүйектену (ossificatio enchondralis);  
2. Перихондральды сүйектену (ossificatio perichondralis).  
 
Әрбір  сүйекте  сүйектену  ошақтары  түзіледі.  Мысалы,  омыртқада  5  сүйектену 
ошақтары:  денесінде,  оның  екі  эпифизинде  және  омыртқа  доғасының  екі  қапталында; 

жіліктерде  3  сүйектену  ошағы:  диафизинде  және  екі  эпифизинде;  қысқа  сүйектерде  1 
ошағы болады.  
 
Екіншілік  сүйектену  жолымен  бассүйектің  жабынды  сүйектері  дамып  жетіледі. 
Бұлар екі кезеңнен өтеді.  
Бірінші кезеңде: мезенхимадан - жарғақтық  қаңқа дамиды;  
Екінші кезеңде: жарғақтық қаңқадан бірден сүйектік қаңқа дамып жетіледі. 
Жануарлар филогенезінде де, қаңқа сүйектерінің даму үш кезеңнен өтеді:  
1. Жарғақтық қаңқа – хорда, желі (қандауыршаның жарғақтық қаңқасы);  
2.  Шеміршектік  қаңқа  –  шеміршекті  балықтардың  қаңқасы  шеміршектерден 
тұрады (акула, скат);  
3.  Сүйектік  қаңқа  –  сүйекті  балықтардан  бастап  сүтқоректі  жануарларға  дейінгі 
жануарлардың барлығында қаңқа негізінен сүйектерден құралған, тек азғана шеміршектер 
сақталады.  
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Қаңқа  - сүйектер жүйесі ретінде қандай мүшелерден тұрады? 
2. Мүше ретіндегі сүйектің анатомиялық құрылысы. 
3. Қаңқа сүйектерінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері.  
4. Сүйектің қалыпты жағдайдағы химиялық құрамына тоқталыңыз. 
5.  Сүйектер  құрамында  минеральдық  заттар  қалыпты  жағдайдан  (нормадан)  көп 
болса, қандай қасиеттермен ерекшеленеді? 
6.  Сүйектер  құрамында  органикалық  заттардың  қалыпты  жағдайдан  көбейіп, 
минеральды заттардың азаюы – жануарларды қандай ауруларға шалдықтырады?  
7. Қаңқадағы сүйектер түрлері. 
8. Сүйектер дамуының онтогенезі. 
9. Сүйектер дамуның филогенезі. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 190 
- 196 беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№8  ДӘРІС. 
 
Тақырыбы: Жануарлар қаңқасының құрылыс заңдылықтары 
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  қаңқаның  бөлімдерімен  және  олардың  құрылыс 
заңдылықтарымен, қаңқа сүйектерінің даму процесіндегі өзара тәуелділігімен таныстыру. 
Түйінді сөздер: біліктік қаңқа, шеткі қаңқа, белдеу қаңқасы, еркін қозғалатын бөлім 
қаңқасы. 
Иллюстрация:  жануарлар қаңқаларының таблицалары, слайдтар, атлас. 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Жануарлар қаңқасының  сипаттамасы.  
2. Біліктік қаңқаның бөлімдері, олардың құрылысы. 
3. Шеткі қаңқаның бөлімдері, олардың құрылысы. 
4. Қаңқа бөлімдері дамуының себептері, олардың өзара коррелятивтік байланысы. 
Дәрістің мазмұны: 
1-сұрақ.  Жануарлар  қаңқа  сүйектерінің  дене  салмағымен  салыстырғандағы 
(салыстырмалы  массасы)  салмағы  жануарлардың  түрлеріне  байлаңысты  5  -  6%-ден  13  -
17%-ге  дейін  болады.  Қаңқаның  салыстырмалы  массасы  жануарлардың  түрлеріне, 
қоңдылығына,  тұқымына,  жасына,  жынысына,  физиологиялық  жағдайына  байланысты 
болып  келеді.  Мысалы,  етті  қойларда  қаңқа  массасы  орта  есеппен  9%,  ал  биязы  жүнді 
қойларда – 15%. 
Жануарлар  түрлеріне  баланысты  қаңқасының  орташа  салыстырмалы  массасы: 
жылқы – 13 - 15%, сиыр, қой – 13 - 15 %, шошқа – 5 - 9%, ит – 15 - 17%, кашалот - 28%, 
адам – 17 - 20%. 
Жасына  байланысты:  жылқыда  –  13%,  құлында  –  30%,  сиырда  –  10%,  бұзауда  - 
25%, қойджа - 7%, қозыда - 18%, қоянда - 8%, көжекте - 15%, мысықта – 10%, қонжықта - 
16%. 
2  –  сұрақ.  Қаңқа  -  біліктік  қаңқа  және  шеткі  қаңқа  болып  екі  бөлімге  бөлінеді. 
Біліктік  қаңқаның  салыстырмалы  массасы  –  49%.    Біліктік  қаңқа  бас,  мойын,  тұлға 
және  құйрық  қаңқа  сүйектерін  біріктіреді.  Бас  қаңқасы  (салыстырмалы  массасы  16%) 
бассүйек (cranium) екі бөлімнен:  ми сауыты (cranium  cerebrale, s.  Neurocranium) және 
бет бөлімі (cranium viscerale, s. Splanchnocranium) тұрады. 
Мойын және тұлға қаңқасының салыстырмалы массасы 33%. Мойын қаңқасы – 7 
мойын омыртқалардан (атлант, білік омыртқа, 3-, 4- және 5- ортаңғы мойын омыртқалар, 
6- және 7- мойын омыртқалар) - vertebrae cervicales. Тұлға қаңқасы үш бөлімнен тұрады: 
көкірек  керегесі  (thorax)  ,  бел  және  құйымшақ  бөлімдері.  Көкірек  керегесін  көкірек 
омыртқалары  (vertebrae  thoracicae),  қабыртқалар  (costae)  және  төссүйек  (sternum
құрайды. Көкірек  омыртқалары: жылқыда 18  – 19;  түйеде  – 12;  сиырда , қойда , ешкіде, 
итте – 13; шошқада – 14 – 15. Бел бөлімінің қаңқасы – бел омыртқалар (жылқыда, түйеде, 
сиырда  –  6;  қой  мен  ешкіде  –  6  –  7;  шошқа  мен  итте  –  7  бел  омыртқалар)  -  vertebrae 
lumbales, ал құйымшақ бөлімінің  – құйымшақ омыртқалары (жылқыда, түйеде, сиырда  – 
5;  қойда,  ешкіде,  шошқада  –  4;  итте  –  3  құйымшақ  омыртқалар)  -  vertebrae  sacrales
немесе  құйымшақ  сүйек  (os  sacrum)  құрайды.  Құйрық  бөлімінің  қаңқасы  –  құйрық 
омыртқалары (қойда – 3 – 24; сиырда, жылқыда -  16 – 21; шошқада, итте – 20 – 23 құйрық 
омыртқалар) – vertebrae caudales түзеді. Барлық бөлімінің омыртқалары бірігіп, омыртқа 
бағанын - columna vertebralis құрайды. 
3  –  сұрақ.  Шеткі  қаңқаны  (51%)  алдыңғы  және  артқы  аяқ  қаңқа  сүйектері 
жасайды.  Аяқтардың  қаңқасы  екі  бөлімнен  құралған:  1)  белдеу  қаңқасы  –  cingulum 
membri,  2)  еркін  қөзғалатын  бөлім  қаңқасы  -  skeleton  membri  libera.  Алдыңғы  аяқта 
(20%)    белдеу  қаңқасын  (cingulum  membri  thoracici)  –  жауырын  (scapula),  маймылдар 
мен  мысық  тұқымдарында  жауырын  және  бұғана  (clavicula),  ал  құстарда  үш  сүйек: 

жауырын,  бұғана  және  құс  тұмсықша  сүйек  (қарға  сүйек  -  каракоид)  -  os  caracoideum 
құрайды. 
Артқы аяқ тың (31%) белдеуін (cingulum membri pelvini) – жамбас сүйек құрайды. 
Ол  өз  кезегінде  тұтаса  байланысқан  үш  сүйектен:  мықын  сүйектен  -  os  ilium,  шонданай 
сүйектен - os ischii және шат сүйектен - os pubis тұрады.  
Аяқтардың  еркін  қозғалатын  бөлімдерінің  қаңқаларын:  жоғарғы  (проксимальды) 
бөлік – стилоподий, ортаңғы бөлік – зейгоподий және төменгі бөлік – автоподий жасайды. 
Стилоподийді: алдыңғы аяқта – токпанжілік (humerus), артқы аяқта – ортан жілік 
(os  femoris). 
Зегоподийді: алдаңғы аяқта – білек сүйектері - ossa  antenrachii (кәрі жілік, шынтақ 
сүйек), артқы аяқта – сирақ сүйектер - ossa cruris (асықты жілік, шыбық сүйек). 
Автоподийді алдыңғы аяқта – алдыңғы аяқ басы (manus) сүйектері – тізе, алдыңғы 
жіліншік,  бақай  сүйектері,  ал  артқы  аяқта  –  артқы  аяқ  басы  (pes)  сүйектері  –  тілерсек, 
артқы жіліншік, бақай сүйектері құрайды.  
 
4 – сұрақ. Қаңқа сүйектерінің бөлімдерге бөлініп дамуының себептері: 
1.Бассүйек – ми және сезім мүшелерінің дамуына байланысты. 
2.  Мойын  қаңқасы  –  алдыңғы  аяқ  қаңқасының  дамуына  байланысты.  Алдыңғы  аяқтың 
қармағыш  мүшеге  айналған  жануарларда  (адамда  да)  мойын  мен  алдыңғы  аяқтың 
ұзындығы сәйкес келмейді. 
3. Көкірек бөлімі қаңқасы - өкпенің дамуы мен және алдыңғы аяқтың көкірек керегесіне 
бекуіне (төссүйектің дамуына) байланысты. 
4.  Бел  бөлімі  қаңқасы  –  метаболизм  қарқындылығының  артуына  (ішкі  мүшелердің 
дамып жетілуіне)байланысты. 
5.  Құйымшақ  бөлімі  қаңқасы  –  артқы  аяқ  қаңқасының  бекуіне,  іштөлінің  дамуына 
байланысты. 
6.  Құйрық  бөлімі  қаңқасы  –  судағы  жануарларда  –  қозғалыс  мүшесі,  құрлықтығы 
жануарларда. өз қызметінен айырылған. 
7.  Аяқтар  қаңқасы  –  жануарлардың  құрлыққа  шығуына  қимыл-қозғалысқа,  ұшуға 
байланысты. 
 
Бақылау сұрақтары. 
1. Қаңқаның бөлімдерге бөлінуі, олардың сипаттамасы. 
2. Біліктік қаңқа бөлімдерінің құрылыс заңдылықтары.  
3. Шеткі қаңқа бөлімдерінің құрылыс заңдылықтары. 
4. Белдеу қаңқасы сүйектерінің құрылысы. 
5. Еркін қозғалатын бөлім бөліктері сүйектерінің құрылысы. 
6. Қаңқа сүйектерінің бөлімдерге бөлініп дамуының себептері. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 196 - 239 
беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 9 ДӘРІС. 
 
Тақырыбы: Қаңқа сүйектерінің байланысы. 
Дәрістің мақсаты: Студенттерді қаңқа сүйектерінің байланыс түрлерімен, олардың 
құрылысымен  және  қаңқа  бөлімдеріндегі  сүйектер  байланыстарының  ерекшеліктерімен 
таныстыру.  
Түйінді  сөздер:  тұтаса  байланыс,  буынды  байланыс,  синсаркоз,  синэластоз, 
синдесмоз, синхондроз, синостоз.  
Иллюстрация:  сүйектер байланыстары түрлерінің таблицалары, слайдтар, атлас. 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың жалпы сипаттамасы. Сүйектердің тұтаса 
байланысының түрлері.  
2. Буынды байланыстың құрылысы және түрлері. 
3. Біліктік және шеткі қаңқа сүйектерінің байланыс ерекшеліктері. 
4. Сүйектер байланысының дамуы. 
Дәрістің мазмұны: 
1-сұрақ.  Қаңқа  сүйектерінің  байланыс  түрлерін  зерттейтін  морфология  ілімінің 
саласын syndesmologia (грек. syn – байланыс, desmos - дәнекер, logos - ілім) деп атайды. 
Сүйектер байланысы (Juncturae ossium, s. Articulationеs) – қаңқа сүйектерінің бір-бірімен 
өзара  белгілі  заңдылықпен  байланысып,  сүйектер  жүйесінің  денедегі  қимыл,  тіректік, 
қорғаныс  қызметтерін  атқаруын  қамтамасыз  етеді.  Организмдегі  атқаратын  қызметіне 
байланысты қаңқа сүйектері бір-бірімен түрліше байланысады. Негізінен қаңқа сүйектері 
байланысының  екі  түрі  болады.  Олар:  сүйектердің  тұтаса  байланысы  (synarthrosis) 
және сүйектердің қозғалмалы байланысы немесе буынды байланыс (diarthrosis). Қаңқа 
сүйектері бір-бірімен түрлі ұлпалар арқылы өзара тұтаса байланысады, яғни байланысқан 
сүйектер  аралықтарында  қуыс  қалмайды.  Қаңқа  сүйектері  тұтаса  байланысының 
жануаралар  организмдерінде,  оларды  байланыстыратын  ұлпаларға  байланысты  бес  түрі 
ажыратылады. Олар:  
1. synsarcosis – қаңқа сүйектерінің бұлшықеттер арқылы байланысы (жауырынның 
тұлғаның көкірек керегесімен байланысы);  
2. synelastosis  –  қаңқа сүйектерінің серпімді  талшықты дәнекер ұлпасы (эластинді 
ұлпа)  арқылы  байланысы  (бассүйек  шүйде  сүйегінің  мойын  және  көкірек 
омыртқаларымен желке және омыртқалараралық эластинді байламдар арқылы арқылы);  
3. syndesmosis - қаңқа сүйектерінің дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Синдесмоз 
өз кезегінде дәнекер ұлпалық аралықтың құрылысына байланысты үш түрге бөлінеді:  
                 1)  жарғақ  (membranа)  –  қаңқа  сүйектерінің  коллаген  талшықтарынан 
тұратын  жұқа  жарғақпен  байланысы  (шүйде-атлант  буынының  жарғағы,  құйымшақ  пен 
жамбас сүйектер аралықтарындағы жарғақ);    
                 2)  байлам  (ligamentum)  –  берік  коллаген  талшықтары  шоғырларынан 
құралған  сіңір  баламмен  сүйектердің  байланысы  (иттің  кәрі  жілігі  мен  шынтақ  сүйегін 
жалғастырып тұрған сіңір байлам);   
                 3) жік (sutura) – аралықтарындағы тым жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар 
арқылы  сүйектердің  байланысы.  Жіктік  байланысқа  жас  төлдер  бассүйектерінің  өзара 
жіктермен байланысы жатады. Жіктер – пішініне байланысты үш түрге бөлінеді: 1) тегіс 
жік (sutura plana), тісше жік (sutura serrata) және қабыршақша жік (sutura squamosa);          
4.  synchondrosis  –  қаңқа  сүйектерінің  шеміршек  ұлпасы  арқылы  байланысы 
(омыртқалар денелері арасында, төссүйек бөлікшелері аралығында);  
5.  synostosis  –  қаңқа  сүйектерінің  сүйек  ұлпасы  арқылы  байланысы  немесе 
сүйектену  (сақа  жануарлар  бассүйектерінің,  құйымшақ  омыртқалардың,  жамбас 
сүйектерінің, кейбір тізі және тілермек сүйектерінің сүйектенуі).  
2-сұрақ.  Буынды  байланыс  (diarthrosis)  немесе  буын  (articulatio)  –  қаңқа 
сүйектерінің буын қуысы арқылы бір-бірімен өзара қозғалмалы байланысып, организмдегі 

түрлі  қимыл  қозғалыстарды  қамтамасыз  етеді.  Буын  қуысында  байланысатын  сүйектер 
бастарын майлап тұратын қоймалжың сұйық – синовия (synovia) болады. 
Буынның  құрылысы:  1.  Буын  қапшығы  (capsula  articularis)  –  буынды 
құрайтын  сүйектер  бастарын  сыртынан  қаптап,  буын  қуысындағы  синовияның  ағып 
кетпеуін қамтамасыз етеді (буын қапшығы сүйекқаптың тікелей жалғасы). Буын қапшығы 
өз кезегінде екі қабаттан тұрады: 
талшықты  (фиброзды)  жарғақ  (membrana  fibrosa)  –  сыртқы  сүйекқаптың 
талшықты қабатының жалғасы;  
синовиялы жарғақ (membrane synovialis) – синовияны бөлетін бір  қабат немесе 
бірнеше қабат жалпақ дәнекер ұлпалық жасушалардан тұратын ішкі қабат;  
2.  Буын  қуысы  (cavum  articularis)  –  буындарды  құрайтын  сүйектер  бастарының 
арасындағы  қуыс.  Буын  қуысында  сүйектер  бастарын  қаптап  тұрған  буын 
шеміршектерінің беттерін майлап тұратын қоймалжың сұйық  - synovia болады. Оның 98 
% - су, 2% - протеин. 
3.  Буын  шеміршегі  (cartilagо  articularis)  –  буынды  құрайтын  сүйектер 
бастарының  буындық  беттерін  қаптап  тұратын  гиалинді  шеміршек  ұлпасынан  тұрады. 
Буын  шеміршегі  -  синовия  арқылы  қоректенеді  және  өзінің  ыдырау  өнімдерін  де, 
синовияға шығарады.   
Буындарың жіктелуі: 
Жануарлар  қаңқасындағы  буындар  құрылысына  байланысты:  қарапайым 
буындар және күрделі буындар болып екі топқа бөлінеді:  
Қарапайым  буындар  –  екі  сүйек  бастарынан  құралған.  Олардың  аралығында 
синовияға  толған  тек  бір  буын  қуысы  (тіласты  сүйек  бунақтарының  буындары,  шүйде-
атлант  буыны,  білік-атлант  буыны,  иық  буыны,  жамбас-ортан  жілік  буыны,  бақай 
буындары) болады. 
Күрделі буындар  – буынды құрайтын негізгі екі  сүйек бастарының арасында бір 
немесе  бірнеше  қатарда  орналасқан  майда  сүйектер  болмаса  шеміршектер  аралықтары 
болады.  Нәтижесінде  күрделі  буындарда  екі  немесе  бірнеше  буын  қуыстары  (самай-
төменгіжақ буыны, шынтақ буыны, тобық буыны, тізе буыны, тілерсек буыны) болады.  
Қаңқа буындары қызметіне байланысты: бірбілікті буындар, қосбілікті буындар, 
көпбілікті буындар және сырғанай қозғалатын буындар болып төрт топқа бөлінеді. 
Бірбілікті  буындарда  қимыл  тек  бір  біліктің  бойымен  жүреді.  Бірбілікті 
буындарға:  сүйектер  бастарының  пішіні:  шығыр  тәрізді  буындар  (шынтақ  буын,  тізе 
буын,  тобық  буын,  тілерсек  буын,  бақай  буындар),  цилиндр  тәрізді  буындар  (білік-
атлант буыны) және бұранда тәрізді буындар (жылқының тілерсек буыны) жатады.  
Қосбілікті  буындарда  қимыл  бір-біріне  перпендикулалы  екі  біліктің  бойымен 
жүреді. Қосбілікті буындарға сүйектер бастарының пішіні: сопақ буындар (шүйде атлант 
буыны,  самай-төменгіжақ  буыны)  және  ер  тәрізді  буындар  (күйіс  қайтаратын 
жануарлардың қабыртқа-омыртқа буындары) жатады.  
 Көпбілікті  буындарда  қимыл  бір-біріне  перпендикулалы  үш  немесе  оданда  көп 
біліктің бойымен жүреді. Көпбілікті буындарға пішіні: шар тәрізді буындар (иық буын, 
жамбас-ортан жілік буыны) жатады. 
             Сырғанай қозғалатын буындарға сүйектер бастарының пішіні жалпақ буындар 
(омыртқалардың  краниальды  және  каудальды  буындық  өсінділерінің  буындары, 
құйымшақ-мықын буыны) жатады. 
Буындардағы  қозғалыстардың  түрлері:  жызылу  (экстензио),  бүгілу  (флексио), 
алыстау (абдукцио), жақындау  (аддукцио), айналу (ротацио):  сыртқа айналу )супинацио) 
және ішке айналу (пронацио). 
 
Буынның көмекші мүшелері: шеміршек дискі, шеміршек тегіршіктер, байламдар, 
тиекше сүйектер. 
3-сұрақ. Біліктік қаңқа сүйектерінің байланысы:  

Бассүйек  сүйектерінің  байланыс  түрлері:  жіктер  (тегіс,  тісше,  қабыршақша)
буындар (самай-төменгіжақ буыны, тіласты сүйек бунақтарының буыны).  
Омыртқалар  байланысы:  синхондроз  (омыртқа  денелерінің  байланысы), 
синостоз  (құйымшақ  омыртқаларының  денелері),  синдесмоз  (омыртқа  доғалары), 
қарапайым жалпақ буындар (омыртқалардың буын өсінділері). 
Омыртқа  бағанындағы  байланыстар:  1.  Байламдар:  1)  сегментаралық 
байламдар (доғааралық, жоталыө өсінділераралық, көлденең өсінділераралық); 2) жалпы 
байламдар (дорсальды ұзын байлам, вентральды ұзын байлам, жотаүстілік байлам, желке 
–  арқанша  және  тақташа  бөліктер);  2.  Буындар  (шүйде-атлант  буыны,  атлант-білік 
буыны).  
Көкірек  керегесі  сүйектерінің  байланысы:  буындар:  қабыртқа-омыртқа 
буындары  (қабыртқа  бастарының  буындары,  қабыртқа-көлденең  өсінділер  буындары, 
күйіс  қайтаратын  жануарлар  мен  шошқада  –  төссүйек  тұтқасы-денесі  буыны, 
қабыртқа-төссүйек  буындары);  байламдар  (буыніші  байламдар  –  қабыртқа  басы  мен 
омыртқа ойысын жалғастырады, қабыртқалар бастарыаралық байламдар). 
Аяқтар сүйектерінің байланысы: 
Алдыңғы  аяқ  сүйектерінің  байланысы:  иық  буыны,  шынтақ  буыны 
(латеральды  және  медиальды  бүйір  байламдар),  тізе  буыны  (ұзын  және  қысқа  бүйір 
байламдар,  қатараралық  байламдар,  сүйектераралық  байламдар),  бақай  буындары: 
тұсамыс буыны (бүйір байламдары, арнайы тиекше сүйек байламы), топай буыны (бүйір 
байламдар,  пальмарлы  байлам),  тұяқ  буыны  (бүйір  байламдар,  жылқыда  –  тұсамыс-
тиекше  байлам,  тұяқ-тиекше  байлам,  жұп  тұяқты  жануарларда  –  тұяқаралық  крест 
тәрізді байламдар).  
Артқы  аяқ  сүйектерінің  байланысы:  құйымшақ-мықын  буыны  (дорсальды 
ұзын  және  дорсальды  қысқа  құйымшақ-мықын  байламдары,  құйымшақ-шонданай 
байламы),  жамбас-ортан  жілік  буыны  (көлденең  байлам,  жұмыр  байлам,  жылқыда  – 
жұмыр  байлам),  тобық  буыны:  тобық  сүйек  буыны  (көлденең  латеральды  және 
медиальды  ортан  жілік-тобық  байламдары,  тобық  сүйектің:  латеральды,  ортаңғы, 
медиальды  тік  байламдары),  ортан  жілік-асықты  жілік  буыны  (ортан  жілік-тегіршік 
байламы, алдыңғы асықты жілік-тегіршік байламы, артқы асықты жілік-тегіршік байламы, 
латеральды  және  медиальды  бүйір  байламдары,  буын  ішіндегі  крест  тәрізді  байламдар), 
тілерсек  буыны  (ұзын,  қысқа  латеральды  және  медиальды  байламдар,  қатараралық 
байламдар, сүйектераралық байламдар, дорсальды және плантарлы тілерсек байламдары), 
бақай буындары.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет