Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

 

№25 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Жүйке жүйесі орталық бөлімі мүшелерінің морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  жүйке  (нерв)  жүйесінің  бөлімдерімен,  оладың 
мүшелерінің дамуымен, топографиясымен, құрылысымен және жануарлар организміндегі 
маңызымен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  ми,  жұлын,  жүйкелер  (нервтер),  нейроциттер,  жүйке  ядролары, 
жүйке  талшықтары,  жүйке  ұштары,  рефлекс,  сомалық,  вегетативті,  симпатикалық, 
парасимпатикалық жүйке жүйелері. 
 Иллюстрация – жүйке жүйесі, ми, жұлын (таблицалар, слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1.  Жүйке  жүйесінің  жалпы  сипаттамасы,  оның  топографиялық  және  қызметтік 
бөлімдері.  
         2. Жүйке жүйесі мүшелерінің дамуы (филогенез, онтогенез). 
         3.Жұлынның топографиясы және құрылысы. 
         4. Мидың топографиясы және құрылысы. 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақЖүйке (нерв) жүйесі  –  ЖЖ (нейрология)  – жануарлар организмі  мүшелерінің 
бір-бірімен  үйлесімді  қызметтерін  біріктіріп,  олардың  біртұтастығын  және  оның 
қоршаған  ортаға  бейімделуін  қамтамасыз  етеді.  ЖЖ-інің  организмдегі  қызметтері 
рефлекс  арқылы  іс  жүзіне  асады.  ЖЖ  –  жүйке  (нерв)  ұлпасынан  тұрады. 
Топографиясына байланысты ЖЖ екі бөлімге: ЖЖ-інің орталық бөлімі (ми, жұлын) 
және  ЖЖ-інің  шеткі  бөлімі  (жүйке  түбіршіктері,  жүйкелер,  жүйке  тораптары, 
ганглийлер, жүйке талшықтары, жүйке ұштары), ал организмдегі  атқаратын қызметіне 
байланысты  ЖЖ  үш  бөлімге:  ЖЖ-інің  сомалық  бөлімі  (тірек-қимыл  аппараты,  тері 
жабыны),  ЖЖ-інің  парасимпатикалық  бөлімі  (ішкі  мүшелер,  олардың  бездері),  ЖЖ-
інің  симпатикалық  бөлімі  (тамырлар  жүйесінің  мүшелері)  бөлінеді.  Соңғы  екеуін 
біріктіріп,  ЖЖ-інің  вегетативті  бөлімі  деп  атайды.  Организм  мүшелері  қосарынан 
жүйкеленеді (нервтенеді). 
2  –  сұрақ.  Филогенез.  Жануарлар  организміндегі  ЖЖ-інің  дамуы  тіршілікке  тән 
қасиеттердің  бірі  –  тітіркенгіштік  қасиетіне  тікелей  байланысты,  яғни  дененің 
тітіркеністерді қабылдап, оған белгілі дәрежеде жауап беру қабілеттігі. 
1. Біржасушалы қарапайым жәндіктерде тітіркенгіштікті қабылдап, жауап беретін 
арнайы  құрылым  болмайды.  Бұлар  әсер  етуші  факторларды  денесінің  сыртқы  бетімен 
қабылдап, олардың біреуіне үйлесімсіз жауап (таксис деп атайды) береді. 
2.    Көпжасушалы  қарапайым  жәндіктерде  (су  гидрасы)  тітіркеністерді 
қабылдайтын  (рецепторлар)  және  толқындарды  өткізіп  жауап  беретін  (эффекторлар
арнайы  құрылым  (эпителий-бұлшық  ет  жасушалары)  пайда  болады.  Бұдан  басқа 
жекеленген  сезімтал  нейроциттер  де  кездеседі.  Кейбір  полиптер  мен  медузаларда 
нейроциттер топтасып жинақталып, болашақ қызметіне байланысты қалыптасады. 
3. Денесі бірбіліктілік және екіжақты симметриялық заңдылығына сәйкес дамып, 
организмі  күрделенген  жәндіктерде  (насекомдар)  нейроциттер  топтасып,  дененің  ұзын 
бойын  бойлай  орналасқан  жүйкелік  бағандар  құрайды.  Бағандардың  алдыңғы  ұшы 
дененің  болашақ  бас  жағындағы  сезім  мүшелерінің  қызметін  қамтамасыз  ететін 
жұтқыншақ  маңындағы  жүйкелік  сақинаға  айналады  (мидың  қызметін  атқарады, 
орналасу  орындарына  байланысты  жұтқыншақүсті  және  жұтқыншақасты  жүйке 
түйіндеріне  ажырайды).    Жұтқыншақүсті  түйін  –  дененің  бас  аумағындағы  сезім 
мүшелерінің (иіс сезімі, көру) қызметін үйлестіріп, басқарып отырады. Жұтқыншақасты 
түйіні  –  ішек  түтігімен  байланысты.  Құрсақ  сегменттерінің  пайда  болуы  –  жүйке 
бағанының жүйке түйіндер тізбегіне (ішектің төменгі жағындағы тақ немесе жұп жүйке 
түйіндері  тізбегі)  ыдырауына  ықпалын  тигізеді.  Жүйке  түйіндерінің  шеткі  жағында 

нейроциттер,  ал  олардың  орталығында  –  жүйке  талшықтары  орналасады. 
Насекомдардан-ақ  ЖЖ-інің  орталық  (жұтқыншақүсті  және  құрсақ  жүйке 
түйіндерінің  тізбегі)  және  шеткі  бөлімдерін  (жүйке  түйіндерінен  денеге  таралатын 
жүйкелер, жүйке ұштары) ажыратуға болады.  
4.  Дене  құрылысы  күрделі  насекомдарда  (сұр  шыбын)  нейроциттердің  топтасуы 
(жұтқыншақүсті түйінде – ұшатын насекомдарда – көру бөлігі, ал жерде тіршілік ететін 
насекомдарда  -  иістік  бөлігі  жақсы  жетілген,  құрсақ  жүйке  түйіндері  бірігіп,  үлкен  бір 
көкірек  түйініне  айналады)  одан  әрі  жүреді.  Бал  аралары  мен  құмырсқаларда 
жұтқыншақүсті  түйінде  –  орталық  және  оның  алдыңғы  жағында  саңрауқұлақ  тәрізді 
денелер  болады.    Бұлар  насекомдардың  күрделі  инстинктерін  іс  жүзіне  асыратын 
аралық орталықтар. 
5. Хордалы жануарларда ЖЖ – біріншілік эктодермадан (жүйке түтігі – сұр заты, 
ақ  заты,  түбіршіктер,  жүйкелер,  ганглийлер,  жүйке  талшықтары,  жүйке  ұштары,  торлы 
құрлым) және мезенхимадан дамиды. 
Онтогенез.  ЖЖ-інің  орталық  бөлімінің  мүшелері  -  жұлын  мен  ми  біріншілік 
эктодермадан  жетілтін  жүйке  түтігінен      (Жт)  дамиды.  Жт  хорданың  жоғарғы  жағында 
орналасып,  екі  бөлімге:  хордаүстілік  (эпихордальды)  және  хордаалдылық 
(прехордальды) бөлімдерге бөлінеді.  Жт – алғашқы кезде біркелкі эктодермоциттерден 
тұрады.  Кейіннен  болашақ  қызметтеріне  сәйкес  эктодермоциттерден:  нейробласттар 
(ЖЖ-і  мүшелерінің  құрылымдық  және  қызметтік  бірлігі  –  нейроциттер  дамиды)  және 
глиобласттар 
(макроглиялар 
дамиды: 
эпендимоциттер, 
астроциттер, 
олигодендроглияциттер)  дамып  жетіледі.  Микроглия  –  дамудың  соңғы  кезеңінде 
орталық ЖЖ мүшелерінде мезенхимадан (қан тамырлары арқылы  ағып келеді: қоректік, 
қорғаныс қызметтері) дамып жетіледі.  
Жұлын  –  Жт-інің  эпихордальды,  ми  -    Жт-інің  прехордальды  бөлігінен  дамиды 
(үшкөпіршікті  ми  –  алдыңғы,  ортаңғы,  артқы  бөлімдер;  бескөпіршікті  ми  -  алдыңғы 
бөлім:  алдыңғы  жұп  -  соңғы  ми,  артқы  тақ  -  аралық  ми;  ортаңғы  бөлім:  ортаңғы  ми; 
артқы бөлім: алдыңғы бөлігінен – артқы ми, артқы бөлігінен – сопақша ми).  
3  –  сұрақ.  Жұлынның  және  мидың  сезімтал  түйіндері  (ганглийлері)  –  ганглионды 
пластинкадан  дамиды,  дорсальды  (жұп  сезімтал)  жүйке  түбіршіктерінің  бойында 
орналасады.  Сыртынан  ДҰ-лық  қапшықпен  қапталған.  Одан  ганглий  ішіне  ДҰ-лық 
перделіктер  тарайды.  ДҰ-лық  қапшық  пен  перделіктер  ганглий  стромасын  құрайды. 
Ганглий  паренхимасын  ганглийдің  шеткі  жағында  топтаса  орналасқан  сезімтал 
псевдоуниполярлы  нейроциттер  мен  ганглий  орталығымен  өтетін  осы  нейроциттер 
өсінділерінен  (аксондар,  дендриттер)  түзілген  жүйке  талшықтары  құрайды.  Сезімтал 
нейроциттер  денелері  сыртынан  бір  қабат  глия  жасушаларымен  қошалып  жатады. 
Бұларды  мантий  глиоциттері  деп  атайды.  Глиоциттерді  сыртынан  жасушаларының 
ядролары  сопақ  пішінді  ДҰ-лық  қабық  қаптап  жатады.  Жұлын  ганглийлері  сезімтал 
нейроциттерінің  дендриттері  сезімтал  жүйке  талшықтары  дененің  тері  сезімі,  ал  ми 
ганглийлерінің сезімтал жүйке талшықтары бас терісінің пецепторларында аяқталады. 
3 – сұрақ. Жұлын (Ж) – омыртқа бағаны өзегінде орналасқан, пішіні цилиндр тәрізді, тірі 
организмдегі  түрлі  рефлекстердің  іс  жүзіне  асуын  қамтамасыз  ететін  орталық  жүйке 
жүйесінің (ОЖЖ) мүшесі. Ж сыртынан үш қабық: қатты қабық, өрмелі (торлы) қабық, 
жұмсақ қабық қаптап жатыр. Омыртқа бағаны өзегі мен жұлын қабықтары арасында үш 
кеңістік:  қаттыүсті  кеңістік  (БДҰ,  май  ұлпасы),  қаттыасты  кеңістік  (эндотелиймен 
астарланған,  жұлын  сұйығы),  өрмеліасты  кеңістік  (эндотелиймен  астарланған,  жұлын 
сұйығы)  болады.  Ж  –  топографиясына  баланысты:  мойын,  көкірек,  бел,  құйымшақ 
бөлімдеріне  бөлінеді.  Мойын  мен  бел  бөлімдерінде  жұлын  жуандаулары  бар.  Бел 
бөлімінен кейін Ж сүйірленіп,  жұлын  конусын,  одан әрі  1  – 2 ші  құйрық  омыртқалары 
деңгейінде  тым  жіңішкеріп,  соңғы  жіпке  айналады.  Ж  -  орталық  дорсальды  сай  және 
орталық  вентральды  саңлау  арқылы  екі:  оң  және  сол  бөліктерге  бөлінеді.  Ж-ның 
орталығымен  жұлын  өзегі  (жұлын  сұйығы)  өтеді.  Ж-ның  екі  жағында  оң  және  сол 

дорсальды латеральды сайлар, оң  және сол вентральды латеральды сайлар  болады. 
Ж-  бірінен  анық  ажырайтын  сыртқы  ақ  заттан  (  пішіні  Н  тәрізді,  миелинді  жүйке 
талшықтарынан,  жүйкелік  глия),  ішкі  сұр  заттан  (нейроциттер  денелерінен,  миелинсіз 
жүйке  талшықтарынан,  жүйкелік  глия)  тұрады.    Ж-ның  әр  бөлігіндегі  ақ  зат  сайлар 
вентральды саңлау арқылы дорсальды, латеральды, вентральды арқаншаларға бөледі. 
Ақ затта Ж сегменттерін байланыстыратын қысқа өткізгіш жолдар және Ж сегменттерін 
ми орталықтарымен жалғастыратын ұзын өткізгіш жолдар болады. Әр бөліктің сұр заты 
да    өзара  сұрзаттық  дәнекермен    байланысып,  олардың  әрқайсысы  сайлар  мен 
вентральды  саңлау  арқылы  вентральды,  латеральды  (мойын  бөлімінде  болмайды)
дорсальды  мүйіздерге  (бағандарға)  ажыратылады.  Сұр  затта  белгілі-бір  қызмет 
атқаратын нейроциттер белгілі аймақта топтаса орналасып, сұрзаттық ядролар құрайды. 
Сұр  заттағы  нейроциттер  мөлшері  мен  құрылысына,  топографиясына  және  жүйке 
толқынын  өткізу  сипатына  сәйкес  үш  топқа  бөлінеді:  1)түбіршік  нейроциттер 
(аксондары  вентральды  түбіршік  құрамында  Ж-нан  шығады),  2)ішкі  нейроциттер 
(аксондары  сұр  зат  нейроциттерінде  синапспен  аяқталады),  3)шоғырлы  нейроциттер  
Ж-ның  өткізгіш  жолдарын  (қысқа,  ұзын)  түзеді.  Сұр  заттың  дорсальды  мүйізіндегі 
ядролар:  кеуекті  қабат  (майда  шоғырлы  нейроциттер),  желатин  тәрізді  зат  (майда 
шоғырлы нейроциттер, ассоциативті нейроциттер Ж ганглийіндегі сезімтал нейроциттерді 
вентральды  мүйіздегі  қозғалтқыш  нейроциттермен  жалғастырып,  Ж  ішіндегі 
рефлекторлық доғаны тұйықтайды),  дорсальдық мүйіздің өзіндік ядросы  (ассоциативті 
нейроциттерінің  аксондары  ақзаттық    дәнекерлікпен  Ж-ның  қарама-қарсы  жағына  өтіп, 
жұлын-мишық,  жұлын-көру  төмпегінің  өткізгіш  жолдарын  түзеді),  кеуде  ядросы 
(мультиполярлы  нейроциттердің  аксондары  өз  жағындағы  бүйірлік  арқаншаға  өтіп, 
дорсальды жұлын-мишық жолын түзеді). 
Дорсальды  мүйіздің  аралық  аймағында:  медиальды  (аксондары  өз  жағындағы 
вентральды  жұлын-мишық  өткізгіш  жолын  түзеді)  және  латеральды  аралық 
(симпатикалық ЖЖ-нің аралық нейроциттері ) ядролар болады.      
Вентральды  мүйіздегі  нейроциттердің  қозғалтқыш  ядролары:  медиальды  топтағы 
нейроциттер (аксондары тұлға бұлшық еттерін), латеральды топтағы нейроциттер (Ж 
жуандаулары арқылы аяқтарға өтіп, олардың бұлшық еттерін). 
4  –  сұрақ.  Ми  –  ми  сауыты  қуысында  орналасқан,  жануарлар  организмі  мүшелер 
жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп реттеп, бақылап отыратын ЖЖ-нің орталық  мүшесі. 
Ми көлденең сай арқылы  үлкен ми  және ромбы тәрізді  ми болып екі  бөлімге бөлінеді. 
Үлкен ми – ортаңғы мидан, аралық мидан және соңғы мидан, ал ромбы тәрізді ми – артқы 
мидан  (мишық,  ми  көпірі)  және  сопақша  мидан  құралған.  Ми  сұр  затының  көп  бөлігі 
соңғы  ми  сыңарлары  мен  мишықтың  сыртқы  бетінде  орналасып,  олардың  қыртысты 
қабаттарын, ал қалған бөлігі ми діңгегінің (сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми, аралық 
ми,  соңғы  мидың  базальды  бөлігі)  көптеген  сұрзаттық  ядроларын  құрайды.  Ми 
қыртыстарының  астында  және  ми  діңгегі  ядроларының  аралықтарында  мидың  ақ  заты 
орналасады.  
      Сопақша ми (СМ) – пішіні сопақша келген жұлынмен жалғасып жатқан мидың артқы 
бөлігі. СМ-дың төменгі бетінде вентральды орталық саңлау және латеральды вентральды 
сайлармен  бөлінген  оң  және  сол  сопақша  ми  пирамидалары  көрінеді.  СМ–дың  
сыртында  ақ  зат,  ішінде  ақзаттық  аралықтармен  бөлінген  сұрзаттық  ядролар  болады. 
Бұлар тіршілікке тым қажет вегетативті орталықтар (жүрек соғу, тыныс алу, тер бөлу, 
сілекей бөлу, шайнау, жұту, сору, көз жасын бөлу, ас қорыту сөлдерін бөлу, құсу, кекіру, 
күйіс  қайтару,  түшкіру,  жөтелу,  көз  жыпылықтау).  Бұлардан  басқа  ми  жүйкелерінің 
сезімтал (4-ші ми қарыншасының түбінде, оның сыртқы латеральды жағында  – сынаша, 
жұқа шоғырлар ядролар, үшкіл, есту жүйкелерінің ядролары) және қозғалтқыш (4-ші 
ми қарыншасының түбінде, оның ішкі медиальды жағында) сұрзаттық ядролары болады. 
СМ-да  жүйке  толқындарын  мидың  басқа  бөлімдеріне  ауыстырып  қосып  тұратын 
(бекеттің  –  стансаның  қызметін  атқаратын)  ядолар  (зәйтүн  –  олива  ядросының 

нейроциттерінде  мишық,  ортаңғы  ми  қызыл  ядросы,  торлы  құрылым,  жұлын 
нейроциттерінің  аксондары  синапспен  аяқталады.  Өз  кезегінде  зәйтүн  ядросының  ірі 
мультиполярлы нейроциттерінің аксондары мишық пен көру төмпегі нейроциттерімен 
синапс  арқылы  жалғасады)  да  болады.Сұрзаттық  ядролар  аралықтарында  бір-бірімен 
жалғасып жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден тұратын торлы құрылым (ми бөлімдері 
орталықтарын  байланыстырып,  үйлестіру  қызметін,  тыныс  алу  және  тамырлар 
жүйелерінің орталығы қызметін атқарадыорналасады. 
Артқы ми – мишықтан жіне ми көпірінен тұрады. 
Мишық  (М)  –  жануарлар  денесінің  кеңістіктегі  тепе-теңдігін  сақтау  және  дее 
мүшелерінің  қозғалыстарын  үйлестіру  орталықтары  ораласқан,  пішіні  шар  тәрізді  ми 
бөлігі.  Ұзынынан  өтетін  екі  сай  М-тың  сыртқы  бетін  үш  бөлікке:  оң  және  сол  М 
жартышарлары мен ортаңғы бөлік – құртшаға бөледі.      
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Эндокринді бездердің жалпы сипаттамасы. 
         2. Гипоталамустың дамуы, топографиясы және құрылысы. 
3. Гипофиздің дамуы, топографиясы және құрылысы. 
4. Эпифиздің дамуы, топографиясы және құрылысы.       
         5. Қалқанша бездің дамуы, топографиясы және құрылысы. 
         6. Қалқаншамаңы безінің дамуы, топографиясы және құрылысы. 
         7. Бүйрекүсті безінің дамуы, топографиясы және құрылысы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 533 – 559 
беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№26 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Жүйке жүйесі шеткі бөлімі сомалық жүйке жүйесі 
мүшелерінің морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  жүйке  (нерв)  жүйесінің  шеткі  бөлімі  сомалық 
жүйке жүйесі мүшелерінің топографиясы және құрылысымен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  жұлын,  ми,  жүйкелер  (нервтер),  нейроциттер,  жүйке  ядролары, 
жүйке талшықтары, жүйке ұштары. 
 Иллюстрация  –  жүйке  жүйесі,  ми,  жұлын,  жүйкенің  құрылысы  (таблицалар, 
слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Жүйкенің гистологиялық құрылысы.  
         2. Жұлын жүйкелерінің түзілуі, таралуы, олардың жүйкелену аумақтары. 
         3. Ми жүйкелері, олардың жүйкелену аумақтары. 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақ.  Орталық  жүйке  жүйесі  мүшелері  –  мидан  және  жұлыннан  дененің  шеткі 
бөліміне таралатын жүйкелер: жұлын жүйкелері ми жүйкелері болып бөлінеді. Жүйкелер 
құрылысы  жағынан  паренхималы  мүшелерге  жатады.  Оның  паренхимасын  жүйке 
талшықтары,  ал  стромасын  жүйке  талшықтарын  байланыстырып  ,  оларды  бір-бірімен 
өзара жалғастыратын БДҰ-лық аралықтар құрайды. Жүйке талшықтарын байланыстырып, 
жүйке талшықтары шоғырларын құрайтын тым жұқа БДҰ-лық аралықтар эндоневрий
жүйке  талшықтары  шоғырларын  өзара  біріктіретін  қалыңдау  БДҰ-лықтар  периневрий, 
жүйкені сыртынан қаптап тұратын БДҰ-лық қабық эпиневрий – деп аталады. 
2 – сұрақ. Жұлын жүйкелері жұлынның дорсальды жүйке түбіршігі (сезімтал жүйке 
талшықтарынан  құралған)  мен  вентральды  жүйке  түбіршіктің  (қозғалтқыш  жүйке 
талшықтарынан құралған) қосылуынан пайда болады. Жұп жұлын жүйкелері жұлынның 
оң және сол жағындағы омыртқааралық тесіктер арқылы омыртқа өзегінен аралас жұлын 
жүйкелері  ретінде  шығады.  Жұлын  жүйкесінің  құрамында  дененің  шеткі  жағынан 
жұлын  және  ми  орталықтарына  бағытталған  сезімтал  жүйке  талшықтары  (жұлынның 
сезімтал  ганглийлеріндегі  нейроциттер  аксондарынан  түзілген),  орталықтардан  шетке 
қарай  бағытталған  қозғалтқыш  жүйке  талшықтары  (жұлынның  сұр  затының 
вентральды  мүйізіндегі  қозғалтқыш  нейроциттер  аксондарынан  түзілген)  және 
симпатикалық  миелинді  (преганглионды)  жүйке  талшықтары  (көкірек-бел  жұлын 
сегменттері  сұр  затының  латеральды  мүйіздеріндегі  симпатикалық  орталықтары 
нейроциттерінің  аксондарынан  түзілген)  болады.  Жұлын  жүйкелері  омытқа  өзегінен 
шыққан  бойда  симпатикалық  байланыстырғыш  тармақтарды  және  жұлын 
қабықтарына  арналған  сомалық  қайтарма  тармақтарды  бөлгеннен  соң,  өздеріне 
симпатикалық  сұр  байланыстырғыш  тармақтарды  қосып  алып,  одан  кейін, 
дорсальды  және  вентральды  тармақтарға  (сомалық  және  симпатикалық  жүйке 
талшықтарынан  құралған)  ажырайды.  Дорсальды  жұлын  жүйкелерінің  тармақтары 
омыртқа  бағанынан  жоғары  жатқан  дене  бөліктерін  (сүйектер,  бұлшық  еттер,  буындар, 
тері,  олардың  тамырлары),  вентральды  жұлын  жүйкелерінің  тармақтары  омыртқа 
бағанынан  төмен  жатқан  дене  бөліктерін  жүйкелендіреді.  Дорсальды  және  вентральды 
жұлын  жүйкелерінің  тармақтары  өз  кезегінде  латеральды  тармақтарға  (беткей  жатқан 
дене мүшелеріне) және  медиальды тармақтарға  (тереңде орналасқан дене мүшелеріне) 
тарамдалады.  Жұлын  жүйкелері  жұлыннан  шығатын  омыртқа  бағанының  бөлімдеріне 
сәйкес:  мойын,  көкірек,  бел,  құйымшақ,  құйрық  жұлын  жүйкелері    болып  бөлінеді. 
Олардың саны жануарларда мойын бөлімінде 8 жұп жүйке, құйрық бөлімінде 5  – 6 жұп 
жүйке,  ал  қалған  бөлімдерде  жануарлар  омыртқаларының  санына  байланысты  болады. 
Алдыңғы  және артқы аяқты жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды 
тармақтары түзетін иық, бел, құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.         

Мойын  торабының  жүйкелері:  V,  VI,  VII  мойын  жұлын  жүйкелерінің  вентральды 
тармақтары торабынан шығыпкөкетті (диафрагманы) жүйкелендіреді.  
1. Иық торабының жүйкелері: иық торабын – VI, VII, VIII мойын жүйкелерінің және 
I,  II  –  көкірек  жүйкелерінің  вентральды  тармақтары  түзеді.  Тораптан  алдыңғы  аяқты 
жүйкелендіретін төмендегідей жүйкелер шығады:  
Жауырынүсті  жүйкесі  –  иық  буынын,  жауырынды,  оның  сыртқы  бетіндегі  бұлшық 
еттерді, теріні; 
Жауырынасты  жүйкелер  –  иық  буынын,  жауырынды,  оның  ішкі  бетіндегі  бұлшық 
еттерді; 
Қолтық  жүйкесі  –  иық  буынының  бүккіш  бұлшық  еттерін,  тоқпан  жілік  пен  білек 
аумағындағы теріні; 
Кәрі жілік жүйкесі – шынтақ, тізе және бақай буындарының жазғыш бұлшық еттерін, 
буындарды, теріні; 
Бұлшық  ет-тері  жүйкесі  –  шынтақ  буынының  бүккіш  бұлшық  еттерін,  білек 
аумағының ішкі бетіндегі теріні; 
Шынтақ  жүйкесі  –  тізе,  бақай  буындарының  бүккіш  бұлшық  еттерін,  буындарды, 
тоқпан жілік пен шынтақ сүйектерді; 
Орталық  жүйке  –  тізе,  бақай  буындарының  бүккіш  бұлшық  еттерін;  Жіліншік 
аумағында латеральды және медиальды пальмарлы жүйкелерге, одан төменірек бақай 
жүйкелеріне айналады. 
Алдыңғы  және  артқы  көкірек  жүйкелері  –  иық  белдеуінің  бұлшық  еттерін,  теріні 
жүйкелендіреді. 
2.  Көкірек  жүйкелері  –  вентральды  тармақтары  жүйке  торабын  жасамайды.    Олар 
қабырғааралық жүйкелер деп аталады, көкірек аумағын жүйкелендіреді. 
3. Бел торабының жүйкелері: 
Мықын-құрсақастыжүйкесі;  
Мықын-шап жүйкесі; 
Жыныс- сан жүйкесі; 
Санның  латеральды  терілік  жүйкесі  -  бұлар  бел,  құрсақ  бұлшық  еттерін,  теріні, 
еркек  жануарларда  –  сыртқы  жыныс  мүшелерін,  ұрғашы  жануарларда  –  желінді 
жүйкелендіреді. 
Сан жүйкесі – жамбас-ортан жілік буынының бүккіш, жақындатқыш бұлшық еттерін, 
артқы аяқтың ішкі бетіндегі теріні (анық жүйкесі); 
Жапқыш  жүйкесі  –  жапқыш  тесігі  арқылы  жамбас  қуысынан  шығып,  жамбас-ортан 
жілік буынының жақындатқыш және жапқыш бұлшық еттерін жүйкелендіреді. 
4. Құйымшақ торабының жүйкелері: 
Алдыңғы және артқы бөксе жүйкелері – бөксе бұлшық еттерін, теріні; 
Санның артқы терілік жүйесі – бөксе, сан аумақтарының терісін
Шонданай  жүйкесі  –  жамбас-ортан  жілік  буынының  терең  бұлшық  еттерін 
жүйкелендіріп, асықты жілік және шыбық жүйкелеріне ажырайды. 
Асықты  жілік  жүйкесі  –  жамбас-ортанжілік  және  тілерсек  буындарының  жазғыш, 
бақай буындарының бүккіш бұлшық еттерін, сүйектерді, буындарды, теріні;  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет