Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

Интерорецепторлар  –  тітіркеністерді  организмнің  ішкі  мүшелері,  қан  және  лимфа 
тамырлары  қабырғаларынан,  түрлі  ұлпалардан  қабылдап,  сезімтал  жүйке  толқындарын 
негізінен орталық жүйке жүйесінің қыртысасты орталықтарына жеткізеді. 
Проприорецепторлар  –  қаңқа  сүйектеріндегі,  бұлшық  еттердегі,  буындардағы 
сезімтал  тітіреністерді  қабылдап,  мидың  қыртыстық  және  қыртысасты  орталықтарына 
жеткізеді.  
Экстерорецепторлар – жануарлар организмдеріне қоршаған сыртқы ортадан келетін 
тітіркеністерді  қабылдап,  мидың  қыртыстық және  қыртысасты  орталықтарына  жеткізеді. 
Сыртқырецепторлардың  құрылысы  күрделі  болп  келеді.  Сондықтан,  бұларды  сезім 
мүшелері деп те атайды. Ішкі құрылысына байланысты сезім мүшелері:  нейросенсорлы 
(бірінші сезімтал) және эпителиосенсорлы (екінші сезімтал) сезім мүшелері болып екі 
топқа  бөлінеді.  Бірінші  сезімтал  сезім  мүшелерінде  (иіс  сезімі  және  көру  мүшелері) 
тітіркеністерді жүйке жүйесінің құрылымдары тікелей қабылдайды. Ал екінші сезімтал 
сезім  мүшелерінде  (есту-тепетеңдік,  дәм  және  тері  сезімі  мүшелері)  тітіркеністерді 
алдымен  мүшенің  сыртқы  жағын  қаптап  жатқан  сезімтал  эпителиоциттер  қабылдап, 
түзілген  жүйке  толқындарын  өз  кезегінде  сезімтал  нейроциттердің  жүйке  ұштарына 
өткізеді. 

3  -  сұрақ.  Иіс  сезімі  талдағышы  (ИСТ)  –  нейросенсорлы  талдағышына  жатады.  ИСТ-
ның рецепторлары - мұрын қуысының жоғарғы артқы жағындағы сарғыш түсті кілегейлі 
қабығында  орналасады.  ИСТ  эмбриондық  кезеңде  иіс  шұңқырындағы  жүйке 
тақташасынан,  ал  оның  тіректік  эпителиоциттері  –  эктодермадан  дамиды.  Мұрын 
қуысының  иістік  аймағы  кілегейлі  қабғынының  ішкі  эпителий  қабаты  үш  түрлі 
жасушалардан:  иістік  тітіреністерді  қабылдайтын  биполярлы  нейоциттерден,  тіректік 
эпителиоциттерден  және  негіздік (базальды) эпителиоциттерден  тұрады.  Биполярлы 
сезімтал  нейроциттер  (рецепторлар)  тіректік  жасушалардың  аралықтарында 
орналасады.  Бұлардың  сыртқы  қысқа  келген  дендриттерінің  пішіні  шоқпар  тәрізді 
ұштарында  иістік  тітіреністі  қабылдайтын  10-12  кірпікшелер  болады.  Кірпікшелерді 
базальды  денешіктен  басталатын  шеткі  9  жұп  жіпшелер  (шеңбер  бойымен  орналасады) 
мен  орталықтағы  2  жіпше  құрайды.  Нейроцит  денесі  нейроплазмасының  орта  шенінде 
ақшыл  дөңгелекше  келген  ядросы  болады.  Нейроциттер  аксондары  тіректік 
эпителиоциттер аралықтармен төмен бағытталып, негіздік жарғақтан  өтіді де, миелинсіз 
жүйке  талшықтарына  айналып,  30-40  талшықтан  өзара  бірігіп,  жүйке  бағандарын 
құрайды. Бұлар торлы сүйек тесіктері арқылы ми  сауыты қуысына өтіп, ми жүйкелерінің 
I-жұбы  –  иіс  жүйкелері  ретінде  иіс  миы  баданасына  енеді.  Тіректік  эпителиоциттер 
нейроциттерді сыртынан қаптап, олар үшін тіректік және қорғаныс қызметтерін атқарумен 
қатар,  қоректік  заттармен  қамтамасыз  етуге  де  қатысады.  Базальды  эпителиоциттер 
тіректік  эпителиоциттер  үшін  діңгектік  (камбиальды)  жасушалар  қызметін  атқарады. 
Кілегейлі  қабықтың  өзіндік  тақташасында  орналасқан  түтікше-көпіршікше  кілегейлі 
бездер  және  эпителиоциттер  арасындағы  біржасушалы  құтыша  (бокал  тәрізді)  бездер 
мұрын қуысы кілегейлі қабығының ішкі бетіне кілегейлі сөлін бөледі. Ауа құрамындағы 
химиялық  заттар  сөлде  еріп,  нейроциттер  кірпікшелерін  тітіркендіру  нәтижесінде  жүйке 
толқындары  түзіледі  де,  нейроциттер  аксондарының  жүйке  талшықтары  (шеткі  өткізу 
жолдары)  арқылы  иіс  миы  баданасына  өтеді.  Иіс  сезімі  талдағышының  қыртысасты 
орталығы – аралық мида, қыртыстық орталығы – үлкен ми сыңары қыртысының 
самай аймағында орналасады. 
Дәм сезімі талдағышы (ДСТ) – эпителиосенсорлы талдағышқа жатады. ДСТ ауыз 
қуысына  түскен  азықтың  татымы  мен  сапасын  анықтайды.  Ауыз  қуысындағы  азықтың 
механикалық  өңделуі  барысында  (шайналып  сілекеймен  араласу)  азық  құрамындағы 
химиялық тітіркендіргіштер сілекейде еріп, тілдің татым емізікшелерін сыртынан қаптап 
тұрған  сезгіш  эпителиоциттерге  әсер  етеді.  Осының  нәтижесінде  эпителиоциттерде 
түзілген  тітіреніс  толқындарын  перикариондары  (нейроциттер  денелері)  бет  жүйкесі 
(VII-жұп)  мен  тіл-жұтқыншақ  (IX-жұп)  ми  жүйкелерінің  бойындағы  жүйке 
ганглийлерінде  топтасқан  сезімтал  нейроциттер  дендриттеріне  өткізеді.  ДСТ-ның 
рецепторлары  (дәм  сезімі  мүшесі)  көпқабатты  жалпақ  эпителиймен  қапталған  тілдің 
кілегейлі  қабығындағы  пішіні  саңырауқұлаққа,  қорғанға  және  жапыраққа  ұқсаған 
емізікшелердің  қабырғаларында  орналасады.  Пішіні  бадана  тәріздес  болғандықтан, 
бұларды татым баданалары деп атайды. Татым баданалары қатты таңдайда, бадамша 
бездерде,  жұтқыншақта,  бөбішікте  де  аздап  кездеседі.  Дәм  сезімі  мүшесі  (татым 
баданалары)  екі  түрлі  бастамадан  дамиды.  Татым  баданаларындағы  сезгіш,  тіректік, 
базальды  эпителиоциттер  –  эктодермадан,  ал  сезімтал  нейроциттер  –  хордаалды 
(прехордальды) жүйке түтігінен дамып жетіледі. 
Татым  баданаларының  (ТБ) пішіні  пияз  баданасына  ұқсас  сопақша  болып  келеді 
(күйіс  қайтаратын  жануарларда  –  жұмыртқа  тәрізді,  жыртқыштарда  –  шар  тәрізді, 
шошқада  –  ұршық  тәріздес).  ТБ  -  тіл  кілегейлі  қабығының  көпқабатты  жалпақ  эпителий 
қабатында,  негіздік  жарғақта  орналасады.  ТБ-н  бір-бірімен  тығыз  жатқан  40  –  60 
эпителиоциттер құрайды. Бұлар үш түрлі: сезгіш (рецепторлы), тіректік және базальды 
эпителиоциттерден  тұрады.  Татым  баданасының  қуысы  ауыз  қуысымен  татым 
шұңқырындағы  татым  тесігі  арқылы  қатысады.  Пішіні  ұзынша  келген  рецепторлы 
эпителиоциттер  тіректік  эпителиоциттердің  аралықтарында  орналасады.  Бұлардың 

сопақша  келген  ядролары  негіздік  жарғаққа  жақындау  жатады.  Рецепторлы 
эпителиоциттердің  апикальды  ұшында  микробүрлер,  ал  цитоплазмасының  апикальды 
бөлігінде – эндоплазмалық тор мен митохондриялар болады. Әр бір татым баданасына 
50-ге  жақын  афферентті  жүйке  талшықтары  (сезімтал  нейроциттердің  дендриттері
келіп,  оның  рецепторлы  эпителиоциттерімен  синапстық  байланыс  жасайды.  Сілекейде 
еріген  азық  құрамындағы  химиялық  тітіркендіргіштер  әсерінен  рецепторлы 
эпителиоциттерде  түзілген  тітіркеніс  толқындары  денелері  жүйке  ганглийлерінде 
топтасқан  сезімтал  нейроциттер  дендриттеріне  беріледі.  Жүйке  толқындары  сезімтал 
нейроциттер  аксондарынан  түзілген  шеткі  өткізгіш  жолдар  арқылы  ДСТ-ның  мидағы 
орталығына  жеткізіледі.  Тіректік  эпителиоциттер  рецепторлы  эпителиоциттерді 
сыртынан қаптап, оларды және жүйке талшықтарын оқшаулап, тіректік және қорғаныс 
қызметтерін атқарады. Аласа келген  негіздік эпителиоциттер рецепторлы және тіректік 
эпителиоциттер үшін діңгектік (камбиальды) жасушалар қызметін атқарады. 
Тері  сезімі  талдағышы  (ТСТ)  –  эпителиосенсорлы  талдағышқа  жатады.  ТСТ-ның 
рецепторлары 
тері 
эпидермисінде 
орналасады. 
Тітіркеністерді 
рецепторлы 
эпителиоциттер қабылдап, перикариондары жұлын жүйкелері мен үшкіл ми жүйкесінің 
дорсальды  сезімтал  түбіршіктері  бойында  жатқан  жүйке  ганглийлері  нейроцитерінің 
дендриттеріне  өткізеді.  Жүйке  толқындары  жұлын  және  үшкіл  жүйке  бойындағы  ми 
ганглилерінің  аксондарынан  құралған  шеткі  өткізгіш  жолдар  арқылы  жұлынға,  аралық 
мидың  сезімтал  қыртысасты  орталығына  (орталық  өткізгіш  жолдар),  үлкен  ми 
қыртысындағы тері сезімі талдағышының орталықтарына жеткізіледі.     
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Талдағыштар (анализаторлар) туралы түсінік, олардың бөлімдері. 
2. Рецепторлардың анықтамасы, олардың түрлері. 
3. Иіс сезімі талдағышының морфологиясы және топографиясы. 
4. Дәм сезімі талдағышының морфологиясы және топографиясы. 
5. Тері сезімі талдағышының морфологиясы және топографиясы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
«Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  570, 
584 – 585 беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№30 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Көру және есту-тепетеңдік талдағыштарының  
морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  көру  және  есту-тепетеңдік  талдағыштарын 
топографиясымен және құрылысымен таныстыру. 
Түйінді сөздер: көз,көз алмасы, талшықты қабық, ақ қабық, қасаң қабық, құлақ,есту 
сүйекшелер,  дабыл  жарғағы,  дабыл  қуысы,  ұлу  өзегі,  иірілімді  мүше,  жартыдөңгелекше 
өзектер. 
Иллюстрация – көру, есту-тепетеңдік анализаторлары (таблицалар, слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Көру талдағышының морфологиясы және топографиясы. 
         2. Есту-тепетеңдік морфологиясы және топографиясы.  
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1  -  сұрақ.  Көру  талдығышының  (КТ)  –  рецепторы  қызметін  көру  мүшесі  (көз)
өткізгіш  жолдың  –  көру  жүйкесі  (ми  жүйкелерінің  II-жұбы),  ал  қыртысасты 
орталықтары  –  аралық  және  ортаңғы  мида,  қыртысты  орталығы  –  үлкен  ми 
қыртысының  шүйде  бөлігінде  болады.  КТ-ның  рецепторы  –  көз  көз  шарасында 
(аңғалақта)  орналасқан.  КТ  нейросенсорлы  талдағышқа  жатады.  Көз  –  көз  алмасынан, 
қорғаныс және көмекші құрылымдардан тұрады. 
Көз алмасы – көз алмасының қабықтарынан және ішіндегі сәулесындырғыш мөлдір 
ортадан  құралған.  Атқаратын  қызметіне  байланысты  көз  алмасының  құрылымдарын  үш 
бөлімге бөледі: 1) жарық сындырғыш (диоптрий) мөлдір орта – қасаң қабық, алдыңғы 
және  артқы  камералар  сұйығы,  көз  бұршағы,  шыны  тәрізді  дене;  2)  бейімделу 
(аккомодациялық)  аппарат  –  нұрлы  қабық,  кірпікті  дене;  3)  рецепторлы  аппарат  – 
торлы қабық. 
Көз  алмасының  қабықтары:  сыртқы  –  талшықты  (фиброзды)  қабық  (мөлдір 
қасаң  қабық,  ақ  қабық),  ортаңғы  –  тамырлы  қабық  (өзіндік  тамырлы  қабық, 
кірпікті дене, нұрлы қабық – ортасындағы тесік - қарашық)ішкі – торлы қабық. 
Көздің  қорғаныс  және  көмекші  мүшелеріне:  көз  шарасы,  көздің  жарғақты 
қапшығы,  бұлшық  еттері,  көз  майы,  көз  алмасының  шандыры,  көз  қабақтары  (жоғарғы, 
төменгі) мен олардың кірпіктері, көзжасы аппараты.  
Көзжасы  аппараты  –  көзжасы  безінен,  көзжасы  көлінен,  көзжасы  тесігінен, 
көзжасы қапшығынан, көзжасы өзегінен (мұрын қуысына ашылады) тұрады.     
Қасаң қабық (Ққ) – қалыңдығы 0,8 – 1,1 мм, мөлдір- жарық сындырғыш көрсеткіші 
–  1,37.  Ққ  –  бес  қабаттан:  1)  алдыңғы  эпителий  қабаты  (көпқабатты  мүйізделмеген 
эпителий  –  5-6  қабат  эпителиоциттерден  құралған),  2)  алдыңғы  шекаралық  тақташа 
(талшықты  құрылым,  қалыңдығы  6-9  мкм),  3)  Ққ-тың  өзіндік  заты  (тығыз  дәнекер 
ұлпасы, дәнекер ұлпалық тақташалардан құралған, мөлдір қасиет беретін ерекше аморфты 
зат  –  кератинсульфатта  (гликозамингликанның  түрі)  жатады,  тақташалардың 
аралықтарында  қатарымен  өсінділі  фибробласт  тәрізді  жасушалар  орналасады,  ақ 
қабықпен  шекарасындағы  жиегі  -  лимба),  4)  артқы  шекаралық  тақташа  (диаметрі  10 
нм коллаген талшықтары мен аморфты заттан құралған, қалыңдығы5-10 мкм),  5) артқы 
эпителий  (бірқабатты  жалпақ  эпителий,  эпителиоциттерінің  пішіні  көпбұрышты).  Ққ-та 
қан  тамырлары  болмайды,  ол  көздің  алдыңғы  камерасындағы  сұйық  және  лимба  қан 
тамырлары арқылы қоректенеді. 
Ақ  қабық  (склера)  –  қалыптасқан  тығыз  дәнекер  ұлпасынан  (коллаген 
талшықтарының  шоғырларынан,  олардың  аралықтарындағы  бір  қатарда  жатқан 
фиброциттерден)  тұрады,  лимба  аймағында  ақ  қабықтың  веналық  қойнаулары  (шлемм 
өзектері) болады. Ақ қабықты алдыңғы жағынан көз кілегейлі қабығы қаптап жатады, ал 
оның артқы жағына көз бқлшық еттері бекиді. 

Тамырлы  қабық:  1)  өзіндік  тамырлы  қабық  (1.тамырлыүсті  тақташа  -  БДҰ, 
меланоциттер;  2.тамырлы тақташа – қан тамырлары,  БДҰ, жекеленген миоциттер, көп 
меланоциттер; 3.тамырлы-капиллярлы тақташа – майда қан тамырлары, капиллярлар, 
қойнауша  капиллярлар,  БДҰ;  4.негіздік  кешен  –  талшықты  құрылым),  2)  кірпікті  дене 
(миоциттер  шоғырлары,  кірпікті  тәж  –  көз  бұршағымен  байланыстыратын  дөңгелекше 
байлам, кірпікті сақина – кірпікті дененің артқы жағындағы майда қатпарлар), 3) нұрлы 
қабық  (1.алдыңғы  эпителий  –  бірқабатты  жалпақ  эпителий;  2.сыртқы  шекаралық 
қабат  –  БДҰ,  меланоциттер;  3.тамырлы  қабат  –  БДҰ,  қан  тамырлары,  меланоциттер; 
4.ішкі  шекаралық  қабат  -  БДҰ,  меланоциттер;  5.артқы  пигментті  эпителий).  Нұрлы 
қабық  тесігі  –  қарашық.  Нұрлы  қабық  пен  кірпікті  дененің  жалғасқан  жерін  –  кірпікті 
жиек деп атайды. 
Көз бұршағы – цитоплазмасында мөлдір кристалин белогі болатын ұзынша келген 
эпителиоциттерден  құралған.  Олар  өзара  мөлдір  затпен  желімденген.  Сыртынан 
бірқабатты жалпақ мөлдір эпителиймен қапталған. Көз бұршағы кірпікті денемен кірпікті 
тәж арқылы байланысқан. Сәуле сындырғыш көрсеткіші 1,42. 
Шыны тәрізді дене (ШТД) – көз бұршағы мен торлы қабық аралығындағы қуысты 
толтырып  тұратын  торлы  қоймалжың  зат.  Сыртқы  жағы  сәл  тығыздау  болып  келеді. 
ШТД-нің  негізін  витреин  белогі  және  гиалурон  қышқылы  құрайды.  Сындырғыш 
көрсеткіші – 1,33. 
Торлы  қабық  (ТҚ)  –  сәулелі  тітіркеністерді  қабылдайтын  көз  алмасының  ішкі 
қабығы. ТҚ – жарық сезгіш  және  жарық сезбейтін (кірпікті дене мен нұрлы қабықтың 
артқы  беттерін  астарлайды,  фоторецепторлы  нейроциттер  болмайды,  тек  пигментті 
эпителийден  тұрады)  екі  бөлімнен  тұрады.  ТҚ-тің  жарық  сезгіш  бөлімі  екі:  пигментті 
қабаттан  (бірқабатты  алтыбұрышты  призма  тәрізді  пигментоциттерден,  ең  биік 
пигментоциттер  –  сары  дақ  маңында,  аласа  жалпақ  пигментоциттер  –  ТҚ-тың  шеткі 
жағында)  және  жүйкелі  қабаттан  құралған.  Әр  бір  пигментоциттің  микробүрлері  30-45 
таяқша нейроциттер фоторецепторларының сыртқы (дистальды) буындарымен жанасып, 
оларды  қоршап  жатады.  Микробүрлер  цитоплазмасында  жалпы  органеллалар, 
меланосомалар,  фагомомалар  болады.  Сауытша  нейроциттердің  сыртқы  буындарын 
қоршайтын  пигментоциттер  микробүрлері  ұзындау  келеді.  Олардың  цитоплазмасында 
органеллалар  болмайды,  тек  меланосомалар  кездеседі.  Меланосомалар  тым  күшті 
жарықтан  фоторецепторлы  нейроциттерді  қорғайды.  Фагосомалар  –  фоторецепторлы 
нейроциттердің  сыртқы  буындарындағы  пайда  болған  фоторецепторлы  нейроциттердің 
жарамсыз  бөліктерін  жою  кезінде  ғана  түзіледі.  Сондықтан,  пигментоциттерді  жүйке 
жүйесінің  маманданған  макрофагтарының    ерекше  түріне  жатқызады.  Көз  алмасына 
өтетін  жарық  сәулелерінің  85-90%  меланосомалар  жұтып,  көздің  көрк  мүмкіндігін 
күшейтеді (родопсиннің ыдырауын төмендетеді.  
Торлы  қабықтың  жүйкелі  қабаты  өзара  тізбектеле  байланысқан  үш  қабат 
нейроциттерден  тұрады:  сыртқы  –  жарықсезгіш  (фоторецепторлы)  нейроциттер
ортаңғы  –  биполярлы  (ассоциативті  -  байланыстырғыш)  және  ішкі  –  мультиполярлы 
(ганглионды)  нейроциттер.  Фоторецепторлы  және  ассоциативті  нейроциттер  жанасуы 
деңгейінде  горизонтальды  нейроциттер,  ал  ассоциативті  және  мультиполярлы 
нейроциттер  жанасуы  деңгейінде    амакринді  нейроциттер  аралық  орын  алады. 
Микроскоппен  қарағанда  торлы  қабықта  төмендегідей  10  қабатты  ажыратуға  болады:  1) 
пигментті  қабат,  2)  таяқшалар  мен  сауытшалар  қабаты,  3)  сыртқы  шекаралық  қабат,  4) 
сыртқы ядролы қабат, 5) сыртқы торлы қабат, 6) ішкі яядролы қабат, 7) ішкі торлы қабат, 
8)  ганглионды  қабат,  9)жүйке  талшықтарының  қабаты,  10)  ішкі  шекаралық  қабат. 
Фоторецепторлы  нейроциттердіңтаяқшалары  мен  сауытшалары  сыртқы  және  ішкі 
буындардан құралған. Таяқшалардың сыртқы буынының пішіні цилиндр тәрізді болып 
келеді. Бұлар бір-біріне жабыса орналасқан қалыңдығы 140 нм тұйықталған жарғақтық 
дискілерден  тұрады.  Таяқшалардың  сыртқы  буын  жарғағында  көру  пигменті  родопсин, 
ал олардың ішкі  буындарының цитоплазмасында  митохондриялар мен  эндоплазмалық 

тор  болады.  Таяқшалардың  сыртқы  және  ішкі  буындары  өзара  кірпікшелер  арқылы 
байланысқан.  Сауытшалардың    сыртқы  буындары  қысқалау  және  көлемділеу  келеді.  
Бұлар  тұйықталмаған  жарғақтық  жартыдискілерден  тұрады.  Сауытшалардың  ішкі 
буындарында липид тамшылары және митохондриялардан құралған эллипс тәрізді зат 
болады. Көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын дөңгелекше келген тесігі аймағындағы 
торлы  қабықта  жарық  сезгіш  (фоторецепторлы)  нейроциттер  болмайды.  Сондықтан, 
торлы қабықтың бұл аймағын «соқыр дақ» деп атайды. Көз алмасының білігі бойындағы 
торлы  қабықтың  дөңгелек  немесе  сопақ  келген  бөлігін  сары  дақ  дейді.  Осы  аймақтың 
ортасы  тұсындағы  ойыстау  келген  бөлігін  орталық  шұңқыр  деп  атайды.  Орталық 
шұңқыр – торлы қабықтың ең жақсы жарық сезгіш бөлігі. 
2  –  сұрақ.  Есту-тепетеңдік  талдағышының  (ЕТТ)  –  рецепторы  қызметін  құлақ 
(шеткі  қабылдағыш  бөлім),  өткізгіш  жолдың  –  есту-тепетеңдік  жүйкесі  (ми 
жүйкелерінің  VIII -жұбы),  қыртысасты орталықтары  – сопақша мида  және мишықта
қыртыстық  орталығы  –  үлкен  ми  қыртысының  самай  бөлігінде.  ЕТТ  – 
эпителиосенсорлы  талдағышқа  жатады.  Ол  қоршаған  ортадан  дыбысты,  салмақ 
(гавитациялық)  күшін,  тербелісті,  тітіркендіргіштердің  сызықтық  және  бұрыштық 
әсерлерін қабылдайды. 
Құлақ  – өз кезегінде сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ, ішкі  құлақ болып үш бөлімнен 
тұрады. ЕТТ-ның рецепторлары ішкі құлақтың  жарғақты шытырманында орналасады. 
Ал сыртқы және ортаңғы құлақтар – көмекші құрылымдар қызметін атқарады.  
Сыртқы  құлақ:  құлақ  қалқанынан  (ауадағы  дыбыс  тербелістерін  қабылдап, 
дыбыстың  шыққан  жерін  анықтайды,  жылқы,  ит,  мысық  құлақ  қалқаны  қозғалмалы 
келеді.  Терімен    қапталған  серпімді  –  эластинді  шеміршек,  қалқанның  ішкі  бетіндегі 
теріде қылшықтар, тер, май бездері болады), сыртқы есту жолынан, дабыл жарғағынан 
(қалыңдығы 0,1 мм, балғаша сүйектің тұтқасы бекиді) тұрады. 
Ортаңғы  құлақ  –  самай  сүйектің  дабыл  сүйегі  қуысында  орналасып,  онымен 
байламдар  арқылы  жалғасқан  есту  сүйекшелерден  тұрады.  Ортаңғы  құлақтың  ішкі  беті 
бірқабатты  призма  тәрізді  кірпікшелі  эпителиймен  астарланған.  Есту  сүйекшелері: 
балғаша,  төс,  жасымықша  және  үзеңгіше  сүйектер  бір-бірімен  өзара  буын  және  бұлшық 
еттер  арқылы  қозғалмалы  байланысады.  Балғаша  сүйектің  тұтқасы  сыртқы  құлақтың 
дабыл  жарғағына  бекиді.  Дабыл  сүйектің  ортаңғы  құлақ  пен  ішкі  құлақтың 
шекарасындағы  қабырғасында  талшықты  жарғақтармен  жабылған  пішіні  сопақ  және 
дөңгелек  келген  екі  тесік  немесе  «терезе»  болады.    Үзеңгіше  сүйектің  табаны  -  дабыл 
қуысын ішкі құлақтағы ұлудың кіреберістік (вестибулалық – дәліздік) баспалдағынан 
бөліп  тұратын  сопақ  терезедегі  талшықты  жарғақпен  жанысып  жатады.  Ал  дөңгелек 
терезедегі  талшықты жарғақ  – дабыл қуысын  ұлудың дабылдық баспалдағынан  бөліп 
тұрады. Дабыл қуысы – диаметрі 1-2 мм дыбыс түтігі арқылы жұтқыншақ аңқасынаың 
қабырғасындағы тесікке ашылады. Жұтқыншақ-дабыл түтігі – жұтыну кезінде ашылып, 
сырттағы  ауа  қысымы  мен  дабыл  қуысындағы  ауа  қысымын  теңестіру  арқылы  дабыл 
жарғағын зақымданудан сақтайды. 
Ішкі  құлақ  –  самай  сүйектің  тастық  бөлігінде  орналасады.  Ішкі  құлақты  екі  түрлі 
шытырман: сыртқы – сүйектік шытырман және ішкі – жарғақтық шытырман құрайды. 
Осы  екі  шытырманның  аралығындағы  қуыста  перилимфа,  ал  жарғақтық  шытырманның 
қуысында  эндолимфа  атты  лимфа  сұйықтары  болады.  Ішкі  құлақтағы  шытырман  өз 
кезегінде  үш  бөліктен  тұрады:  кіреберіс,  үш  жартыдөңгелекше  өзек,  ұлу  (иірілімді 
өзек).  Кіреберістің  жарғақты  шытырманын  бір-бірімен  өзара  жіңішке  эндолимфалық 
өзекпен  жалғасқан  сопақ  және  дөңгелек  қапшықтар  құрайды.  Сопақ  қапшық 
(утрикулюс) 
бір-біріне 
перпендикулалалы 
жазықтықтарда 
(сагиттальды, 
сегментальды,  фронтальды)  орналасқан  үш  жартыдөңгелекше  жарғақтық 
өзектермен,    ал  дөңгелек  қапшық  (саккулюс)  қысқа  өзек  арқылы  жарғақтық  ұлу 
өзегімен жалғасады. 

Есту  талдағышының  рецепторлары  жарғақтық  шытырманның  ұлу  өзегін  бойлай 
жатқан иірілімді мүшеде (Корти мүшесінде) орналасқан. Пішіні үшбұрышты, ұзындығы 
3,5 см спираль тәрізді оралып (жануарлардың түрлеріне байланысты 3  -5 орам жасайды) 
жатқан  жарғақтық  ұлу  өзегі  сүйектік  ұлудың  (пішіні  дөңгелек  келген,  ішіндегі  білігі  – 
осі  бойымен  спираль  тәрізді  бұралып  жатады)  қуысында  орналасады.  Қуысы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет