Жануарлар филогенезінде: төменгі сатыдағы омыртқасыз жәндіктердің тері
жабыны эктодермадан жетілген бір қабат эпидермоциттерден ғана тұрады. Желілі
(хордалы) жануарлар ішіндегі құрылысы жағынан ең қарапайым тері жабыны
қандауыршада (ланцетникте) болады. Оның терісі екі қабаттан: сыртқы - эпидермистен
(бірқабат цилиндр тәрізді эпителий) және ішкі – дермадан (тым нашар жетілген дәнекер
ұлпасы)
тұрады.
Қосмекенділер
дернәсілдерінде
–
эпидермис
екіқабат
эпидермоциттерден, дөңгелекауыздылардан бастап барлық желілі жануарлардың
эпидермисі – көпқабатты жалпақ эпителий ұлпасынан құралған. Жануарлар денелерінің
күрделенуіне байланысты тері қабаттарының құрылысы да күрделеніп, әр сынып
өкілдеріне сәйкес тері туындылары жетіледі. Мысалы, тері бездері балықтарда кілегей
бөлуге маманданған біржасушалы бездер, қосмекенділерде – көпжасушалы көпіршікше
бездер, құстарда – құйыршық бездері, сүтқоректі жануарларда - май бездері, тер
бездері, сүт бездері дамып жетіледі. Бауырымен жорғалаушыларда тері бездері
болмайды. Сонмен қатар, әр түрлі жануарлар сыныбына сәйкес тері жабынында басқа да
тері туындылары, мысалы балықтарда: тері қабыршақтары, жүзу қанаттары; бауырымен
жорғалаушыларда: тері қабыршақтары, мүйіз тырнақ; құстарда: қауырсындар, мүйіз
тырнақ; сүтқоректі жануарларда: тері түктері, мүйіз тұяқ, майтабан, мүйіз тырнақ, мүйіз
дамып жетіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Тері жабыны, оның жануарлар организмі үшін, мал дәрігерлігі практикасындағы, халық
шаруашылығындағы маңызы.
2. Терінің құрылысы.
3. Түкті және түксіз тері аймақтарындығы эпидермистің құрылысы.
4. Дерма қабаттарының құрылысы, олардың ұлпалары.
5. Тері жабының онтогенезі және филогенезі.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 288 - 294
беттер.
№12 ДӘРІС.
Тақырыбы: Жануарлар тері жабыны туынды мүшелерінің морфологиясы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді жануарлар тері жабыны туынды мүшелерінің
құрылысымен, олардың маңызымен таныстыру.
Түйінді сөздер: тері түктері, тері бездері, желін, майтабан, тұяқ, тырнақ, мүйіз.
Иллюстрация: жануарлар тері жабыны туынды мүшелерінің (терідегі тері
туындыларының, желіннің, тұяқтың құрылысы) таблицалары, слайдтар, атлас.
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Тері туындылары, олардың халық шаруашылығындағы маңызы.
2. Тері түктері, олардың түрлері, құрылысы және дамуы.
3. Тері бездері, олардың құрылысы.
4. Қатты тері ұштарының (тұяқ, майтабан, мүйіз) құрылысы.
Дәрістің мазмұны:
1 - сұрақ. Тері туындылары – жануарлар организмдерінің дамуы барысында тері
қабаттарынан дамып жетілетін мүшелер. Тері туындыларына тері түктері, тері бездері
(тер, май, сүт бездері), майтабан, тұяқ, тырнақ, мүйіз және әр түрлі жануарларға тән
арнайы бездер жатады. Тері туындыларынан халық шаруашылығының түрлі салаларына
керекті шикізаттар алынады. Мысалы, түрлі жануарлардың терілері өте бағалы шикізат
болып саналады. Өңделген теріден тондар, ішіктер тігіледі, түрлі былғарылар, көн,
қайыстар дайындалады. Тері түктерінен жүн, түбіт, қыл, қылшық қырқылып, олардан
шаруашылыққа керекті заттар мен бұйымдар (кездемелер, тоқыма заттар, киіздер,
текеметтер, сырмақтар, алашалар, кілемдер, киіз үй және ер-тұрман әбзелдері, мүйіз
түймелер, тарақтар, үй жиhаздары, ер-тұрман әшекейлері, сықпа майларды дайындауға
керек ланолин, елтірілер, сеңсеңдер) жасалынады.
Сүт безінің өнімі – сүттен түрлі тамақ өнімдері: айран, ірімшік, қаймақ, балқаймақ,
балмұздақ, құрт, қымыз, шұбат өндіріледі.
2 – сұрақ. Тері түктері ( pili cutis) – омыртқалы жануарлар ішіндегі тек сүтқоректі
жануарларға тән тері туындысы. Тері түктері – құрылысы мен организмдегі атқаратын
қызметтеріне байланысты әр түрлі жануарларда түрліше болып келеді. Тіпті, бір
организмнің өзінде де, терінің түрлі аймақтарында орналасқан түктер құрылысы жағынан
әр түрлі болады. Мысалы, түйе терісінде физикалық қасиеттері мен табиғаты түрліше 5
түрлі түктер өсетін тері аймақтары ажыратылады. Түкті тері жабыны – жануарлар
денесін сыртынан жауып, олардың организмін суықтан, ылғалдан, түрлі механикалық
және т.б. әсерлерден қорғап, дене қызуының біркелкі сақталуын қамтамасыз етеді.
Үй
жануарларында тері түктерінің қылшық, қыл, жүн, түбіт сияқты бірнеше түрлері
кездеседі. Ал пішіні мен мөлшеріне байланысты: ұзын, қысқа, жуын, жіңішке түктер
болады.
Тері түктері терідегі орналасу орындарына байланысты
:
жабынды түктері, ұзын
тері түктері және сезімтал тері түктері болып үш топқа бөлінеді. Жабынды тері түктері –
жануарлар терісін сыртынан жауып тұрады. Жылқы мен сиыр терісіндегі түктер –
қылшық түктер, қой мен түйеде – қылшық және жүн талшықтары, ешкіде – қыл және
түбіт түктер болады. Ұзын тері түктеріне – жылқы терісіндегі кекіл
(
cirrus capitis), жал
( juba), шаша (cirrus pedis), жылқы мен сиырдағы құйрық (cirrus cauda) және ешкідегі
сақал жатады. Сезімтал ( синуозды) тері түктерінің түк баданасы басқа тері түктерінің
түк баданасына қарағанда тереңде орналасады және сезімтал жүйке ұштарына бай келеді.
Олар жануарлардың тұмсық, иек аймақтарында және көздің айналасында орналасады. Түк
– мүйізді эпидермоциттерден құралған иілгіш және серпімді табиғи талшық. Терідегі түк
бірнеше бөліктерден тұрады. Түктің терінің сыртқы бетіндегі көрінетін бөлігін түк
сабағы (scapus pili), терінің ішінде жатқан бөлігін түк түбірі (radix pili), ал түк түбірінің
пиязға ұқсас келген, жуандап аяқталатын терідегі бөлігін түк баданасы (bulbus pili) деп
атайды. Түк баданасы – түктің теріден өсіп шығатын бөлігі. Сондықтан, түк
баданасындағы
эпидермоциттер
митоз арқылы көбейіп мүйізденіп, түктердің өсуін
қамтамасыз етеді. Түк баданасының төменгі жағында қоректендіргіш қан тамырлары мен
жүйкелерге бай, пішіні емізікшеге ұқсаған борпылдақ дәнекер ұлпалық түк емізікшесі
(papilla pili) болады.
Микроскоппен зертегенде тері түктері бір-бірінен анық ажырап көрінетін үш
қабаттан тұрады. Олар: мүйізделген эпидермоцит қабыршақтарынан тұратын сыртқы тым
жұқа қабықшасы кутикула (лат. cuticula - қабықша), мүйізделген ұзынша келген
эпидермоциттерден құралған ортаңғы қалың қабаты қыртысты қабат және тері түгінің
орталығында жатқан, текше немесе көппішінді жартылай мүйізделген эпидермоциттерден
құралған ішкі қабаты түк өзегі. Кутикула тері түгін химиялық және механикалық
әсерлерден: ылғалдан, жарықтан және т.б. факторлардан қорғайды. Тері түктерінің
беріктігі, иілгіштігі, серпімділігі, созылғыштығы қыртысты қабатқа байланысты. Осы
қабаттағы эпидермоциттерде түктердің түрі-түсін анықтайтын бояғыш пигмент меланин
болады. Түк өзегінің орталығындағы эпидермоциттер цитоплазмасында жұмсақ мүйізді
зат кератогиалин болады. Түк өзегінің шетіне жақындағын сайын, кератогиалин
элеидинге, одан соң қатты мүйізді зат кератинге ауысады.
Терідегі түк түбірі сыртынан
өз кезегінде екі қабаттан тұратын түк
қабымен
немесе түк фолликулымен (folliculus pili) қапталған. Түк фолликулының сыртқы қабаты
– түк қапшығы (capsula pili) қоректендіргіш қан тамырлары мен жүйке ұштарына бай
борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ал түк фолликулының ішкі қабаты түк түбірінің
қынабы (vagina radicis) – эпидермистің
терінің ішіне үңгілене енген жалғасы,
эпидермис сияқты көпқабатты жалпақ эпителийден құралған. Түк фолликулының аталған
қабаттарын бір-бірінен негіздік жарғақ бөліп тұрады.
Түк түбірлері теріде қиғаш орналасады, түктер терінің сыртқы бетіне көлбей өсіп
шығады. Тері түктерінің тік немесе бұйра, қылшық немесе түбіт болмаса жүн болып өсуі –
түк фолликулының қүрылысы мен пішініне байланысты. Бірыңғай салалы ет ұлпасынан
тұратын түк көтергіш ет тері дермасының емізікше қабатынан басталып, түк түбіріне
бекиді. Түк сабақтарының тері бетіндегі тікірейуі осы түк көтергіш еттердің қызметіне
байланысты.
Тері түктері терінің сыртқы бетінде пішіні әр түрлі түк ағындарын (flumen
pilorum) жасайды. Түк ағындарының пішіпі көбіне не сызықша, не дөңгелекше болып
келеді. Ағындардағы түктердің бағыттары сыртқа қарай бағытталса, онда түктердің
дивергентті ағыны, ал олар ішке қарай бағытталса - түктердің конвергентті ағыны деп
аталады.
Жануарлардың тері түктері белгілі-бір мерзімге дейін өсіп жетіліп, сезімтал
түктерден басқалары түлеп отырады. Түлеу кезінде түк баданасының негіздік
қабатындағы митоз арқылы ұдайы көбейіп отырып, түктердің өсуін қамтамасыз ететін
эпидермоциттерге түк баданасы емізікшесіндегі қан тамырлардан тиісті мөлшерде
қоректік заттар жеткізілмейді. Осының нәтижесінді түзгіш эпидермоциттердің көбею
процесі тоқтайды. Түк түбірімен шекаралас жатқан түк баданасының эпидермоциттері
мүйізденіп, түк баданасының тірі эпидермоциттерінен бөлінеді де, одан ажырып, түк
түбірі түк фолликулы өзегі арқылы сыртқа қарай жылжып теріден бөлініп түсіп қалады.
Бұл процесс – түлеу деп аталады. Түлеу кезеңі аяқталған соң, түк баданасы
эпидермоциттеріне түк емізікшесі қан тамырларынан тері түктерінің өсуіне керекті
қоректік зат тиісті мөлшерде келіп, түк баданасы эпидермоциттерінен жаңа түк өсіп
жетіледі. Тері түктерінің түлеуі кейбір жануарларда тұрақты түрде, ал басқаларында жыл
маусымына байланысты жүреді. Жабайы аңдарда маусымдық түлеу айқын байқалады.
Үй жануарларының ішінде маусымдық түлеу итте және сиырда, ал қалған үй
жануарларында - аралас түлеу болады. Төлдердің туғаннан кейінгі тері түктерінің түлеп
түсуін ұландық (ювенальды) түлеу деп аталады. Бұған мысал, құлынның 1 жастан асып,
«жабағы» атанған жасындағы туғандағы тері түктерінің жабағы түріндегі түлеп тастауы.
Тері түктерінің дамуы. Тері түктері эмбриондық кезеңде тері эпидермисінен
дамып жетіледі. Тері түктері дамып жетілетін тері тұстарында эпидермоциттер белсенді
бөлініп көбейіп қалыңдап, астындағы шекаралас мезенхимаға қарай бойлай өсіп,
эпидермис өскіндерін түзеді. Эпидермис өскіндерінің өсу ұштары жуандап, болашақ түк
баданасына айналады. Мезенхима өз кезегінде түк баданасы ішіне үңгілене еніп, түк
емізікшесіне айналады. Түк емізікшесінің қан тамырлары түк баданасының түзгіш
эпидермоциттерін түктің өсуіне қажет қоректік затпен қамтамасыз ете бастайды. Түзгіш
эпидермоциттер көбейіп өсіп мүйізденіп, тері түгіне айналады. Түзілген тері түктері
эпидермис өскіндерінің орталығы арқылы терінің сыртқы бетіне тесіп өтеді де, түк
фолликулының өзегін жасайды. Осы мезгілде эпидермис өскінінің орта тұсынан май
бездерінің бастамалары жетіліп, дами бастайды да, олардың өзектері түк фолликулы
өзектерімен тікелей жалғасып жатады. Эпидермис өскіндерінің эпидермоциттер қабаты өз
кезегінде: сыртқы және ішкі түк түбірі қынаптарына ажырайды. Түк түбірі қынабының
сыртқы жағындағы мезенхимадан түк қапшығы және онымен жалғаса байланысқан түк
көтергіш ет будасы дамып жетіледі.
3 – сұрақ. Тері бездері (glandulae cutis)
. Үй жануарлары терісі бездеріне тері
қабаттарынан дамып жетілетін: май бездері, тер бездері және сүт бездері жатады.
Май бездері (glandulae sebaceae) – құрылысы жағынан қарапайым көпіршікше
(альвеолалы) бездерге жатады. Бұлар тері дермасының емізікше қабатында орналасады.
Май бездері экзокринді бездер ретінде екі бөлімнен: секрет бөлетін соңғы бөлімнен және
шығару өзегінен тұрады. Бездің соңғы бөлімін көпқабатты безді эпителий құрайды.
Май бездерінің шығару өзектері түк қынабының қуысына ашылады. Бездер сыртынан
емізікше қабаттың борпылдақ дәнекер ұлпасымен қоршалып жатады. Бездерді қоршаған
борпылдақ дәнекер үлпасынан негіздік жарғақ бөліп тұрады. Безді жасушалар
(гландулоциттер) эпидермис пен тері түктерін майлап тұратын тері майын ( sebum)
бөледі. Секретті бөліге керекті заттар борыплдақ дәнекер ұлпасындағы қан тамырлары
арқылы жеткізіледі. Бездің негіздік жарғақпен шекаралас жатқан шеткі жағындағы жас
гландулоциттер митоздық бөліну арқылы үздіксіз көбейіп жатады. Олар бездің соңғы
бөлімінің ортасына жақындаған сайын қоймалжың майлы секрет тамшыларына толып,
жасушалар мөлшері жағынан үлкейіп, жасуша ядросы да түрөзгеріске ұшырап, жоғалып
кетеді. Гландулоциттер бездің шығару өзегіне жақындаған сайын майлы секретпен толып
тым үлкейіп барып жарылады да, ішіндегі майлы секрет бездің шығару өзегіне құйылады.
Тері майы голокринді бөліну түрімен бөлінеді, яғни безді жасушалар секрет бөлу
барысында толығымен бұзылады. Май бездері - емшек пен қаңсарлар терілерінде,
майтабанда, тұяқ пен жануарлар мүйіздерінде болмайды.
Тер бездері (glandulae sudoriferae) - құрылысы жағынан қарапайым түтікше бездерге
жатады. Бұлар тері дермасында май бездерінен тереңірек орналасады. Пішіні түтік тәрізді
бездердің қабырғасын бірқабатты текше (куб) тәрізді гландулоциттер құрайды. Бездер
сыртқы жағынан пішіні себетке ұқсас, без қуысы секретке толғаннан кейін, рефлекторлы
түрде жиырылып, терді қысып сыртқа шығару қызметін атқаратын миоэпителий
жасушаларымен қапталған. Терді бөлуге қажетті заттарды бездер, өздерін сыртынан
қоршаған борпылдақ дәнекер ұлпасындағы қан тамырларынан алады. Түкті тері
аймақтарындағы бездердің шығару өзектері түктер қынабына ашылады, ал түксіз тері
аймақтарындағы бездер - сөлін тікелей терінің сыртқы бетіне шығарады. Терді түк
қынабына шығаратын тер бездері – сөлін апокринді бөліну түрімен (гландулоциттердің
апикальды бос ұшы терге толып үзіліп, тер тамшысына айналады, яғни гландулоциттер
жартылай бұзылады), ал шығару өзектері тікелей терінің сырқы бетіне ашылатын
бездердің тер тамшылары мерокринді жолмен бөлінеді, яғни тер гландулоциттерден
сүзіліп шығады да, безді жасушалардың бүтіндігі бұзылмайды. Тер бездерінің секреті –
тер арқылы жануарлар денесінен артық су, тұздар, дәрі-дәрмектер, протеиндік алмасу
өнімдері: несепнәр (мочевина), несеп қышқылдары т.б. организмге керексіз заттар
шығарылады. Сондай-ақ, тер – тері түктері мен эпидермисті сулап ылғалдандырып,
оларды кеуіп қалудан сақтайды. Тер бездері дене қызуын реттеуге қатысады.
Сүт безі (glandulae lactiferae) немесе желін (uber) – сүтқоректі жануарлар
сыныбына (класына) тән тері безі. Желін әр түрлі жануарларда түрлі деңгейде дамып
жетілген. Ол іштөлінде төс пен құрсақтың төменгі бетіндегі теріде, алдыңғы және артқы
аяқтар аралығында бірнеше жұп төмпешіктер ретінде тері эпидермисінен қалыптаса
бастайды. Ал без стромасы – мезенхимадан жетіледі. Жануарлардың түрлеріне
байланысты терінің жұп төбешіктерінен түрлі дәрежедегі желін дамиды. Мысалы, сиырда
төртбөлімді төртемшекті желін, биеде – төртбөлімді екіемшекті желін, қой мен ешкіде
– екібөлімді екіемшекті желін, мегежін мен қаншықта – көпбөлімді желін болып тері
қабаттарынан дамып жетіледі.
Сүт безі – құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Ол
паренхималы мүше ретінде: паренхимадан және стромадан тұрады. Сүт безінің
паренхимасын - безді эпителийден құралған бездің секрет бөлетін соңғы бөлімдері мен
күрделі болып тарамдалған шығару өзектері, ал стромасын – паренхима альвеолалары
мен бөлікшелері аралықтарындағы қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін
дәнекер ұлпалық аралықтар мен сүт безінің қапшығы құрайды.
Желін – сыртынан терімен және оның астындағы екі қабат: беткей және терең
шандырлармен қапталған. Желін емшектері терісінде тері түктері, май және тер бездері
болмайды. Олар жүйке ұштарына тым бай болып келеді. Сүттің бөліну мөлшері мен
құрамы жануарлардың түріне, тұқымына, азықтандыру сапасына тікелей байланысты. Сүт
безінен 1 литр сүт бөліну үшін, желін арқылы кем дегенде 500 литр қан ағып өтуі керек
екен. Құрсақтың төменгі бетіндегі ақ сызықтың (үйектің) бойында желінді ұстап көтеріп
тұратын, терең шандырдың жалғасы екіқабат желіннің көтергіш байламы болады.
Желіннің әр бір бөлімін сыртынан май ұлпасымен аралас жатқан дәнекер ұлпалық
қапшық қаптап жатады. Қаршықтан без ішіне қарай тарамдала енген май ұлпасына бай
дәнекер ұлпалық аралықтар (перделіктер) сүт безі паренхимасын көптеген майда
бөлікшелерге бөледі. Сүт безі бөлікшелері - өз кезегінде орташа есеппен 158 – 226 сүт
көпіршіктерінен (альвеолаларынан), олардың арасындағы шығару өзектерінен және
бұларды байланыстырып, сүт бөлікшелерін құрап тұрған қан және лимфа тамырлары мен
жүйкелерге бай дәнекер ұлпалық аралықтардан құралған.
Сүт тамшыларын сүт көпіршіктерінің (альвеолаларының) қабырғасын құрайтын
бірқабатты текше (куб) тәрізді безді эпителиоциттер (лактоциттер) бөледі. Сүттену
кезінде альвеола қабырғасындағы лактоциттердің биіктігі өсіп, бірқабатты призма тәрізді
эпителийге айналады. Лактоциттерде сүт түзу процесіне қатысатын органеллалар
(гранулалы және агранулалы эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, микротүтікшелер,
микрожіпшелер) жақсы жетілген. Лактоциттердің апикальды ұшы микробүрлермен
жабдықталған. Сүт тамшылары – лактоциттердің альвеола қуысына қараған апикальды
ұшында жинақталады да, лактоциттерден үзіліп түзіледі. Яғни, олар лактоциттер
бүтіндігінің жартылай бұзылуы нәтижесінде апокринді жолмен бөлінеді. Сүт
құрамындағы заттар (казеин протеині, лактоза, май тамшылары, иммундық глобулиндер,
витаминдер, тұздар т.б.) сүт тамшысымен бірге бөлінеді. Сүт альвеолаларының
қабырғалары (бірқаббатты текше тәрізді эпителий) сыртынан пішіні себет тәрізді
миоэпителиоциттермен
қапталған.
Альвеола
қуысы
сүтке
толған
кезде,
миоэпителиоциттер рефлекторлы түрде жиырылып, сүтті сүт көпіршіктерінен шығатын
сүт түтікшелеріне айдайды. Сүт түтікшелері бір-бірімен өзара қосылып, сүт өзекшелерін
құрайды. Сүт түтікшелері мен сүт өзекшелерінің қабырғалары да бірқабатты текше
тәрізді эапителиймен астарланған. Бұлардың қабырғалары да сыртқы жағынан жиырылу
қызметін атқаратын миоэпителиоциттермен шырмала қапталған. Сүт безі бөлікшелерін
– бір-бірімен дәнекер ұлпалық аралықтармен баланысқан сүт көпіршіктері, сүт
түтікшелері және сүт өзекшелері құрайды. Сүт өзекшелерінің кілегейлі қабығы үш
қабаттан: эпителийден, миоэпителиоциттерден және сыртындағы өзіндік тақташадан
(борпылдақ дәнекер ұлпасы) тұрады. Сүт өзекшелері бір-бірімен өзара қосылып, сүт
өзектерін түзеді. Бұлардың қабырғалары бірқабатты призма тәрізді эпителиймен
астарланған. Ал өте ірі сүт өзектерінің қабырғаларын екіқабатты эпителий астарлайды.
Олардың қабырғалары сыртқы жағынан бірыңғай салалы ет ұлпасы қабатымен қапталған.
Сүт өзектері бөлікшелераралық дәнекер ұлпалық аралықтарда орналасады. Сүт
өзектерінің қабырғасы екі қабықтан: үш қабаттан тұратын кілегейлі қабықтан және оның
сыртындағы етті қабықтан (бірыңғай салалы ет ұлпасы) тұрады. Сүт өзектері – желіннің
ірі сүт арналарына (цистерналарына) ашылады. Сүт арналарының ішкі бетіндегі
кілегейлі қабығын екіқаббатты призма тәрізді эпителий астарлайды. Эпителий
қабатының астында борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын өзіндік тақташа болады. Сүт
– сүт арнларына жиналып, емшек өзегі және оның үрпі арқылы сыртқа бөлінеді. Емшек
өзегінің қабырғасын: ішкі - кілегейлі қабық (көпқабатты жалпақ эпителий және өзіндік
тақташа), ортаңғы – етті қабық (төрт қабаттан: ішкі – ұзынша қабат, екінші – сақинаша
қабат, үшінші – аралас қабат, сыртқы – тарам қабат) және сыртқы тері қабығы. Етті
қабықтың сақинаша қабаты - емшек үрпінің қысқыш етінің (сфинктерінің) қызметін
атқарады.
4 – сұрақ. Майтабан (torus pulvinus) – тұяқтың артқы жағында орналасқан тығыз,
серпімді мүйізделген қатты тері туындысы. Майтабан терінің туынды мүшесі ретінде үш
қабаттан: эпидермистен (epidermis toruli), дермадан (corium toruli) және шел
қабатынан (subcutaneum pulvinar) тұрады. Майтабанға тән ерекшеліктер: 1.
Майтабанды сыртынан қалың мүйізді қабат қаптайды. 2. Шел қабатының борпылдақ
дәнекер ұлпасында май ұлпасы мен талшықты дәнекер ұлпасы көп мөлшерде жинақталып,
майтабан жастығын құрайды. Жылқыда – майтабан жастығында майтабан
шеміршектері (cartilago pulvini) болады. Майтабан бақай сүйектерімен (тұсамыс, топай,
тұяқ сүйектері) берік байламдармен байланысқан. Шеміршектер майтабан жастығын екі
қапталынан қоршап, біртұтас берік серпімді мүшені құрайды. 3. Майтабан аяқтың сезім
мүшесі (сезімтал жүйке ұштарына бай).
Орналасу орындарына байланысты: алдыңғы аяқта – тізе майтабаны (torus
Достарыңызбен бөлісу: |